Өскемен мен Өлгий туыстас қалалар болмақ

2017 Жыл 08 айдың 16 күні

Даниал Ахметов Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы губернаторы Ғылымхан Айпұлымен кездесті. Бұл тупалы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қос тарап білім беру, туризм және бизнес салаларында өзара тиімді серіктестік орнату жайында әңгіме қозғады. Моңғолиялық деллегация Өскемен мен Өлгийді туыстас қалалар ету ниетімен бөлісті. 

Кездесу шеңберінде Баян-Өлий аймағының басшысы аймақтарының туристік әлеуеті, онда жыл сайын өтіп тұратын халықаралық бүркітшілер фестивалі туралы сөз қозғап, бұл жарқын іс-шара шығысқазақстандықтардың да қызығушылығын оятуы мүмкін деген ойымен бөлісті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Баян-Өлгий аймағының орталығы Өлгийдегі көшелердің біріне Өскемен немесе Шығыс Қазақстан атауын беру туралы да ұсыныс білдірілді.

– Туыстас қалалар болу туралы ұсыныстарыңызды қолдаймын, Өскемен қаласы әкіміне осы бағыттағы жұмыстарды тездеп қолға алуды тапсырамын, - деді Даниал Ахметов.

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы мен Баян-Өлгей аймағы арасында серікестік туралы меморандумға қол қойылды.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0