Қырғызстан Қазақстанға наразылық нотасын жолдады

2017 Жыл 09 айдың 21 күні

KAZNEWS — 19 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Омурбек Бабановпен кездесуінен кейін Қырғызстан СІМ наразылық нотасын жолдады. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының ішкі саясат ведомствасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстан Республикасы Сырты істер министрлігінің есептеуінше, Назарбаев Қырғызстан халқының таңдауына әсер етпек болды.

«Министрлік ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенттігіне кандидат Омурбек Бабановпен кездесуде оған алда болатын сайлауға қолдау көрсеткеніне қатысты өз наразылықтарын білдіреді. Қазақстан президенті Қырғызстанның ішкі істеріне араласпаймын десе де, ол өз сөзі арқылы Қырғызстан Республикасының болашақ президенті ретінде Қазақстанға қолайлы үміткерді таңдауға ықпалын тигізбек болды», — деп жазылған олардың наразылық хатында.

Қазақстан Президенті кандидат Омурбек Бабановпен кездесуінде, екіжақты серіктестікті кеңейтудің маңыздылығы мен алдағы уақытта елдер арасындағы байланысты нығайтуды талқылады.

«Біз қырғыз халқы сенім артатын жаңа президентпен де бұрынғыдай белсенді екі жақты қарым қатынаста боламыз», — деген болатын Назарбаев Омурбек Бабановқа.

Мөлдір Иманмәди, 7kun.kz

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0