М.Жолдасбеков: Рамазаннан кейінгі қазақтың әнін асқақтатып айтатын - ӨЗГЕРІС ШЕРІКБАЙ (Видео)

2017 Жыл 11 айдың 08 күні

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағынан келген Өзгеріс Шерікбай «Мен қазақпын» жобасында бесінші болып өнер көрсетті. Бұл туралы Kaztrk.kz хабарлап отыр.

Алдыңғы айналымда ол Жарылғапбердінің «Шама» туындысын орындап, көпшіліктің көңілінен шыққан болатын.

Жеребе тарту кезінде Өзгеріске батыс өңірі Мұхит Мерәліұлының «Айнамкөз» әні бұйырды. Қазылар алқасының тарапынан оның орындаушылық шеберлігіне жоғары баға берілді.

Толғанбай Сембаев: - Өзгерістің бүгінгі кереметтігі әнге сіңіп кетпей, оны өзіне сіңдіріп айтқаны. Өзіңнің қазақилығың көрінді. Жаныңның дірілі «Айнамкөзге» өң берді.

Мырзатай Жолдасбеков: - Көзімізге жарқ ете қалған таланттың бірі осы Өзгеріс. Біз жерден алтын тапқандай қуанғанбыз. Қазылар алқасы Өзгеріс сияқты баладан көз жазып қалмауы керек. Рамазаннан кейінгі осы қазақтың әнін ту етіп көтеріп, жерге түсірмей, алақанына салып әлпештеп, асқақтатып айтатын әнші осы Өзгеріс болама деп ойлаймын. Бұл жолы біз Өзгерістің бағын байламаймыз.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0