ҮШ дзюдошысы Азербайжанға кетті

2017 Жыл 08 айдың 02 күні

KAZNEWS - Моңғолиялық Э.Базаррагчаа (48 келі), П.Буянхишиг (52 келі), Б.Ичинхорлоо (57 келі) қатарлы дзюдошылар Азербайжанға кетті. Азербайжан Республикасының дзюдо федерациясымен келісімге келген дзюдошылар алдағы уақыттарда азербайжан елінің атынан жарыстарға қатысады.

Азербайжанға аттанған спортшылар арасынан Э.Базаррагчаа Ислам елдері арасында өткен спартакиада алтын медаль иеленіп үлгерген. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін моңғолияның дзюдо федерациясымен Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы арасындағы меморандумға сәйкес  48 келідегі Отгонцэцэг  Галбадрах Қазақстан Республикасының намысын қорғап жүр.

Енді, Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатында 48 келіде салмақ дәрежесінде үш бірдей моңғол қызының өнерін тамашалаймыз. Моңғолиядан М.Уранцэцэг, қазақстаннан Г.Отгонцэцэг, азербайжаннан Э.Базаррагчаа татамиге шығады.

 

22 мамырда шығарылған рейтингте қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3280 ұпаймен көш бастап тұр. Екатеринбургтегі «Grand Slam» турнирінде І орын алған жапониялық Ами Конда 3231 ұпаймен екінші орында тұрса, үздік үштікті моңғолиялық Уранцэцэг Мөнхбат 3122 ұпаймен қорытындылап тұр.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0