Doing Business: Моңғолия 62-орында тұр

2017 Жыл 11 айдың 01 күні

KAZNEWS - Моңғолия Дүниежүзілік банктің бизнес жасауға қолайлылықты анықтайтын Doing Business 2018 рейтингінде 1.27 индекспен көтеріліп, 190 елден 62-орынға шықты. 

Дүниежүзілік банктің "Doing Business 2018: Equal Opportunity for all" деп аталатын есебінде Бруней, Дарусалам, Тайландия, Малавия, Косово, Үндістан, Өзбекстан, Замбия, Нигерия, Джибоути және Эл-Салвадор  2016-2017 жылдары бизнеске қолайлы жағдай туғызуда үлкен жетістіктерге жеткен он ел қатарына кіргені айтылады.

Бизнеске ең қолайлы елдер тізімін биыл Жаңа Зеландия бастаған. Екінші орындағы Сингапур бұған дейін он жыл бойы тізімнің басында болған еді. Алғашқы ондыққа сонымен қатар Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг,  АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Грузия және Швеция кірген.

Өзге елдерден Жапония 34, Ресей 35, Қазақстан 36,  ҚХР 78 орында тұр. Рейтингте барлығы 190 мемлекеттің көрсеткіші сараланған.

Doing Business есебінде мемлекеттердің азаматтардың бизнесті ашып, жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауы мен кедергі келтіруі, сыртқы сауда жүргізу қызметі, салық төлемдері, инвесторлар мүддесін қорғау деңгейіне қатысты 190 көрсеткіші талданған.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0