Әке фильмі: Бақат Сайынмұратұлы орындаған саундтрек видеосы желіде талқыланып жатыр

2017 Жыл 10 айдың 26 күні

KAZNEWS - Қазақстандық «Әке» атты фильмі моңғолияның 25-ші каналында көрсетілді.  Бұл фильмнің моңғол тілінде көрсетілуіне байланысты  Бақат Сайынмұратұлы орындаған саундтрек видеосы желіде талқыланып жатыр. "Әке арманы" әнін моңғол тіліне ақын жазушы Сұлтан Тәукейұлы аударған.

Туындының қоюшы режиссері Асқар Ұзабаев. Басты рөлдерде белгілі актерлер Азат Сейтіметов, Жұлдыз Әнуарова, Әлихан Байсұлтан ойнаған

Жарынан айырылған жалғыз басты әке қызы мен ұлын ертіп, ауылдан Алматыға көшіп келеді.

Балаларының болашағына алаңдаған ол қалада жақсы жұмысқа орналасып, үлкен мүмкіндіктер мен бақытты өмірге қол жеткізуге болады деп сенеді.

Қатарынан кем қылмай оқытып, олардың үлкен өмірге дұрыс қадам басуына көмектескісі келеді. Бірақ, балалары қала өміріне бейімделе қоймайды. Әкелері өзіне оңтайлы жұмыс іздеп, көп қиналады.

Өмірдің қадам басқан сайын алдыңнан шыға келетін сан түрлі қиындықтарына шыдас беруге әкенің күші жете ме?

Балаларының өзіне деген кіршіксіз махаббаты мен сенімін кері қайтару жолында қандай тәуекелдерге барады? Телехикая осы оқиғалар төңірегінде өрбиді.

Туынды 12 бөлімнен тұрады.

 

Бұдан өзге әндері, Ана туралы жыр



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 2
Индра 
/ 2017-10-26 13:19:08 /
Bravo👍👏 mongol khalhy kalai kabyldady korermenderi kop boldy ma?
Индра 
/ 2017-10-26 13:19:07 /
Bravo👍👏 mongol khalhy kalai kabyldady korermenderi kop boldy ma?