Бангкок ең көп туристер қабылдаған қала атанды

2017 Жыл 11 айдың 21 күні

KAZNEWS - Халықаралық қаржы фирмасы Mastercard тарапынан жарияланған 2017 жаһандық қалалар индексінде биыл ең көп шетелдік туристті тартқан алғашқы 30 қаланы белгіледі.

2017 жылы ең көп шет елдік турист қабылдаған қала ретінде Тайланд астанасы Бангкок танылып отыр. Бангкок биыл 19,4 миллион  шетелдік турист қабылдаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21,4 млн болатын. Репортта өткен жылы ең көп турист күтіп алған 30 қаланың тізімін екі жыл қатарынан Тайландтың астанасы Бангкок бірінші орынды иеленіп келеді.

9 жылдан бері жарияланған рапорт жалпы халықаралық турист саны, шекарадан өтулері, туристтердің қалада жұмсаған ақшалары және жолаушы санындағы өзгерістер назарға алына отырып дайындалуда.

Одан кейін ретімен Ұлыбританияның астанасы Лондон, Францияның астанасы Париж, Біріккен Араб Әмірліктерінің ең үлкен қаласы Дубай және Азияның қала мемлекеті Сингапур, АҚШ-тан Нью-Йорк, Оңтүстік Корея астанасы Сөул, Малайзия астанасы Куала-Лумпур, Жапония астанасы Токио, Түркия астанасы Истамбул еніп отыр.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0