Моңғолия-Сингапур 4:2: Жансерік Маратханұлы хет-трик жасады

2017 Жыл 11 айдың 09 күні

KAZNEWS - Футболдан 19 жасқа дейінгі Моңғолия жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатының іріктеу турнирінің I тобының соңғы кезеңі аясындағы соңғы матчын Улаанбаатарда Сингапур командасына қарсы өткізді.

Кездесу 4:2 есебімен Моңғолия құрамасының пайдасына аяқталды. Біздің құрама сапынан 9 –шы нөмерде өнер көрсететін Жансерік Маратханұлы 3 гол соғып хет-трик жасады.

Голдар: М,Жансерік, Айыптама добы және 53, 87 минуттарында; Г.Ганбаяр 90+1

Дегенмен де бұл жеңіс Моңғолия құрамасын келесі кезеңге алып шықпады. Өйткені, бұған дейін олар Жапония құрамасы (0:7) мен Тайландтан (2:5) жеңіліп қалған еді. 

Жансерік Маратханұлы 1999 жылы туған. «Дэрэн» клубында жартылай қорғаушы ретінде өнер көрсетеді. 17 жасында моңғолия құрамасына шақырылған. 2016 жылы моңғолия құрамасындағы ең жас футболшы атанған.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0