Қытайдағы танымал шыны көпір

2017 Жыл 10 айдың 10 күні

Қытайдағы 1180 метр биіктікте орналасұан танымал шыны көпір туристердің астында "шытынай" бастаған. Видео YouTube хостингінде жарияланды. Кадрлардан турист жүріп өткен жерде шытынаған дауыс естіледі. Ер адам тізерлеп отыра қалып, айғайлай бастайды. Осы сәтте оған қарама-қарсы тағы бір адам сабырмен ғана жүре береді.


Шыны көпірдің шытынай бастағаны түсірілген видеодан кейін Шығыс Тайханшан округінің әкімшілігі "шытынады" деген шыны көпірдің бірнеше бөлігінде орналасқан арнайы эффектілер екенін түсіндірді. Сөйтсек, бұл арнайы эффектілер туристердің назарын аудару үшін арнайы жасалыпты. "Көпірдің конструкциясы өте берік. 430 метрлік көпір 99 үшқабатты шыны жабындысынан жасалған және 800 адамның салмағын көтере алады", - деп жазады "Звезда" телеарнасы.  Еске салайық, шыныдан жасалған әлемдегі ең ұзын көпір 2016 жылдың 20 тамызында ашылған. Жаяу жүргіншіге арналған көпір Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы тау құздарын жалғайды. Бұл жерде әйгілі "Аватар" фильмі түсірілген.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0