Моңғолияның ет өнімдерін Ресейге экспорттауға жақсы мүмкіндік туады

2017 Жыл 11 айдың 07 күні

KAZNEWS - Моңғолия-Ресей бизнес форумында Моңғолияның ет, ет өнімдері, жүн, түбіт, тері және былғары өнімдерін Ресейге мол мөлшерде экспорттауға мүмкіндік бар. Сондықтан кәсіпкерлер өзара тиімді болу үшін тарифтік және бейтарифтік реттеу шараларын қолға алып, ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылауда.

Форумға қатысуға Ресей тарапынан Алтай өлкесінің Сауда палатасының басшысы бастаған сегіз компания өкілдері келген. Олар үш күн бойы отандық кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты арттырудың жаңа жолдарын іздейді.
Моңғолия тарапынан «Цагааннуур» еркін зонасы таныстырылды. Моңғолияның батыс өлкесінің қарқынды дамуының бір негізі бола алатын «Цагааннуур» еркін зонасы халықаралық сауда және транзиттік өңірлік хаб ретінде қалыптасуы маңызды болмақ.  Сондай-ақ, «Цагааннуур» еркін зонасының жаңа бас жоспары әзірленген. Сауда, логистикалық орталық құру, табиғи газ өңдеу, пластмасса және полиэтиленнен жасалатын құрылыс материалдары өндірісі, импортталған мұнай өнімдерін өңдеу заводын салуды қатарлы жобаларды іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, еркін зонада ет және ет өнімдерін өндіру, ет сақтау қоймасы, консервілер өндіретін шағын өндірістер салуды да бас жоспарда көрсеткен. Алтай өлкесі Баян-Өлгий аймағымен шекараласатындықтан екі жақты кәсіпкерлердің ынтымақтастығын нығайтуға зор мүмкіндік туындап отырғанын мамандар атап өтті.

Ал, Алтай өлкесінен келген кәсіпкерлер шырғанақ шырыны, шырғанақ майы, электр қуаты, жылу, ыстық және суық судың автомат узельдері, темір жол тасымалы, ауыл шаруашылық техникалары,  астық, күріш, ұн және мал азығы қатарлы бағыттарда өз өнімдерін таныстырады.

Моңғолияның Сауда палатасының Бас хатшысы Э.Оюунтэгш-тің Монцамэ агенттігіне берген сұхбатында, Бүгінгі кездесу екі жақты ынтымақтастықты нығайтудағы жаңа жолдары жөнінде пікір алмасу, бизнестік қарым-қатынас орнатып, көлемін кеңейтуге жол ашып отыр. Форум аясында «Цагааннуур» еркін зонасының қазіргі жайы, экспорт, импорт мүмкіндіктері баяндалды. Алтай өлкесінің ұн өнімдерімен Ресейге әйгілі «Алейка» ұн өндірісінің таныстыруы жүріледі. Биыл елімізде ауа-райы салдарынан астық жинау науқаны жоспарланған межеге жете алған жоқ. Сондықтан Ресейден 200 мыңға жуық тонна бидай алуға келісім жасалып отыр. Бұл келісім бойынша бидай импорттауға квот алған біздің компаниялармен Ресей жағы байланыс орнатады.

Ал, Алтай өлкесі бізден тері, жүн, түбіт, ет және ет өнімдерін алуға ниет білдіріп отыр. Екі елдің Үкіметтік деңгейінде кедендік кедергілерді азайтуға, ветериналық қызметіндегі мәселелерді бір жақты етуге тараптар ұсыныс білдірмек.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0