#Dotard - Ким Жон Ун Трампке алжыған шал деп тіл тигізді

2017 Жыл 09 айдың 23 күні

KAZNEWS - АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидерін «есуас» деп атап, оған түсіне кірмеген зобалаңға душар болатынын ескерткен болатын.

Ал, Ким Жон Ун өз атынан мәлімдеме жариялап, Трампты «алжыған шал» деп атаған болатын. Күнделікті қолданыста кездеспейтін алжыған шал – Dotard сөзі әлеуметтік желіде талқыға түсіп жатыр. Кейбір америкалықтар бұл сөзді сөздіктен іздеп көргеннен кейін «Шынында біздің президентке дәл келетін сөз екен» деп мазаққа айналдырып жатты.

Твиттер желісінде тренд сөздер тізімінде #dotard көш бастап тұр. Қазірдің өзінде бұл сөздің қолдануы 70,000-нан асып отыр.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0