Трамп Солтүстік Кореяны толықтай жойып жібергісі келетінін айтты

2017 Жыл 09 айдың 21 күні

АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР АҚШ-қа қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз», — деді Трамп.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты.  Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді.

«Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған демократиямен жасырып отыр»,— деді Трамп.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0