Галбадрах Отгонцэцэг IJF рейтингісінде көш бастады

2017 Жыл 11 айдың 21 күні

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Гаагада өткен әлемдік «Grand Prix» турнирінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IJF ережесіне сәйкес, әлемдік «Grand Prix» кезеңінде бірінші орын алған дзюдошыға 700 ұпай, екінші орынға 490 ұпай, үшінші орынға 350 ұпай беріледі. Жаңартылған рейтингке Қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік 4 880 ұпаймен рейтингте бірінші орынға көтерілді.

Екінші орында моңғолиялық дзюдошы Уранцэцэг Мөнхбат (4710 ұпай), үшінші орынға сербиялық Мелиса Николич (3793 ұпай) тұрақтаған.

Естеріңізге сала кетсек, 17 қараша күні Гаагадағы әлемдік «Grand Prix» турнирінде Галбадрах Отгонцэцэг 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміске қол жеткізген болатын.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0