С.Толқын: Улаанбаатарда бірде-бір үлкен қазақ асханасы-ресторан жоқ

2017 Жыл 08 айдың 18 күні

БЛОГ - С.Толқын @To Ti

Өзбектер, Өзбектееер, Өзбектееееер!

Улаанбаатарда 30.000 дай қазақ бар, бірде-бір үлкен қазақ асханасы- ресторан жоқ. Ал бұл қалада бар жоғы үш ақ өзбек бар. Үлкен үш өзбек асханасы, рестораны бар. Атап айтар болсам, Энхтайван көпіріндегі Ташкент рестораны, Е март сауда орталығындағы Чайхана лоунж-пав, Жуковтағы Шашлыкхана. Бүгін Жуковтағы Ресей дүкеніне барып қайтып бара жатыр ем шашлыктың иісі мұрын жарды. Сонымен шашлык жеуге барсам ешбір адам жоқ, кауап пысырып тұрған жігіттен басқа. Ол да жаңадан ғана отын жағып бастап жатқаны сол екен. Шашлыкқа тапсырыс бердім. Жей бастағаным сол еді артымнан адамдар келе бастады да он үстелі де толып қалды адамдарға. Шашлыкты бітіріп, кетерінде ақша төлейін десем өзбек жігіт, "Сіз ақша төлемей ақ қойыңыз. Бүгін бұлтты болып ешкім шашлыкханаға кірмеді. Сіз келіп едіңіз артыңыздан көп адам келді. Қараңызшы тоғыз үстелге адам шақырдыңыз. Сізге жазғы демалысқа біздің асханамыздан сыйлық деді. Міне керемет. Бизнесмаркетинг, осыдан кейін қалай өзбек асханасын мақтамайсың. Бұл жерде әңгіме менің тегін шашлык жегенім емес, өзбектердің әрбір кірген адамға дейін ерекше назар аударып ескере білетіні екен. 


Парадокс. Кімнің асханасы мықты, сол елдің мәдениеті мықты. Узбекский кухня секілді КАЗАХСКИЙ КУХНЯ деген Улаанбаатарда жоқ. Ал халал стандартымен жұмыстайтын араб, түрік кухнясын қазақ рестораны деп есепке ала алмаймын, иесі қазақ болса да. Улаанбаатарда дәл Rumi, Madeni, Жеті қазына секілді тұрақты, дәмді асы бар бір қазақ ресторан ашылса Қазақстаннан екі есе пайда табатынына күмән келтірмеймін. Бастысы өзбектердікінен кем емес дәмді асхана болуы керек. Адамдарды мен мұндалап шықырып тұратын) Мұндағы қазақтар Бесбармақ, қуырдақ, жаппа нан секілді ұлттық астарды күнде жеп жүрмеген соң біздікілер арабтар мен түріктердің xалал асxанасын қазақ асxанасына балап жүр әйтеуір малды аллакбар деп сойған деп.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0