ҚР-ның ЖОО-ның дайындық курстарына қабылдауға сынақ өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

2017 Жыл 08 айдың 11 күні

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі 15-18 тамыз аралығында Налайх қаласы, Ховда аймағының Ховд сұмыны және Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласында Моңғолияда мектеп бітірген түлектер үшін қазақстандық жоғары оқу орындарының 1 жылдық дайындық курсына сынақ жүргізілетінін хабарлайды.

Аталған сынақтан өткен талапкерлер Қазақстанда тегін оқу (1 жылдық) және жатақханамен қамтамасыз етіледі.

Сынақ алу орны мен өтетін жері туралы мәлімет төмендегідей:

- Налайх қаласындағы Қазақ мәдени орталығы – 15 тамызда сағат 14.00-де;

- Ховд сұмыны – 17 тамыз, сағат 10.00 – де;

- Өлгий қаласы – 18 тамыз, сағат 10.00 – де. Қабылданатын бала саны жағынан шектеу жоқ.

Тиісті мәлімет қажет болған жағдайда Налайх қаласы бойынша (99244894 Төлегетай), Өлгий қаласы әкімшілігі, Шарынқол, Дархан қалалары бойынша (99093599 Ермұрат), Ховд аймағы Ховд сұмынының әкімшілігіне және ҚР Моңғолиядағы Елшілігіне (88000675) хабарласуға болады.

 

Аталған мәселеде Елшілікке қолдау көрсетіп отырған Улаанбаатардағы Баян-Өлгий аймағының «Жерлестер алқасы» ұйымына, Налайх қаласының Қазақ мәдени орталығына, Баян-Өлгий аймағы басшылығы мен басқа да азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Мәліметті мүмкіндігінше бөлісіп, кеңінен таралуына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0