Футбол: Баян-Өлгий құрамасы Орхонмен негізгі уақытта тең ойнап, пенальтиде ұтылып қалды

2017 Жыл 08 айдың 22 күні

KAZNEWS - Футболдан «Ұлттық кубок 2017» турниріне Баян-Өлгий аймағының құрама командасы да қатысып жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Бүгін, Ширек финалда Баян-Өлгий аймағының құрама командасы Орхон аймағының құрама командасымен ойын өткізіп, негізгі уақытты 2:2 есебімен тең аяқтап, матч жеңімпазы пенальти бойынша анықталды. Бұл туралы KazNews AA тілшісіне Футболдан Баян-Өлгий аймағының құрама командасының жартылай қорғаушысы Ерик Бақытханұлы хабарлап отыр.

 

Ерик Бақытханұлы: Негізгі уақытта Есбол қақпаға екі гол соғып есепті теңестірген болатын. Бірақ, Пенальтиде 1:3 голы бойынша жеңіліп қалдық. Дегенмен, Баян-Өлгий құрамасы бұған дейін моңғолияның «Ұлттық кубок 2017» турнирінде іріктеу кезеңнен асып көрмеген болатын. Аймақтық Футбол федерациясы құрылып, соңғы 2-3 жылда аймақтық құрама команда және  футболшыларымыз жақсарып келеді. Футболға жастарымыздың қызығушылығы артып келеді. Бұл жолғы ойындарға өкпеміз жоқ, келер жылға үлкен үміт артып отырмыз. Орхон аймағымен теңесіп ойнау біздің футболшыларымыздың қандай деңгейде екенін көрсетті. Өйткені олар да футбол бізден бұрын дамыған. Құрама команданың жаттықтырушысы болып Айбек Бақытұлы жұмыстады, - деді.

 

Сонымен қатар, турнир кезінде ойыншыларымыздың жатар орыны мен тамағына қаражат жетіспегенін айта кетті. Қандай бір жетістіктің артында үлкен қолдау тұратынын барлығымыз білеміз.

 

              Сондықтан, Аймақтың абыройын асқақтатып жүрген спортшыларымызға жан-жақты қолдау керек

 



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0