Connect with us

Дерек

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

Published

on

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға шақырған болатын. Себебі, шектеулер вирустың тарауын сәл де болса тоқтатады деп көрді. Жастар елдегі шектеу шаралары кезіндегі өмір сүру салтына қандай өзгерістер болғаны туралы және вакцина салдырғаннан кейін не істейтіні туралы ойларымен бөлісті.

Берденбек Ерғабылұлы

Егерде бұл індет болмаса (covid19) өзімнің көп кемшілгімді және көптеген мүмкіндіктерімді білмес пе едім?!. Шектеулер өмір сүру дағдымызды өзгертті. Жақын жандарымызбен бірге болуымызды үйретті. Және де жақын жандарымыздың қаншалықты қымбат екенін, олар үшін үйде болу керек екенін түсіндірді деп ойлаймын. Мен шекараның ар жағындағы асыл інімді тағы басқа жақындарымды сағындым. Жауапкершілік, тәртіп, вакцина үшеуі пандемияны жеңуге көмектеседі. Жазды жарқын сәттермен өткізейік ағайын!

Гүлбану Төлеуханқызы

Коронавирус адамдарды әбігерге салғаны аздай, әр салаға да өз салқынын тигізіп жатыр. Мен туризм саласында қызмет атқарамын. Бүкіл әлемде саяхат саласы тұралап тұр деуге болады. Моңғолияда да оның жайы мәз емес. Бұл сала тоқтағалы екі жыл болды. Бірақ біз оған мойын ұсынған жоқпыз. Карантин өзімізді басқа қырынан тануға мүмкіндік тудырды. Әр нәрсеге шүкіршілік етуді үйретті деп ойлаймын. Бұрын тек жұмыс бастылыққа салынып жанұямызға уақыт бөле алмаушы едік. Енді жанұяммен бірге уақытты өнімді өткізуге мүмкіндік туды. Әрине шектеуден бұрынғы кезді сағындық. Бұрынғыдай қалыпты өмірге оралудың бірден бір жолы вакцина қабылдау екенін басқа елдерге қарап білуге болады. Шектеу жойылып қалыпты өмірге қайта оралған кезде ең әуелі маскасыз емін-еркін жүруді, сүйікті ісіммен айналысып туристерге еліміздің әсем табиғатын таныстыруды қалаймын.

Толқын Ерболұлы

Халықтың өмір сүру салты мен экономикалық жағдайына әсер етуде. Індеттің таралуын тежеу үшін елде төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға шақырды. Бұл шектеулер біздің өмірімізге көптеген өзгерістер алып келді деуге болады. Балалардың оқу үлгерімі баяулау, көп уақыт үйде отыруынан болып ауа жетіспеу сезімі мен қимыл-қозғалыстың тапшылығына әкеліп соғу қатарлы кері әсерлерін атағым келеді. Сондай-ақ, ата-аналар үшін балаларына уақыт бөлу, ішкі дүниесін танып, өздерінің өткен қателіктері мен жетістіктерін бағалап, көптеген кітаптар оқып, технологияның оңтайлы жетістіктерін игеріп, алдағы уақытта онлайн режимде жұмыс жүргізіп жетістікке жетуге болатынын көрсетті деп ойлаймын. Сонымен қатар мұндай қиындықтарға төтеп беру үшін қаржылық сауаттылықтың болуы, қаржылай қор жинау керектігін түсіндім. Егер тұрғындар вакцинаға белсенді қатысып, індеттің таралу ауқымы азайып, көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталса ауылға ата-анама, туыстарым мен достарыма барып демалып қайтамын.

Қуанған Қобыландыұлы

Карантинді тиімді пайдаландым деп айта аламын. Өйткені мен үшін ең көп жұмыс атқарған, ең көп нәрсе үйренген кез болды. Медицина саласының қызметкері болғандықтан вакцинация, сараптамалық орталықтар мен науқастардың ортасында соңғы 4-5 ай үздіксіз жұмыстап келемін. Бұл індетті жеңудің жалғыз жолы әр адам жауапкершілікпен қарап вакцина салдыру деп ойлаймын. Азаматтарға өз басымызды ғана ойламай – өзгелердің саулығы үшін вакцинаға қамтылу керек деп айтқым келеді. Бұл барлығымызды жақын жандарымызбен қалаған уақытымызда кездесуге мүмкіндік тудыратын болады.

