Connect with us

Спорт

Дзюдо: Ел біріншілігінің алғашқы күнгі нәтижелері

Published

on

Photo: Olloo.mn

KAZNEWS – Сэлэнгэ аймағында дзюдодан ересектер арасында Моңғолия чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күнінде татами шеберлері ерлер 60, 66, 73 келі салмақта, әйелдер 48, 52, 57, 63 келі салмақ бойынша белдесіп, өзара мықтыны анықтады.
Естеріңізге сала кетсек, Сэлэнгэ аймағының Сүхбаатар қаласында өтіп чемпионатқа 250-ге жуық дзюдошы бақтарын сынауда.

Нәтижесі төменгідей:
Қыздар -48келі:

Қола медаль: Хилчин спорт клубы Уртнасан, Боржин клубы Бүрнээбаяр

Күміс медаль: Женко клубы Ойдовчимэг

Алтын медаль: Алдар спорт клубы Наранцэцэг

Қыздар -52келі:

Қола медаль: Хүч спорт клубы Энх-Отгон, Хилчин спорт клубы Гэрэлмаа

Күміс медаль: Дархан аймағы Гал-Од

Алтын медаль: Баянхонгор аймағы Сосорбарам

Қыздар -57келі

Қола медаль: Хилчин спорт клубы Аззаяа, Женко клубы Алтанцэцэг

Күміс медаль: Женко клубы Хорлоо

Алтын медаль: Сүлд спорт клубы Энхрийлэн

Қыздар -63келі

Қола медаль: Номин, Женко клубы Сүнжидмаа

Күміс медаль: Женко клубы Мөнгөнчимэг

Алтын медаль: Алдар спорт клубы Ганхайч

Ерлер -60келі:

Қола медаль: Эрч спорт клубы Өнөболд, Хангарьд спорт клубы Марал-Эрдэнэ

Күміс медаль: Хилчин спорт клубы Мягмардорж

Алтын медаль: Алдар спорт клубы Ариунболд

Ерлер -66келі:

Қола медаль: Хилчин спорт клубы Басхүү, Хилчин спорт клубы Төмөрхүлэг

Күміс медаль: Сүлд спорт клубы Хэрлэн

Алтын медаль: Женко клубы Мөнхбаяр

Ерлер -73келі:

Қола медаль:Эрч спорт клубы Баяртүвшин, Женко клубы Одбаяр

Күміс медаль: Хангарьд спорт клубы Батболд

Алтын медаль: Сүлд спорт клубы Цогтбаатар қатарлы спортшылар жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Бүгін, чемпионаттың екінші күні. Ерлер 81, 90, -100, +100 келі, қыздар 70, -70, +78 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаздары анықталмақ.
Естеріңізге салсақ, -100 келі салмақ дәрежесінде Серік Бердімұрат ұлы финалда бақ сынайды.

Спорт

Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанды 

Published

on

17 қазан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында ұйымдастырылған күрес сайысында аймақтық арыстан дәрежелі палуан Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанды.

Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 палуан қатысып, аймақтық лашын (начин) дәрежесін Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы жеңіп алды.

Финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық “Хурц арслан” атағын алды.

Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерей тойда екі мәрте жеңімпаз атанған палуанға беріледі.

Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын.

Continue Reading

Спорт

Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады

Published

on

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек өткізуді талап етті, – деп хабарлайды Kaznews.mn тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

“Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды – Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайын”, – деп жазыпты Жәнібек Twitter-де.

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Continue Reading

Спорт

Э.Содномпилжээ пауэрлифтингтен паралимпиада чемпионы атанды

Published

on

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия командасы алғашқы алтынын иеленді деп хабарлайды KazNews.mn.

Пауэрлифтингтен ерлер арасында 107 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Энхбаярын Содномпилжээ Паралимпиада чемпионы атанды.

Ол өзінің үздік нәтижесінде 245 келіні көтеріп, папалимпиада ойындарының рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды.

Күмісті малайзиялық Жон Ие Хи (237 келі), қоланы ирандық Рази Саман (231 келі) иеленді.

Естеріңізге салсақ, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Моңғолия намысын 11 спортшы қорғауда.

Continue Reading

Спорт

Сайд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанып, Моңғолия 33 орынға тұрақтады

Published

on

27 шілде, KAZNEWS. Дзюдодан Моңғолия құрамасындағы ирандық легионер Саейд Моллай Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

-81 келі салмақ дәрежесінде Саейд Моллай ширек финалда грузин палуаны Тато Григалашвилиден, жартылай финалда австриялық Шамил Борчашвилиден басым түсіп, финалда жапониялық Нагасе Таканориге есе жіберіп алды.

Токио Олимпиадасында Моңғолия құрамасы дзюдо күресінен екі қола, бір күміс медаль жеңіп, жалпы есепте 33 орынға тұрақтады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Химия бойынша Нобель сыйлығын молекулалар синтезінің жаңа әдістерін ашқаны үшін неміс ғалымы Беньямин Лист пен британдық Дэвид Макмиллан алды. Бұл...

Дерек3 weeks ago

Моңғолиялықтар қараша айында неше күн демалады?

05 қазан, KAZNEWS. Моңғолиялықтар қараша айында демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде 10 күн демалады. “Шыңғыс ханның дүниеге келген қыс...

Дерек1 month ago

Интернетте жиналған ақпарат қайда сақталады?

Интернет – миллиондаған терабайт ақпаратқа толы терең мұхит. Күн сайын адамдар ғаламторға көптеген бейнелерді, суреттерді, құжаттарды және басқа мазмұнды ақпараттарды...

Дерек2 months ago

Саяхатшы Х.Энхтайван: Ікей батыр туралы не білеміз?

04 қыркүйек, KAZNEWS. Саяхатшы Х.Энхтайван әлеуметтік желісінде Ікей батыр Мәзімұлы туралы қызықты жазба жариялап, қазақтың қайсар ұлы туралы мәліметпен бөлісіп,...

Дерек2 months ago

Жол кептелістерінен Улаанбаатар экономикасына 947 млн доллар шығын келеді

20 тамыз, KAZNEWS. Кептелістердің кесірінен Улаанбаатар қаласының экономикасына жылына 947 миллион АҚШ доллары шамасында шығын келеді. Үкіметтің өткен сәрсенбі күнгі...

Дерек5 months ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек5 months ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек5 months ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Басты назарда