Нұрлан Қуанышбайұлы: Баян-Өлгий аймағында бейнелеу өнерін дамытуға зор мүмкіндік бар

2017 Жыл 09 айдың 27 күні

KAZNEWS - Бүгін Өлгий қаласының орталық алаңында Білім, мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен дизайн, технология пәнінің ұзтаздары салған суреттерінен көрме өтті.

Көрме бейнелеу өнері және қол өнері сынды екі бағытты қамтыды. Шебер ұстаздардың көрмеге қойылған шығармалары табиғаттың әсемдігін, қазақи болмысты, дала пейзажы сынды тақырыптарды бейнелеу өнерімен ұтымды жеткізген.

Дэлүүн сұмыны Орта мектебінен көрмеге қатысушы ұстаз Нұрлан Қуанышбайұлы

Кәсіби адамдар болмаса бейнелеу өнерінің маңыздылығын халық әліде түсінбей жатқан жайттар бар. Арықарай мұны халық ішіне әкімшіліктің қолдауымен насихаттайтын болса бұл өнерге деген жаңаша көз қарас қалыптасады деген ойдамын. Көлемін кеңейтіп, өзге өңірлерге ұйымдастырса жақсы іс болар еді.

Бір жылдай дайындықпен келгенбіз. Қоржынымыз да мол.

Моңғолияда бұрын шығармаларымыз жарыққа шыға бермеген. Жер шалғайлығына байланысты орталыққа танымал болмаған десек болады. Соңғы кезде жақсы дамып келеді. Біздің мектептің ұстазы Солтаншәріп Дөненбайұлы жақында АҚШ-та өткен көрмеге қатысып келді. Жалпы айтқанда Баян-Өлгий аймағында бейнелеу өнерін дамытуға зор мүмкіндік бар.

Әлеуметтік желі арқылы насихатталып жатса қуанамыз.

Білім, мәдениет басқармасының маманы, көрме ұйымдастырушы Нұргүл Зархумқызы:

Аталмыш көрмеге аймағымыздың 12 сұмынынан технология пәнінің ұстаздары өздерінің шығармаларын алып келді. Аймағымызда бұл пәннен сабақ беретін 90-ға жуық мұғалім бар. Бұл көрмеге 80 пайызы келіп қатысты.

Айта кетейін, Бір мұғалімнің қоржынында 10 шығарма бар деп ойласақ, бұл көрменің қаншалықты деңгейде өткенін білуге болады. 

Халыққа бейнелеу өнерін насихаттау арқылы елдің мәдени дамуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0