Advertisement


Дерек

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Published

on

Бесбармақ

Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады. Кей өлкеде еттің сорпасы қатықпен езіліп қоюландырылған тұздықпен беріледі.

Қуырдақ

Қазақтар, моңғолдарда ет сарымсақпен қуырылып берілетін дәстүрлі тағам. Қуырдақ жаңадан сойылған қой немесе сиыр және жылқы етінен: бауыр, жүрек, өзге еттерден әзірленеді. Қазіргі кезде тағамға картоп, сәбіз, бұрыш көкөністерін қосады. Ұн қуырдақ, қара қуырдақ, картоп қуырдақ сияқты бірнеше түрі бар.

Қазы, қарта

Түркі халықтары арасында дәмді тағам ретінде саналатын, жылқы етінен дайындалатын шұжық. Жылқының ішегіне қабырға етін салу арқылы дайындалады.

Қарта – жылқының ішекке тығылған еті. Жуылып, тұздау арқылы дайындалады. Піскен күйде ұсынылады. Қазы мен қарта көбінесе бірге пісіріледі және бір үлкен тағам ретінде ұсынылады.

Сірне

Сірне бағланның етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын қазақтың дәстүрлі асы. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ, ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төңкеріл, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап қана су құюға болады.

Жал

Бұл жылқы жалының майы. Жылқының жалын алған кезде, мойынның біраз еті алынады. Жылқы етінің майлы кесегі болып саналады. Қақталып пісіріледі де, суық күйінде ұсынылады. Жал сиырдың сан еті – жаямен беріледі.

Қымыз

Биенің сүтінен дайындалатын қышқыл сүт өнімі. Қазақтардың, моңғолдардың дәстүрлі сусыны болып табылады. Моңғолияда ең танымал қымыз ол – Булган аймағының қымызы. Ал, Баян-Өлгий аймағында қыс мезгілінде де қымыз сатылады.

Айран, құрт

Айран түркі халықтарының қышқыл сүт өнімінің түрі. Ал, құрт сүт өнімдерінен жасалатын тағам. Қақталған және қатты ірімшікті ашытқыда қайнатылған сүттің негізінде жасайды. Сүзбені кішігірім бөліктерге бөледі. Кейін оларды тақтаға жайып, екі-төрт күн кептіреді. Дәмі тұзды және оны ұзақ уақыт сақтауға болады.

Көшпенді халықтарда құрт әртүрлі болып келеді. Барлығы бірегей қатықтың ашытқысына және бастапқы шикізатқа, яғни сүтке байланысты.

Бауырсақ

Қазақтардың және басқа түркі халықтардың ұннан жасалатын дәстүрлі тағамы. Әдетте тұщы немесе ашытқан қамырдан шағын дөңгелек немесе шаршы бәліштер жасалып, қазанда пісіріледі.

Талқан, женті

Ұсақталып қуырылған арпа. Талқан қасиетті өнім болып саналады.

Жент — шай дастарқанына қойылатын ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайтын, соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған тағам.

Қаймақ

Қышқыл сүт өнімі. Пісірілген сүттің бетін ашып, салқын жерге қойса, сүт салқындаған сайын оның бетіне қабыршықтанып қаймақ жиналады. Қаймақтың қоюлығы сүттің құнарлығына да байланысты. Сонымен бірге сүттің пісірілуіне де байланысты болып келеді. Оны көбінесе Моңғолия қазақтары нан немесе бауырсақпен жейді.

Continue Reading

Дерек

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

Published

on

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?” -деген сұрақ қойып жауап іздеп көрдік.

Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

Picture

Jainagul Durvetkhan

Айырмашылығы жер мен көктей.

01/06/2021

Picture

Guljazira Bolatqyzy

Абыройдың жанында атақтың құны көк тиын деп ойлаймын…

01/06/2021

Picture

Arai'y Coo

Атақты өкімет береді, абройды адам халықтан алады.

01/06/2021

Picture

Kagbat Kakhrasul

Абыройлы болсаң атағың шығады. Оған әркім әр түрлі жолмен жетеді. Мысалы спортта керемет нәтиже шығара білсең АТАҒЫҢ шығады. Халыққа адал қызмет істесең АБЫРОЙың артады.

01/06/2021

Picture

Jaubai Zulmira

Екеуі мүлде бөлек ұғымдар. Атақтың жаманы да болады. Абыройдың жаман сипаты жоқ деген сияқты айта берсе… Атақсыз да абыройлы болуға болады.

