Ұлттық кубок 2017: Баян-Өлгий финалдық ойындарға жолдама алды

2017 Жыл 08 айдың 22 күні

KAZNEWS - Орхон аймағында футболдан «Ұлттық кубок 2017» турнирінің іріктеу кезеңдері өтті, деп хабарлайды Баян-Өлгий аймағының футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Жарысқа елімізден 18 аймақтан жасақталған құрама командалар қатысты.

Баян-Өлгий аймағының футбол командасы алғашқы кездесуін тамыздың 17 күні Завхан аймағымен қарсы өткізіп 14:00 есебімен жеңіске жеткен болса, 18 тамыз күні Төв аймағымен 2:2 тең ойнап, 20 тамызда Дорнод аймағынан 0:1 ұпайымен ұтылып қалды. Осылай іріктеу кезеңінде D тобынан екінші болып финалдық ойындарға жолдама алды.

Бүгін шешуші кезеңде Баян-Өлгий аймағының аяқдопшылары Орхон аймағымен кездеседі.

Баян-Өлгий аймағының футбол федерациясының төрағасы Амантай Шәмшиұлы, Футболдан Баян-Өлгий аймағының құрама командасы алғаш рет өз тарихындағы жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр. Бұл аймағымызда футболды дамытуға болатынын көрсетіп отыр. Футболшыларымызға финалдық ойындарында тек ғана сәттілік тілейміз.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0