Ресей АҚШ-тың санкция салуына қалай жауап берді?

2017 Жыл 07 айдың 30 күні

Ресей және Еуропа Америка Құрама штаттарының санкциялар туралы заң жобасын сынады.

Ресейліктер америкалық заң шығарушылардың Мәскеуге қарсы қабылдаған жаңа санкциялары туралы ойларын айтты.

Кремль АҚШ президенті Дональд Трамптың бұл шешімі саясаттағы жағдайды жеңілдетпейді дейді.

Еуропалық одақ та АҚШ-тың шешіміне қарсы. ЕО бұл  заң ұйым елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін әлсіретуі мүмкін деп сескенеді.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: “Өкілдер палатасы қабылдаған жаңа заң жобасы – Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың дұрысталуына кедергі болады”. Біз мұндай әрекеттер жауапсыз қалмайтынын он мәрте қайталадық, – деп ескертті.

АҚШ-та қабылданған заң жобасы Иран мен Солтүстік Кореяға да жаңа санкциялар енгізуді қарастырады. Құжатты Өкілдер палатасы 25 шілдеде қабылдады.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: “АҚШ-тың аталған заң жобасын қабылдауы – “Ресей-АҚШ қарым-қатынасын дамыту тұрғысынан алғанда, өте өкінішті хабар”,- деп хабарлады.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0