01/06/2021

Picture

Ержан Нұрбек

Атақсыз өмір сүруге болады, абыройсыз өмір құр бос.

01/06/2021

Picture

Bakhitjan Togtal

Абырой туғанда қанға бітеді. Атақты туған соң табасың.

01/06/2021

Picture

Еркебулан Самат Ұлы

Негізі абырой атақтан туады. Айырмашылығы сонда.

01/06/2021

Picture

Meirambek Molaigan

Абырой – әркімге туада бірдей беріледі, оны толтырып, шайқалтпай, төкпей ұстау адамдық белгі. Атақ – қоғамдық өмірде берілген немесе қалап алған, мүмкін уақытша тағылган лақап. Атақ – абыройдың сынағы.

01/06/2021

Picture

Samat Nasir

Атақ алдамшы, абыройды ел береді.

01/06/2021

Picture

Hizat Marjika

Екеуі екі бөлек ұғым. Атақ құмар абыройдан жұрдайлар көп болып кетті ғой.

01/06/2021

Picture

Мейрамгүл Хумар

Абырой адамға туа біткен жақсы қасиет, атақ жүре келе тауып алған немесе жабысқан не жақсы, не жаман қасиет

01/06/2021

Picture

Sauke Kamen

Атақ даңқтың көк тиын пайдасы жоқ. Адам өмірге келеді кетеді. Бәріміз қонақпыз. Ал адам абыройлы болуы керек.

01/06/2021

Picture

Айдос Рашатұлы

Абыройды атаққа айырбастап жібердік ау! Тойдағы бата сұрасаң тілек “Тост” айтатын кей бір ақсақалдарымыз сияқты.

01/06/2021

Picture

Saule SI

Атақ абыройды құртады…

01/06/2021

Picture

Janibyek Jako

Атақ-жасаған іс қызмет еңбек арқылы келеді. Ал абырой сол іс қызметің қаншалықты адал болғанына байланысты келеді. Атақ ат сүрінгенше..

01/06/2021

Picture

Boshu Ye

Абырой – адам бойындағы ең асыл құндылықтардың бірі; кісілік, адамгершіліктің тірегі. Атақ — жеке тұлғаларға немесе ұжым, топтарға қандай да бір атқарған қызметі, сіңірген еңбегі үшін берілетін ресми баға.

01/06/2021

Continue Reading

Дерек

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

Published

on

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады.

Моңғолияда биыл Google іздеу жүйесіндегі ең танымал сұрау «Siberian Wellness», «Faberlic», «Herbalife» сияқты желілік бизнестер көшбастап тұр. Сондай-ақ, моңғолияның интернет тұтынушылары арасында «Pi Network», «Beurax» қатарлы крипто алаяқтық схемаларына деген сұраныстар жоғары болыпты.

Сонымен бірге моңғолиялықтар «E-mongolia», «Ard Coin», «DAX», «1xBet», Төтенше комиссияның шешімі, 2020 жылғы Парламент сайлауының кандидаттары, АҚШ Президентінің сайлауы, Үкіметтен азаматтарға үлестірген 300 000 төгрөг туралы мәліметтер және коронавирусқа байланысты ақпараттарды көп іздеген.

Естеріңізге салсақ, Моңғолияда Facebook әлеуметтік желісін 2,5 миллион, Instagram желісін 670 мың, Linkedin -де 220 мың және Twitter желісін 74 мың адам белсенді тұтынады.

Continue Reading

Дерек

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Published

on

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды.

Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері және өзін-өзі жасаған екінші жас миллиардер атанып отыр.

Жаңа миллиардер Виталик Бутерин 2013 жылы 19 жасында ethereum-ді жасап, 2015 жылы криптовалюта нарығына таныстырған. Қазір оның дижитал әмиянында 333,500 ethereum сақтаулы тұр. Мамыр айының алғашқы аптасында аталмыш криптовалютаның бір данасы $3,500 ға жетіп, Бутеринның капиталы $1.1 миллиардты құраған болатын.

CoinMarketCap мәліметі бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бастап Ethereum бағасы 375% -ға өсті. Криптовалюта нарығындағы барлық Еthereum-нің құры $403 миллиардға жетті.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 days ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде2 days ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек2 weeks ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек2 weeks ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек4 weeks ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек4 weeks ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек4 weeks ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде2 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда