Connect with us

Моңғолияда

Моңғолия Президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Published

on

22 наурыз, KAZNEWS. Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Президент құттықтауында: 

“Наурыз мейрамы құтты болсын!

Қаһарлы қыстың суық күндерін артқа тастап, көктемнің жайма шуақ күнімен қауышып жатқан қуанышты сәтте Моңғол Елінің түпкір түпкірінде өмір сүретін барлық қазақ аға бауырларды Наурыз мерекесімен қызу құттықтаймын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассмблеясының 2010 жылғы мәжілісі “Халықаралық наурыз күні“ дүние жүзілік денгейде белгілеп тойлау туралы шешім қабылдаған. Наурыз барша адамзаттың ортақ мәдениеті, рухани мұрасы.

Ана тілін, мәдениетін, әдет ғұрыпын ғасырлар бойы сол қалпында сақтап басқаға үлгі болып келе жатқан Моңғолия қазақтары арасынан дүние жүзіне еліміздің атын шығарған, әлемге танымал еңбек майталмандары, мемлекеттік және мәдениет, өнер саласының қайраткерлері, ғалымдар көптеп туып шыққаны бәрімізге мақтаныш.

Қазақ халқының ата бабадан жалғасып келе жатқан мақтан тұтар тарихын, еңбек жолын қазақ жастары алдағы уақытта жалғастырып Отанымыздың гүлденіп өркендеуіне қомақты үлес қосады дегенге кәміл сенемін.

Барша қазақ халқы домбырасын қалықтатып, айтыс ән мен күйін шарықтатып, ауыл аймақ ақсақал қарттарға құрмет көрсетіп, бала шаға отбастарыңызбен түгел аман есен болуларыңызды тілеймін.

Аспан көктің серісі алып қыран тағдырлас асыл Қазақ халқының ісі үнемі ілгері жүріп бақ бақыты тасқындай берсін.” – деді.

Моңғолияда

26 қараша Моңғолияда Республика күні

Published

on

25 қараша, KAZNEWS – 1924 жылғы 26 қарашада Моңғолияның тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде “Моңғол Халық Республикасы” атауымен орнаған және алғашқы конституциясы қабылданған.

Моңғолияда жыл сайын бұл мейрамды 26 қарашада атап өтеді. Елде бұл күні халыққа демалыс беріледі.

 

Continue Reading

Моңғолияда

Мемлекеттік тіркеу басқармасы ашық есік күндігін ұйымдастырды

Published

on

23 қараша, KAZNEWS.  Аймақтық Мемлекеттік тіркеу басқармасы ашық есік күндігін ұйымдастырды. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Ашық есік күндігі мемлекеттік туға тағзым етуден басталды.

Басқарма басшысы Т.Заманбек бұл саланың жетістіктері, қызметтері және Э-үкімет қызметтерін көрсететін e-mongolia.mn  платформасы туралы баяндама жасады.

Аймақ әкімінің Іс басқармасының басшысы Мұхамед Болайұлы мен Заң бөлімінің бас маманы Тианах Өмірханұлы құттықтау жолдап, бөлім қызметкерлеріне сәттілік тілеп, аймақ тарапынан кейбіп қызметкерлерді марапаттады.

Ашық есік күндігі кезінде жаңа туған сәбилерін тіркеген ата-аналарға, некеге отырған жас жұбайларға куәліктерін салтанатты түрде табыстады.

Continue Reading

Моңғолияда

Ғабит Базарұлы бизнес форумда инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Published

on

22 қараша, KAZNEWS. Mongol Valley компаниясының директоры Ғабит Базарұлы Моңғолия-БАЭ бизнес форумында инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл туралы Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Моңғолия мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту мақсатында Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық даму агенттігі, Моңғолия Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасы және БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталарының қауымдастығы бірлескен «Моңғолия-БАӘ бизнес форумы» ұйымдастырылды.

Форумға Моңғолиядан 40, БАӘ-ден 30 кәсіпкер қатысты.

Моңғолия Ұлттық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Т.Дүүрэн қатысушыларды Моңғолия Үкіметі жүзеге асыратын 100 жобамен, қызметтің экономикалық ауқымымен және жеке кәсіпкерлер жүзеге асыратын 20 инвестициялық жобамен таныстырды.

Форумның екінші бөлімі ақпараттық технологиялар және коммуникация тақырыбына арналып, саладағы компаниялар халықаралық нарыққа шығуға қызығушылық танытты.

«Mongol Valley» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Базарұлы Ғабит, «Infinite Solutions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры Д.Билгүүн, «Gerege Systems» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізін қалаушы Н.Энхжаргал өз өнімдері мен инвнстициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Continue Reading

Моңғолияда

Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі марапатталды

Published

on

19 қараша, KAZNEWS. БҰҰ-ның Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Моңғолиядағы тұрақты өкілінің орынбасары Спесиос Хакизимананы Моңғолияда балаларды қорғау және балаларға қолайлы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтуға қосқан үлесі үшін «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының үздік қызметкері» атағымен марапаттады. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Моңғолиядағы тұрақты өкілдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Марапатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Зульфикар Сарқытұлы табыс етті.

Спесиос Хакизимана, ЮНИСЕФ тұрақты өкілінің орынбасары: «Мен бұл сыйлықты Біріккен Ұлттар Ұйымының Моңғолиядағы Балалар қорына берілген сыйлық деп ойлаймын. Біздің команда Моңғолия Үкіметімен балаларды қорғау жүйесін нығайту, баланың дамуын қолдау және балаларға мейірімді әлеуметтік қорғау саясатын жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеп келеді. Әсіресе пандемия кезіндегі балаларды қорғау жөнінде қолдау көрсетудеміз.»-деді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 day ago

Жолдау-2100: Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Ғылым, технология университетінен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенті Дәрігерұлы Бағдаулет енді...

Дерек5 days ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойы тойланды

25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерей тойы тойланды. Салтанатты рәсімді Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек...

Дерек6 days ago

Америка мен өзге державалар мұнай бағасын түсіру үшін күш біріктіріп жатыр

25 қараша, KAZNEWS. Дүниенің алып экономикалары әлемді қымбатшылық қысқан шақта ОПЕК+ альянсын өндірісті қысқартуға көндіре алмады. Бұл жөнінде мақала Inbusiness.kz...

Дерек6 days ago

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

2021 жылы 23 қараша Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар...

Кітаптан үзінді...2 weeks ago

Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар» романы туралы

17 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағы сыйлығының иегері, Мемлекет, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар»...

Дерек2 weeks ago

Tapsir.com платформасы қәзіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие

15 қараша, KAZNEWS. Жәнібекұлы Тәпсір моңғолияда компанияларды басқаруға арналған веб-бағларламаны жасап шықты. Tapsir.com деп аталатын платформасы қәзіргі қоғамда сұранысқа ие...

Дерек3 weeks ago

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов құттықтау жолдады

12 қараша, KAZNEWS. «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» мүшесі, Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат...

Дерек1 month ago

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан «Шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясы» құрылды

2021 жылы 27 қазан «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясы» құрылды. Аталған...

Басты назарда