Билл Гейтстің оқушыларға берген 11 АҚЫЛЫ

2017 Жыл 07 айдың 30 күні

KAZNEWS - Әлемге әйгілі миллардер Билл Гейтс оқушыларға мектепте үйретпейтін 11 ақыл жайлы айтып берді.

 

1.     Өмір әділетсіз бұнымен келісуің керек.

2.     Өмірде сені ешкім аямайды. Өзіңе деген құрметіңді ешкім ескермейді. Бірақ, сенің атақ абыройыңды бағалау үшін сенен қандай бір үлкен жетістіктер талап етеді.

3.     Мектеп бітіре салып 1,000,000 төгрөгтің жалақысын алуыңыз екіталай. «Еңбек сіңірмесең» ешқашан табысқа жете алмайсың.

4.     Жалпы сен, ұстазыңды қатал, талап қойғыш деп ойласаң болашақ бастығыңмен танысуыңды кейінге қалдырғаның жөн. Себебі ұстаздан айырмашылығы бастағыңыздың жетістігі саған берген тапсырманың қалай орындалуына тікелей байланысты, сол арқылы болашағыңыз айқындалады.

5.     Базарда сауда сатуды өзіңнің абыройыңнан төмен деп ойлама. Ата-анаң кез келген жұмысты, мұндай жұмысты да тамаша мүмкіндік деп қабылдап үйренген.

6.     Жеке сәтсіздіктерге байланысты ата-анаңды кінәлауға болмайды. Дұрысы, сол қателіктерге қарап жақсы шешім шығарып үйрену керек.

7.     Сенің дүниеге келмес бұрын әке-шешең күнделікті көріп жүргеніңдей жабырқаңқы, көңілсіз емес болатын. Олар сені балалық шағын уайым-қайғысыз  өткізсін деп күні-түні аянбай еңбек етіп келген. Енді, олар үшін өзіңе бір қарауың керек.

8.      Сендердің мектептерің  үздіктер мен нашарларды бөліп жармайды. Кейбір мектепте нашар баға алатын оқушы тіпті жоқ. Қанша болса сонша рет сынақ тапсыруға болады. Бірақ, шынайы өмірде мүлдем олай емес... Шынайы өмірде сен жалғыз рет сынақ тапсырасың. Бұған келісуің керек.

9.      Алдағы өмірлерің семестрлерге, демалыс күндерге  деп бөлінбейді.

10.  Шынайы өмірді теледидардан көретін уайымсыз өмірмен шатыстырудың қажеті жоқ. Шынайы өмірде адамдар уақыттарын ресторанда емес жұмыс орынында өткізеді.

11.  Көзілдірік таққан «оқымыстылармен» жақсы қарым-қатынаста бол. Дәл солардың бірі болашақта бастығыңыз болуы мүмкін.



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0