Мен қазақпын мега жобасы: Тілеубек Мұсаұлына дауыс берейік

2017 Жыл 09 айдың 25 күні

KAZNEWS - «Мен қазақпын» мегажобасына Баян-Өлгей аймағынан қатысып жатқан  Тілеубек Мұсаұлы сыбызғыда өнерін паш етті. 

«Қазақ болып келдім өмірге, қазақ болып кету арманым». Бұл Тілеубек Мұсаұлының ұстанымы.

«Көрерменнің әрбір қошеметінен бақытқа бөленемін», - дейді сыбызғыны серік еткен күйші. Ол жобада «Ертістің толқыны» халық күйін орындап, үлкен қошеметке ие болды. Қазылар мүшелері Мырзатай Жолдасбеков шеберлігіне риза болдым десе, Бағдат Естемес «Моңғолия елінде тұрып осы аспапты сақтап қалуға  құлшынып жатқаныңа рахмет», - деді.

Айта кетейік, «Мен қазақпын» жобасының әр шығарылымында дәстүрлі ән, күй, терме жанрлары бойынша әр бағдарлама сайын 7 өнерпаз бақ сынайды.

Сайыс соңында қазылар алқасы топтан оза шапқан жүйріктерге дауыс беру арқылы келесі айналымға жолдама береді.

Дауыс беру http://vote.kaztrk.kz/menqazaqpyn сайтында басталғандықтан оқырман қауым Баян-Өлгей аймағынан сынға түсіп жатқан жерлесіміз Тілеубек Мұсаұлына дауыс беріп, келесі айналымға өтуіне ат салысайық.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0