Футболдан жастар арасында лига ойындары өтуде

2017 Жыл 07 айдың 24 күні

KAZNEWS - Өлгий қаласында алғаш рет футболдан жастар арасында лига ойындары өтіп жатыр. Шілденің 2 – сі күні басталған лига ойындары тамыздың 2 күні аяқталады. Бұл туралы Өлгий лига ойындарының ұйымдастырушыларының бірі Мустафа Жұқанұлы хабарлап отыр.

 

Мустафа Жұқанұлының айтуынша: "Бұл жарысты аймақтық Футбол федерациясы, Өлгий лига жастары бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Мақсаты жастарды спортпен шұғылдануға қызықтыру, футболды насихаттау, сондай-ақ аймағымызда аталмыш спортты дамыту болып табылады." - дейді.

Жарысқа тоғыз команда жасақталып, жасыл алаңда 200 ге жуық футболшы өнер көрсетіп жүр.

Қазақстаннан төреші келген. Сонымен қатар, Өлгий қаласынан төрелік етіп жатқан жастарымызда бар. Жұма күндері үзіліс. Жұмыс күндері күніне екі матч өткізіледі. Ал, сенбі және жексенбі күндері күніне төрт матч өткізіліп отыр.

Бүгінге дейінгі нәтижені төменгі кестеден көре аласыздар.

 

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тобы бұл жарысты жыл сайын ұйымдастырып тұруды жоспарлауда. Командалар өзара ойыншы алмасуы лиганың ережелеріне сай болады деп отыр.

Бұл жарыста көзге түскен спортшылар іріктеліп еліміздің «Ұлттық лигасы» ойындарында аймағымыздың абыройын қорғайтын болады.

Бір өкініштісі, мемлекет тарапынан қолдау жеткіліксіз екенін жеткізіп отыр. 

Алдағы ойындар кестесі



пікір қалдыру
АНХААРУУЛГА: Уншигчдын бичсэн сэтгэгдэлд www.kaznews.mn хариуцлага хүлээхгүй болно. Манай сайт ХХЗХ-ны журмын дагуу зүй зохисгүй зарим үг, хэллэгийг хязгаарласан тул Та сэтгэгдэл бичихдээ бусдын эрх ашгийг хүндэтгэн үзнэ үү.
ПІКІРЛЕР: 0