АЙШОЛПАН Азияның беделді сыйлығына ие болды

2017 Жыл 08 айдың 10 күні

KAZNEWS - 8 тамызда Asia Society Азия және әлемнің дамуына үлес қосқандарға табысталатын Asia Game Changer Awards 2017 сыйлығы иегерлерінің атын атады. Бұл сыйлық қараша айының 1-і күні Нью-Иорк қаласында табыс етіледі, - деп хабарлайды asiasociety.org,

Asia Society төрт жыл бұрынғы Changer Awards Азия ойындарындағы дәстүрді жалғастыра отырып, көрнекті адамдармен, ұйымдармен ынтымақтасып жұмыс істегенін мақтан тұтады.

Биыл награда Ауғанстандағы өз әндерінде ерте некеге қарсы наразылық білдіретін және әйелдердің құқықтары үшін күресіп жүрген жас рэпер Sonita-ға берілді. 

Сондай-ақ, сыйлық Қытайдың кей ең күрделі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблемаларын шешетін әлемдегі ірі мобильдік байланыс компаниясының бас директорына; әлеммен Үндістанды біріктіретін голливуд жұлдызына, өз елінің ормандарын қорғау үшін өз өмірін арнаған экологқа берілді. Наградаға ұсынылғандардың ішінде бүркітші бойжеткен ретінде күллі әлемге танымал моңғолиялық Айшолпан да бар. 

Айшолпан Нұрғайыпқызы жас шағында жендерлік тосқауылды еңсергені үшін беделді наградаға ие болды.

Айшолпанның айтуынша, ол өзінің өмір салты арқылы барша әлемдегі бойжеткендер мен әйелдерді жігерлендіргені үшін бақытты. Қазір моңғолияда қыздардың көпшілігі бүркітші болғысы келеді. Айшолпан жас қыздар қайда тұрмасын,  күдікке, сынға, қалыптасқан жендерлік нормаларға қарсы тұра алады деген үмітте. Олар өз әрекеттерін жалғастырып, батыл болулары тиіс, - деді ол.

«Бала кезімнен бүркітпен аң аулауға қызығып өстім. Бұл жағынан менімен ер балалар арасында ешқандай айырмашылық көрмеймін», - деген.

Лауреаттарды Asia Society жаһандық желісінің мүшелері тағайындап, сайлайды.

Photo: asiasociety.org



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0