Джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған Жиенхан Сувателұлы туралы білесіз бе? 

2017 Жыл 11 айдың 08 күні

Джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған Жиенхан Сувателұлы туралы білесіз бе? Жиенхан Сувателұлы Жапония астанасы Токиода джиу-джитсудың IBJJF желісі бойынша өткен Азия чемпионатында -100 келі салмақта жеңімпаз атанғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жиенхан Сувателұлы 1982 жылы Хэнтий аймағының Бэрх қаласында туып өскен.

Қазір Дорноговь аймағының Еркін күрес федерациясының төрағасы қызметін атқаруда.

Жиенхан Сувателұлы өзінің спорттық тарихы жөнінде былай дейді:

Мен алғаш 16 жасымда күреспен шұғылдана бастадым. 2001 жылы Бэрх қаласының тойында жеңімпаз атанып «сұмындық піл», 2003 жылы Дорноговь аймағының тойында «аймақтық лашын», 2011 жылы Хэнтий аймағының тойында «аймақтық піл» атағын алдым. Көп жылғы еңбектің нәтижесі 2016 жылы Дорноговь аймағының мемлекеттік тойында орындалып, барлық қарсыластарымды жеңіп  «аймақтық арыстан» атағын алған болатынмын. Мамандығым есепші. Улаанбаатар қаласында Ауыл шаруашылық университетін тәмамдадым.

Әкем Сувател Баян-Өлгий аймағының Сагсай сұмынының тумасы болады. Хэнтийге қоныс аударып Бэрх шахтасында бұрғылаушы болып еңбек еткен. Мемлекетіміздің дамуына ат басындай сүбелі үлес қосқан шахташы қазақтардың бірі деп айтуға болады.

Жиенхан Сувателұлы самбо, дзюдо, моңғол күресі және джиу-джитсумен айналысады. 2001, 2002 жылдары Самбо күресінен ел біріншілігінің күміс, қола жүлдегері, 2016, 2017 жылдары джиу-джитсуден ел біріншілігінің чемпионы, 2016 жылғы әлем чемпионатында 8-ші орын иеленген. 2016 және 2017 жылғы дзюдо күресінің мастерс турнирінен қола жүлде алған. 

Алға қойған мақсаты джиу-джитсудан өтетін 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысу. Сол үшін аянбай еңбек ететінін айтады.

«Деректерге сүйенсек Баян-Өлгий аймағының тойынан өзге аймақтардағы тойда жеңімпаз атанған қазақтар санаулы ғана. Уикипедиада көрсетілгендей 1938 жылы Хобда аймағының тойында мемлекеттік лашын Қожағапан Белденбайұлы екінші орын, 1976 жылы Орхон аймағының тойында Бердіқан Солтанұлы бірінші орын, 1985 жылы Увс аймағының тойында Қажымұқан Қожабайұлы бірінші, Бердіқан Солтанұлы екінші орын иеленген екен.  Ал енді, Жиенхан осы тізімді жалғап отыр.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
Мурат 
/ 2017-11-08 23:55:15 /
Жақсы
Барбол 
/ 2017-11-08 20:42:52 /
Ен алгашхы Ө.Дампил арслан 1937 жылы Ховд аймагынан түрүүлген а жане тагы Бердихан хурц арслан Эрдэнэт аймгийн анхны наадамдаа түрүүлген.