Моңғолияның ең бай 10 адамы

2017 Жыл 09 айдың 20 күні

KAZNEWS – Жақында шетелдік michitimes.com сайты 2017 жылғы Моңғолияның ең бай 10 адамы туралы ақпаратты жария етті.

Сайттың хабарлауынша, Моңғолия кеңестік қоғамнан нарық экономикасына ауысқан кезде мүлік теңсіздігінен әлеуметтік теңсіздік өршіп, нарықтың дауылына төтеп бере алмау салдарынан бүгінгі күндері бай мен кедейдің арасы жермен көктей болып отыр.

Сол кезде бағалы қағаздардың қадірін білетін біраз азаматтар пайдасын көрген. Олар бүгін Моңғолияның ең бай адамдары атанып, байлығы миллиард доллармен бағалануда.

10 – Эрдэнэбилэг Должин – $700 000 000

«Trade Devolopment Bank», «Улаанбаатар банк» директорлар кеңесінің төрағасы Д.Эрдэнэбилэг моңғолияның таукен өнеркәсібіндегі ең ірі өндірісі болып табылатын «Эрдэнэт» -тің акциясының 49 пайызын сатып алып халыққа танылып үлгерген. Соңғы ақпараттарға жүгінсек банк қаржы, темір, цемент және тау кен саласын уысында ұстап тұр. Баспасөз беттерінде ашыққа шыға бермейтін бұл азаматтың иелік ететін байлығы әліде құпия деп көреді.

 

9 – Батхүү Гаваа – $700 000 000

Моңғолия парламентінің мүшесі Г.Батхүү 1991 жылы «Шунхлай» компаниясының негізін қалап, кейін «АПУ» компаниясын жеке меншікке алған. 2004-2016 жылдары Парламент мүшесі, министр қатарлы лауазымды қызметтер атқарған.

 

8 – Болдбаатар Цэрэнпунцаг – $800 000 000

Ұялы байланыс магнаты «Мобиком» компаниясының директоры Ц.Болдбаатар құрылыс, таукен, жылжымайтын мүлік, қаржы сервистері, ұялы байланыс, энергетика және әуе тасымалы қатарлы көптеген салада белгілі кәсіпкер ретінде танылған. Оның байлыққа қол жеткізуіне жапониялықтардың қолдауы болды деп есептейді. Изинис Эйрвэйз, Мобиком корпорациясында және Ньюком компаниясының белгілі көлемдегі акцияларын иемденуі байлардың қатарына еңуіне себеп болған.

 

7 – Баатарсайхан Цагаач – $800 000 000

Бұл тізімнің 7-ші орынына тұрақтаған Ц.Баатарсайхан «Таван богд групп» -тың директоры, Говь АҚ ең ірі акционері екен.

 

6 – Болд Лувсанвандан – $800 000 000

Парламент мүшесі, кәсіпкер Л.Болд «Бодь» компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Ол 1996 жылы саясатқа бет бұрып Парламентке сайланған. Бірақ 2000 жылғы сайлауда жеңіліс тапқан соң бизнеске қайта оралған. 2004 жылы мемлекеттік қызмет атқарып тұрып, 2008, 2012, 2016 жылдары Парламентке қайта сайланған.

 

5 – Батболд Сүхбаатар – $1 000 000 000

Моңғолияның Премьер министрі болған С.Батболд 1992 жылы «Алтай трейдинг» компаниясын құрып, 2000 жылы саясатқа араласқан. 2004 жылы Парламентке сайланып 2009 жылы Моңғолияның Премьер министрі қызметіне тағайындалып жұмыстаған. Ал, 2012 жылға Парламент сайлауында оның бастаған Моңғол Халық партиясы жеңіліске ұшырағандықтан, партия басшысы мен премьер министр қызметінен босаған. Қазір Парламент мүшесі.

 

4 – Нямтайшир Бямбаа – $1 400 000 000

«МАК» яғни Моңғолия Алтыны корпорациясының президенті Б.Нямтайшир 1990 жылы «Одод» компаниясын, 1993 жылы «МАК» компаниясын құрған.  Моңғолияда бірнеше алтын кеніштерін иемденеді.

 

3 – Баттулга Халтмаа – $1 600 000 000

Моңғолия Президенті Х.Баттулга 1990 жылы «Женко» компаниясын құрып, «Баянгол», «Мах Импекс» компаниясының белгілі акциясын иемденген. 2004-2016 жылдары Парламент мүшесі қызметін атқарып, 2017 жылы Моңғолия Президентінің сайлауында жеңіске жетіп, ел тізгінін қолына ұстап отыр.

 

2 – Чинбат Лхагва – $1 900 000 000

 «Гацуурт» компаниясының директоры Л.Чинбат моңғолияның ең бай адамдарының қатарында болғанымен өзгелер сияқты амбицияға беріліп ашыққа шыға бермейтін кәсіпкер. Алғашқы бизнесін алтын кеніштерінен бастаған. Сол кезде байлыққа кенелген соң егін шаруашылығымен шұғылдана бастаған. Қазіргі таңда моңғолияның ішкі нарығын ұн және ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

 

1 – Оджаргал Жамбалжамц – $2 600 000 000

Ең бай моңғолиялық деп «MCS» группының президенті Ж.Оджаргал танылды.

Ж.Оджаргалдың елде байланыс және коммуникация, азық түлік, кашмер, жылжымайтын мүлік, таукен игеру саласында 54 компаниясы жұмыс жасайды.  «MCS» группінде 7000 ға жуық қызметкер бар. Central Tower, Шангри-ла қатарлы ғимараттар Ж.Оджаргал есімімен байланысты.

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0