Алғашқы моңғолиялық толықметражды мультфильм прокатқа шығады

2017 Жыл 07 айдың 30 күні

KAZNEWS - Алғашқы моңғолиялық толықмедражды анимациялық «Мора» 3D мультфилімінің тұсаукесері келесі айда өтеді, деп хабарлады Амжилт студиясының баспасөз қызметінен.

Мультфильм 1 сағат 15 минутқа жалғасады. Режиссері Жаргалсайханы Шижир. Амжилт студиясы мультфильмді жасау үшін екі жыл бойы жұмыс істеген.

«Мора» анимациялық фильмінде Улаанбаатар қаласының бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі баяндалады. Картинада өзінен басқаны ұнатпайтын, әрі сыйламайтын Тэргэл есімді жігіт «Мора» деп аталатын ұшатын робот жасап шығады. Бірақ шебердің ойлап тапқан жүйесіне қызғанған Томоо өзінің арам ойын іске асыруды көздеп жүйені ұрлап кетеді.

Тэргэл, Шүрээ есімді қызға ғашық болғанымен «Мора» жүйесі істен шығып, ғашығы із-түзсіз жоғалып кетеді. Уақыт өте барлық мәселенің шешімін тауып жасаған роботы мен ғашық жарын қалай құтқаратыны бейнеленген.

Фильмнің соундтрекін Хишигдалай мен Баярцэнгэл орындаған.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0