Apple компаниясы 5G желісін сынақтан өткізеді

2017 Жыл 07 айдың 30 күні

KAZNEWS - АҚШ Apple компаниясына 5G желісін сынауға рұқсат берді. Бұған дейін америкалық ұялы байланыстағы Sprint, T-Mobile, AT&T, Verizon қатарлы компаниялар 2019-2020 жылдары аталмыш желіні іске қосуды көздеп отыр.

Facebook, Google, Samsung қатарлы алпауыттар бұл технологияны әзірге тексеріп, сынақтан өткізіп жатыр. Кешігіп бастаса да Apple 2018 жылдың тамыз айына дейін 5G желісін жетілдіру үшін сынақтан өткізе береді.

Мамандардың айтуынша, желі іске қосылса тұтынушылар аз уақыт ішінде жоғары жылдамдықпен, көлемді мәліметтерді жібере алады. Бір сөзбен айтқанда, 1 секундта 12GB –тық мәліметті интернеттен жүктеуге мүмкіндік туғызбақ. Міне, компаниялар осындай желіні құруды мақсат етіп отыр.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0