Серікбол Сьезханұлы: ОП-ОҢАЙ НАН ҚАЙДА?.

2017 Жыл 10 айдың 17 күні

Кітаптан оқыдым. ОП-ОҢАЙ НАН ҚАЙДА.

"Ақша жоқ" -дей бергенмен ештеңе өнбейді, оданда ақшалы болуы үшін кішкене бір әрекет жасап көр. "Қараңғыны қараңғы деп сөккенше, қолдан келсе бір майшамды жақсайшы"-деген бар. Сондықтан "ақша жоқ" деп көз жасыңды төккенше, тәуекел деп теріңді төк.

10 теңгені 20 теңге ету мен 1000 теңгені 2000 теңге етудің бейнеті шамалас, 1-іншсінде 10 теңге пайда қылсаң, 2-шісінде, тым болмаса 500 теңге пайда қыласың. Айналымда жүрген ақшаңды басқа нәрсеге жұмсама, әсіресе бастапқы кезде. "Енді байып келе жатқан адамнан қарыз сұрама",-деген қазақта сөз бар. Ол бизнесін енді жолға қойып келе жатқан адам, есі болса қарыз сұрағаныңмен бермейді, көңілің қалады, -дегені.

Бастарың қосылғанда біріңді-бірің жамандап, теріс пиғыл таратып күнәкар болғанша нәпақаны айт деген Құранда. Нәпақаны табудың жолы-саудаға икемділік. Сауда- күніге сауылатын сиыр. Егіншілік пен айналыссаң да, табысың арту үшін сауда керек. Бүгінде тауар өндіруге 30 пайыз бейнет кетсе, оны лайықты сатуға 70 пайыз бейнет кетеді.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 1
Seku 
/ 2017-10-17 23:24:56 /
Жастарға керек нәрсе ғой