Алматылық 10 жастағы қыз украиналықтарды даусымен таңқалдырды

2017 Жыл 11 айдың 08 күні

Данэлия Төлешова Украинадағы байқауға қатысты. Жобаның төртінші кезеңінде Монатик, «Времия и Стекло» тобы және Наталья Могилевская әділқазы болды.

Бірнеше кастингтен өткен Данэлия қазылардың көз салмай, дауысын тыңдау арқылы ғана таңдайтын кезеңінде Дэми Ловатоның «Stone Cold» әнін орындаған. Қыз ән сала бастаған сәттен-ақ барлық әділқазы қызға бұрылған. Ал жиналған көреремендер шулап қоя берді.

Видео: kaz.tengrinews.kz

Қазылардың бірі Наталья Могилевская Данэлияның орындауын бұл байқаудың тарихындағы ең үздік деп атап өтті.

«Ғажайып дауыс, керемет. Бұл видео әлем бойынша сан рет қаралатын болады. Жүз пайызға сенімдімін. Сен қай командаға барсаң да, осы байқауға келуіңнің өзі бізге абырой», - деп атап өтті Наталья Могилевская.

«Сіздің Монатиктің командасына түсем деген арманыңыз болса екен деп өзім арман-қиялға беріліп отырмын. Сіз олай армандасаңыз мен үшін үлкен бақыт болар еді», - дейді Данэлия Төлешоваға Монатиктің өзі.

Көп ойланбастан Данэлия байқауды дәл осы әншінің командасының құрамында жалғастыруға шешім қабылдады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0