Дональд Трамп: Солтүстік Корея өркениетті әлемге төнген қауіп

2017 Жыл 11 айдың 07 күні

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяны «өркениетті әлемге төнген қауіп» деп жариялады.

Сонымен қатар, ол Пхеньянның Америкаға немесе оның одақтастарына қатер төндіргеніне қарап тұра алмайтынын ескертті. Мұндай мәлімдемені ол бүгін Токиода Жапония премьер-министрі Шинзо Абэмен кездесуде жасады.

Трамп Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тарттыру үшін әскердің күшіне де жүгінуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның бұл сөзіне Абэ қолдау білдірді. Кездесу барысында екі лидер Солтүстік Кореяда ондаған адамға жаңа санкция жариялады.

Естеріңізге салсақ, Солтүстік Кореяның сынаған зымырандары Жапонияның үстінен бірнеше рет ұшып өтті.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0