Мұрат Алмасбекұлы: БУРА ДОҢҒЫЛ

2017 Жыл 11 айдың 21 күні

БУРА ДОҢҒЫЛ
Сексеуіл мен тораңғыны баяу шайқаған биязы жел құм төбенің басындағы әлдебір қурайды әлсіз сыңсытып тұр. Шабдар аттың тізгінін ердің алдыңғы қасынан асыра тастаған Әден қанжығадағы тері торсықта жүріп әбден шайқалған суық шұбатты түшіркене жұтты. Мойны бұйралана тершіп, сауыры мен бауыры бусанған жүйрік шабдар да «аз жортқам жоқ» дегендей пысқырып жіберді. Үзеңгіге шіреген оң аяқтың басына бүлдіргеден ілген қара сойыл да «жау қайдалап» андағайлаған қалпынан жуасып, добалдай басы жұқа қар жамылған құмға көміле тоқтапты. Қою шұбат тоғайтып, көзі нұрлана қалған жылқышы ендігі жорықтың құр ат сабылту боларын долбарлады. Ізден адасып қалғанына ызаланғандай қос қабаттап бүктеген тобылғы сапты қамшысымен етігінің қонышына «тарс» еткізіп бір ұрды. Сосын оқыс қылықтан ыта жөнелген шабдардың тізгінін қымти ұстаған күйі айналасына шола қараған.

Мақаланы ары қарай оқу үшін сілтемеге басыңыз.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0