Алтын Бейімбетқызы: Қарыз алдың-қайғы алдың

2017 Жыл 11 айдың 24 күні

Бүгінде уайымы жоқтың бірі мойнында қарызы жоқ адам болса керек. Әйтсе де, адамның күні адаммен деген. Басында несиесі жоқ адамның қарасы азайып барады.

Неге? Аймағымыз бойынша он бес жастан жоғары еңбек жасын құрайтындардың тізімі 73958 адамға жетеді. Бұл демографиялық өсімнің жартысына жуығы еңбекке жарамды. Осылай есептесек, Баян-Өлгий аймағында шамамен 25300 азаматтың банкке берешегі бар. Береген қол бәріне жақсы. Әсіресе, қарызға ақша беретін банктен асқан беделді ұйым кездеспейді.

Алайда, алмақтың да салмағы барын қаперге қашан аламыз. Банк белгілі сомада несие ұсынса, қосымша пайызымен бірге өндіріп алатыны анық. Дер кезінде қосымша пайызына мән бермегеннің салдары қаншама. Жоқтан тапқан қарызды жылдық пайызымен қоса есептесеңіз бірақ ақшаның шеті шығады. Бизнестің құпия коэффициенттеріне қанығу түгілі тегін олжа көргендей қауқалақтаймыз. Банк кепілге ақша бермес бұрын мүлікпен санасады. Одан әрісін айтқанда несие үшін басыңызды бәй тігесіз.

Сондықтан қарызданбас алдында келісімшартқа ойша көз жіберіп, келешек өміріңіздегі залалына барлау жасасаңыз құба құп. Мұны банк қызметкерлері ежіктеп айта бермеуі мүмкін.

Банктің бірінші ойлайтыны бас пайдасы болмақ. Атап айтқанда, аймағымыз көлемінде халыққа қызмет көрсететін алты банктің жылдық табысы 537,469,000 төгрөгті құрап отыр. Ал, банкке елдің беретін несиесінің мөлшері 130,777,000 төгрөг. Салыстырмалы түрде банктың көздегені көп. Өткен жылға қарағанда, банкке қайтарылмаған қарыз соманың көлемі 17,9 пайыз артқа екен. Әйткенмен, банктер ақшаны бекер алақанға салмайды.

Келісім бойынша еңбекақы мен зейнетақының тиын-тебені банктің есепшотына сатырлап түсіп жатуы бек мүмкін. Оны айтпағанда, басыңыздағы баспана тұрағыңыз бен астыңыздағы көлігіңіз тіпті қолыңыздағы бағалы телефоныңызға дейін банктің меншігіне өткенін бағамдамай типыл болудың азабы қаншама.

Алайда қарызға бола қысылып қымтырылудың сөкеті жоқ. Қазір тұрақты қызмет істейтін екінің бірінің басында қарыз кездеседі.

Атап өтсек аймағымыздағы 6561 адам ай-сайын еңбекақысының ауқымын банктегі қарызына құяды. Зейнеткерлердің өзі қараптан қарап қарыз ақша алуды әдетке айналдырған.

Мамандардың дерегі бойынша 8634 зейнеткердің кітапшасы банкте қаздай тізулі тұр. Соңғы кезде елімізде қарызданатындардың қатарына малшылар да қосылыпты. Біздің аймақта 3356 малшының банкте қарызы бар. Олар дайын ақшаның қажеті керек болғанда, бірден банкке жүгіретін көрінеді.

Қадіріңді білгің келсе, көршіңнен қарыз сұрап көр. Біреуге біреудің артығын беріп, сенім артатын заманы емес. Қарызды айтпай-ақ, көпе-көрнеу бәсекелескен уақыттың құлына айналдық.

Содан болар, зәулім-зәулім сарай салып, бақ таластырған күнге жеттік. Қаржы саласындағылардың айтуынша 1030 тұрғын ипотека бойынша несие алған. Сол бойынша тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын болыпты. Қалтадағы жиған-терген ақшамен құрастырған баспана мен банктің несиесіне салынған құтты үйдің ырысы жермен көктей емес пе. Қалай десекте, қолда дайын ақша болмаса, шаруа да оңалмайды. Амалсыз банкке несиенің кезегіне тұру керек болады.

Еліміздегі банктердің қарызға ұстанатын пайызы жоғары. Ақша құнсыз. Зат қымбат. Өйткені инфляция тәуелділік мәжбүр етті. Ал, қарыздың бастапқы пайызына қанша қосады банктердің құзырында болмақ.

Мәселен, зейнетақы жылына 19,2 пайызбен қарызға беріледі. Банктер еңбек ақыны жылына 19 пайыз үстеме ақы қосып несиеге таратады екен. Басқа да қарыздың пайызын әр банк әр түрлі бағада ұсынады. Банктердегі қарыздың пайызын тұрақтандыру «Монгол банк»-тің құзырында емес. Сондықтан екінші банктерде бастапқы баға сақталынбайды.

Жалпы елімізде қарыздың пайызы жоғары. Алайда, қарыз алатындардың қарасы да азайған емес.

Таяуда тұрақты тұрмыс деңгейі бойынша жиырма екі пайыз кедейшілік құрайтындығын анықтапты. Сол тізімнің анықтамасы банктің несиесін де еңгізіпті.

Бір сөзбен айтқанда, жетіскен адам банктен қарыз алмайды. Ал банк тұтынушылардың бетінен қақпайды. Бәсекелестік заңы банктердің арасында баршылық. Содан болар, банктер мәліметтерін сыртқа шығармайды.

Қарыздың өзі күліп келеді. Алайда қайтарымы оңай емес...

Алтын Бейімбет



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0