Шетелдік режиссерлер тағы бір бүркітші қыз туралы фильм түсірмек

2017 Жыл 11 айдың 21 күні

KAZNEWS - Баян-Өлгий аймағының Алтай ауылында өткен бүркітшілер фестивалін шетелден көптеген туристер келіп тамашалаған. Олардың арасында Сингапурлық режиссерлер келген болатын. Олар фестивальда төртінші орынға иеленген Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсірмек.

Айгерім Әскерқызы Алтай ауылдың жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбында оқиды. Сегіз жасында әкесімен бірге құсбегілік өнерге үйренген.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын АҚШ режиссерлері бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы деректі фильм түсіріп, әлемге танымал еткен.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0