Ресей қазақ әліпбиін латынға көшіруге қатысты мәлімдеме жасады

2017 Жыл 11 айдың 01 күні

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы қазақ әліпбиін латынға көшіруге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап. Бұл мәселе туралы Ресей СІМ басшысының орынбасары Григорий Карасин мәлімдеген.

"Меніңше, бұл жағдайда да біздің ұстанымымыз байсалды, айналып келгенде бұл Қазақстанның ішкі мәселесі - қандай тілдердің қандай деңгейде қолданылатыны", - деді Карасин.

Ол бұл мәселеге қатысты айрықша проблеманың жоқ екенін айтып отыр. "Біздің екіжақты қарым-қатынасымызды бейімдеудің, орыс тілін латынға қатысты жаңа жағдайда қалай бейімдеудің амалдарын табатынымызға сенімдімін", - деді ресейлік дипломат.

Мұның алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойған еді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0