Суретке түсіру есте сақтау қабілетіне қалай әсер етеді?

2017 Жыл 09 айдың 23 күні

Біз өміріміздегі қызықты сәттерді естелік ретінде сақтап қалу үшін суретке түсіреміз. Бірақ, сол суреттер біздің есте сақтау қабілетімізге қалай әсер ететіні белгісіз.

Фэрфилд университетінің психология  профессоры Линда Хенкель (Linda Henkel) фотосуреттердің қабылдауымыз бен зейінімізге қалай әсер ететінін зерттеу мақсатында тәжірибе жүргізеді. Ол үшін өзінің студенттерін университеттің мәдени мұражайына экскурсияға жібереді. Студенттеріне белгілі бір мұраны фотоға түсіруді тапсырады, ал екіншісін тек қарап шығуға рұқсат етеді.

Келесі күні Хенкель студентері көрген заттарды қалай есте сақтағанын тексерді. Нәтижесінде суретке түсірілген мұралардың бөліктері адам есінде сақталмайды.

Егер кадрға өзіміз енсек, онда есте сақтау мүмкіндігіміз азая түседі.

Кейін Хенкель тағы бір тәжірибе жүргізеді. Бұл жолы студенттерге суретке заттармен бірге өздері түсу жүктеледі. Кейін студент суретке қаарп, есте нені сақтап қалғандарын айтады.

Қорытынды бойынша, егер сіз өзіңіз кадрда болсаңыз, сіз сол сәттегі сезімдердің барлығын жоғалтасыз. Өзіңізге өзгеше көзқараспен қарай бастайсыз. Ал ,егер суретте болмасаңыз, бірінші жақ арқылы суретке назар аударасыз. Нәтижесінде сіз көп нәрсені есте сақтайсыз.  Өткен нәрсе туралы естеліктерді жақсы есте сақтау үшін оны үлкен өлшемде (крупный план) суретке түсіру керек. Сол кезде ол туралы мәліметтер санаңызда жақсы сақталады. 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0