Connect with us

Әлемде

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Published

on

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Мұны президент Хасан Рухани мәлімдеді.

Оның айтуынша, кен орнының тереңдігі – 80 метр. Ал 53 миллиард баррель қолжетімді жерде сақталған. Рухани келтірген өзге бір мәліметке қарағанда, осы көмірсутегінің 1 пайызын шығарғанның өзінде Ислам Республикасының қазынасына 32 миллиард доллар кіріс келеді екен.

Әлемде мұнай қоры жағынан Венесуэл бірінші орында, Сауд Арабиясы екінші орында тұрса, Иран бір саты өрлеп үшінші орынға көтерілмек.

АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат агенттігінің дерегінше, Иран мұнай қоры жағынан әлемде төртінші, газ резерві бойынша екінші орын тұр.

Айта кетсек, Вашингтон бұл мемлекетпен 2015 жылы жасалған ядролық келісімнен былтыр шығып, санкцияларды қайда қалпына келтіріп, елдің мұнай саудасын шектеп отыр.

Advertisement


Әлемде

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Published

on

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған заманауи білім ордасы, қазақтың қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта–шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы дәстүрге айналған «Ашық есік күнін» ерекше сән-салтанатпен атап өтті.
Бұл шараның мақсаты – шетелдік болашақ талапкерлерді факультетке шақыра отырып, университетпен, факультетпен, кафедрамен әрі факультеттің оқу, ғылым және тәрбие жұмыстарымен таныстырып, еліміздің төл тарихына деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың болашақта біздің факультетті таңдауына бағыт-бағдар беру. Болашақ мамандықты таңдауға көмектесу, сонымен қатар жаңалыққа толы, инновациялық дамудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп жатқан ұстаздар еңбегін елге таныту,кафедрада білім алып жатқан шетелдік студенттердің жетістіктерін көрсету.
Іс-шараға Қазақстанда тіл үйреніп, білім алғысы келетін Алматы қаласындағы шетелдік азаматтар және әр елдің консулдығы мен білім беру және мәдени орталықтар, шетелдік компаниялар өкілдері, шетелдік талапкерлершақырылды.
Факультет қабырғасында аталмыш іс-шараны жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған. «Ашық есік» күнінің ашылу салтанаты университет және факультет тарихы жайында фильм көрсетіліп, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырудан басталды.
Шара барысында шетелдік талапкерлер мен қонақтар үшін кафедраның мұражайы мен шағын көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ,қонақтар факультет туралы, оқуға түсудің ереже-талаптары жайлы, студенттік өмір мен олардың білім, ғылым, спорт және шығармашылықтағы жетістіктері жайлы ақпарат алды.
Бұл іс-шараға кафедра оқытушылары мен осы кафедрада білім алып жүрген әлемнің Италия, Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Египет, Австралия, Монғолия, Түркия елдерінен келген шетелдік студенттер қатысты.
Шетелдік студенттер мен ұстаздар қонақтарға және шетелдік талапкерлерге университетіміздің тарихы және жоғары оқу орнымызда білім алу келешегі туралы және факультет тарихынан бастап күні бүгінге дейінгі жетістіктері, кафедраның қазіргі таңдағы орны мен маңыздылығы, жалпы тыныс-тіршілігі жайында бейне жазба ұсынды.
Слайдтарда шетелдерде жоғарғы мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарып жүрген осы факультеттің кафедрасында білім алған үздік түлектері көрсетілді. Қатысушылар факультеттің жұмысынан хабардар болып қана қоймай, еркін пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

Факультетпен, жалпы университетпен таныстыру шарасы акт залында қорытынды мерекелік әдеби-музыкалық кешпен жалғасты. «Ашық есік күні» аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама «Тілдер және мәдениет фестивалі!» атты тақырыпта өтті. Бұл концерттік іс-шарада келген қонақтар, ұстаздар, шетелдік талапкерлер құрметіне кафедрамызда білім алып жүрген шетелдік студенттер әуелете ән салып, күмбірлете күй шертіп, биден шашу шашып, қазақтың және орыстың атақты ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, көрініс көрсетіп, қазақ және орыс тілдерін меңгерген деңгейлерін, өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.
Дәстүр бойынша іс-шара соңында кафедраның мұражайында сақталу үшін әрі тарих үшін жалпы фотосуретке түсті. Шетелдік студенттер мен оқытушылар дайындаған концерттік нөмірлер жиналған жұртшылық көңілінен шықты.
Бұл шетелдік студенттердің рухани-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, әрі шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы әрі маңызды іс-шара болды.

А.Е. Саденова
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының меңгерушісі

Continue Reading

Әлемде

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

Published

on

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің бастамасымен Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.
«15 жыл бұрын «Қазақпарат» агенттігі бірінші болып латын әліпбиімен жаңалық тарата бастады. Ал 10 жыл бұрын төте жазу нұсқасын енгізді. Осының бәрі қиырдағы қазақтармен байланыс орнатып, қандастарға ақпарат беру үшін жасалған болатын. Бүгінгі қауымдастық құру ұсынысы сол қадамдардың заңды жалғасы іспетті.

