Аталар аманаты тарихи драмасы көрерменге жол тартады

2017 Жыл 11 айдың 13 күні

KAZNEWS - 15 қараша күні 19:00 сағатта, 16, 17, 18 қараша күндері 15:00 сағатта М.Құрманхан атындағы Музыкалық драма театрында жазушы, тарих ғылымдарының докторы Ислам Қабышұлының «Аталар аманаты» тарихи драмасының қойылымы өтеді.

«Аталар аманаты» драмасы жөнінде М.Құрманхан атындағы Музыкалық драма театрының басшысы Асылбек Бәделханұлы былай дейді:

Тарихшы моңғолия жеріне 1887 жылы қоныстанғанын айтады. Олай болса, қазақ халқының Моңғолия жеріне қоныстануына 150 жыл толып отыр. Осы мерей тойға арнап және театрымыздың 61 жылғы қысқы мезгілдік ашылуына орай доктор, Моңғолия мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ислам Қабышұлының «Аталар аманаты» драмасын саханаға қоймақпыз.

Қазақтардың Моңғолияға біржолата қоныстану үшін қандай қадам жасағанын, қандай қиындықтарды бастан кешкенін бұл драмадан көруге болады. Жылқышы, Көбеш және өзге ел ағаларының рөлін театрымыздың актерлері сомдаған. Сондай-ақ аталар аманаты қандай еді дегенді бұл драмадан білуге болады. 

Драма 1980 жылы Баян-Өлгий аймағының орануының 40 жылдық мерей тойына орай алғаш рет саханаға қойылған болса, 37 жылдан кейін қайтадан көрерменге жол тартпақ. Бұл ретте Моңғолия Білім және мәдениет министрлігі тарапынан 19,0 млн төгрөгтің қолдауы көрсетілгенін айта кеткеніміз жөн болар.

Драма көркемдік жетекшісі Өсерхан Рахым, Ислам қабышұлы, Музыкасын өңдеген Мусайып мырза. Театр толық құрамда өнер көрсетеді.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0