Нұрбол Ханағат: Мен кеше дәстүрмен өскен бала едім. Бүгінде өркениеттің адамына айналдым!

2017 Жыл 10 айдың 17 күні

Сонау жайлаудағы әр бір үйдің төрінде осындай прәміктер бар еді. Қырық жыл болсада дыбысы зор, нық естілетін. Істемей қалғанда ұрып қоятынды. Күнде кешкісін сағат тоғызда "Өлгейдің хабары" басталатын. Музыкасы қандай керемет десеші.
"Сөйлеп тұрған Баян-Өлгей аймағының қазақ радиосы" деп басталатын еді. Әсіресе "Базарда баға қандай?" дегенде тышш деп елең ете қалатын. Сондағы керегі түбіттің бір килосы малдың терісі және ұн мен шайдың бағасы. Баға тұрақты, керісінше сатып алынатын шикі заттың бағасын қымбатырақ естігенде ее деп миығыңнан қуана бір күліп қоятын.


Хабардың соңында қайтыс болған ағайындарды жариялайтын. Бай-Өлкенің барлық жұрты алыс жақындағы ағайындарының қазасын осы радиодан еститін. Тіпті жерілейтін күніне дейін айтатын. Қазақтың уақытында бет көрісу, топырақ салысу деген ырымын осы хабар негіздеп жариялайтын.
Бұл хабар әліде өз уақытында сайрап тұр.

Күнде таңертең Шинжиан қазақ радиосы роман оқитын. Теледидар жоқ сол романи кино сияқты елестейтін. Бүгінгі сериялдар тәрізді бөліп бөліп оқитынды. Содан кітап оқуға құлшынысымды оятты.

 

Қазір бәрі басқаша. Басқаша әлем.

Мен кеше дәстүрмен өскен бала едім. Бүгінде өркениеттің адамына айналдым.
#БайӨлке
Photo Kanat Tasybekov



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0