Панельдік сессияға 6 елден 12 БАҚ (қазақ тілді) 17 өкіл қатысты. Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тардың бірігу бастамасы былтыр шыққан.
«Отандастар» қоры мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі осы бастаманы қолдады. Осы ретте шетелдегі қазақ тілді БАҚ-тардың қауымдастығын құру деген идеяны ортаға салғымыз келеді. Бұл – өте қажетті және заманға сай жоба. Әлем елдеріне қарасақ, орыс, әзербайжан, армян тілді БАҚ-тардың қауымдастықтары баршылық. Түркі тілдес халықтарда да бар.
Сондықтан, бізге де қазақ тілді БАҚ-тардың қауымдастығын құрып, байланыс орнатуға болады. Бір-бірімізге осылайша көмек-қолдау білдіре аламыз», – деді «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров.
«Отандастар» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов осы жиында қазақтілді шетелдік БАҚ өкілдерінің ұсынысы негізінде қауымдастық аясында жұмыс істеудің жоспары жасалатынын атады.
«Бізге қолдау көрсетіп, қауымдастық құруға ниет білдіріп отырған «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне алғыс айтамыз. Пікір алмасайық. Ұсыныстардың бәрін тыңдағымыз келеді. Шетелдегі қандастарымыз қазақ тілінде өтетін бағдарламаларды сағына көріп, тыңдайтындарын айтады. Әлбетте, өте жақсы бастама», – деді ол.
Қазіргі уақытта шетелдерде қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарынан Моңғолияда «Қазньюс» порталы, «Шұғыла» журналы, “Моңғол заман”, “Жаңа дәуір” газеті, Баян-Өлгей аймақтық радиосы жұмыс істеп тұр. Ал Иранда «Парстудей» ақпараттық агенттігінің қазақ бөлімі мен қазақ радиосы хабар таратса, Түркияда «Қазақ елі» журналы, Ресейде «Омбы қазақтары» мен «Ақ арна» газеттері басылып шығады. Сол секілді, Өзбекстанда «Нұрлы жол» республикалық газеті, «Кенимех таңы» аудандық газеті, Науаи телерадиокомпаниясы, «Алтын аймақ» бағдарламасы жұмыс істейді.

Continue Reading

Моңғолияда

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Published

on

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты. 

Кездесу барысында Моңғолия премьеріне өңірлік қаржылық хабта бүгінге дейін атқарылған жұмыстар мен оған тіркелу артықшылықтары баяндалды.

Жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов өңірлік қаржылық хабта бүгінге дейін қанша компанияның тіркелгенін мәлім етті.

«АХҚО – Орталық Азия, Кавказ елдері, Еуропа мен Моңғолия өңіріндегі қаржылық хаб. Қазіргі таңда АХҚО-да барлық қажетті инфрақұрылым бар. Сондай-ақ, онда Тәуелсіз сот, Халықаралық арбитраж орталығы, Биржа, Әкімшілік, Қаржылық технлогиялар хабы, Жасыл технологиялар орталығы, Үздіксіз кәсіби даму бюросы және Экспат орталығы бар экожүйе құрылған. Қазіргі таңда АХҚО-да әлемнің 27 елінен 260 компания тіркелді», – деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Ресми кездесуден кейін қос тарап АХҚО бойынша экскурсияға аттанды. Олар өңірлік қаржылық хабтағы Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би атындағы үш залды аралап, әр залға не себепті қазақтың үш даңқты билерінің аты берілгендігімен танысты.

Белгілі болғандай моңғол елінің премьері Ухнаагийн Хүрэлсүх қазақ-моңғол форумы жұмысына да қатысқан. Қазақстан премьер-министрі сайтындағы мәліметке сәйкес, Асқар Мамин екі ел арасындағы ынтымақтастық одан ары дами түсетініне сенім білдірді.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан-Моңғол қатынастарының ілгерілемелі дамуының негізі қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Моңғолиямен ынтымақтастықты тиімді дамытуға баса мән береді», — деді А. Мамин.

Моңғол премьері Ухнаагийн Хүрэлсүх болса, өз кезегінде, екі ер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екендігін атап өткен.

«Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін елеулі мүмкіндіктер бар. Осы бизнес форум екі ел арасындағы іскерлік қатынастар мен экономикалардың дамуына серпін беретініне сенімдімін», — деді Моңғолияның Премьер-Министрі.

Фото: primeminister.kz

Continue Reading

Сөзге тиек

Advertisement
Әлемде2 days ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде1 week ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Әлемде1 month ago

Иранда тағы бір мұнай кеніші табылды

Иранда 53 миллиард баррель мұнай жатқан үлкен кеніш табылды. Ол Бостан және Омидия аймақтарының ортасындағы 2400 шаршы шақырым аумақты алып...

Моңғолияда2 months ago

Асқар Мамин Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхке АХҚО мүмкіндіктерін таныстырды

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин елімізге жұмыс сапарымен келген Моңғолия премьері Ухнаагийн Хүрэлсүхпен бірге «Астана» халықаралық орталығы жұмысымен (АХҚО) танысты.  Кездесу...

Әлемде3 months ago

Солтүстік Корея Америкадан ығар емес

Ол зымыран сынақтарын жалғастырып жатыр, АҚШ  КХДР-мен келіссөз жүргізуге  мәжбүр. Оңтүстік Кореяның Kyodo агенттігінің хабарлауынша,  2019 жылғы 16 тамызда КХДР-дің әскери...

Әлемде6 months ago

Халтмаагийн Баттулга Қырғызстанға ресми іс-сапармен барды (Видео)

KAZNEWS – /2019.06.12/ Шанхай ұйымының жылдық кезекті он тоғызыншы саммитіне қатысу мақсатында Моңғолия Президенті Қырғызстанға ресми сапармен барды. Бұл туралы...

Кітаптан үзінді...8 months ago

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді....

Кітаптан үзінді...9 months ago

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы. Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта...

Басты назарда