Connect with us

Лайфстайл

Ғылымға деген алғашқы қадам

Published

on

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін VI халықаралық Фараби оқулары «Фараби әлемі» «Ғылымдағы студент – болашақтың зияткерлік әлеуеті» атты XXXIV халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында, сонымен бірге алыс және жақын  шетел университтері мен академияларында оқитын студенттер өз ғылыми мақалаларын ұсынған. Атап айтар болсақ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, АҚШ, Марокко т.б. елдерден аталмыш жас ғалымдардың конференциясына қатысты.

Конференцияға қатысушылар әртүрлі тақырыпта мақалалар жазып, баяндама жасады. Мысалы, тарих, экономика, салт-дәстүр, тіл, әдебиет, мәдениет, дін т.б. тақрыптарда ғылыми еңбектерін көпшілік назарына ұсынды. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінен қатысқан студенттер өз ғылыми еңбектерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынса, шетелдік студенттер қазақ және орыс тілдерінде жазылған ғылыми мақалаларын ұйымдастырушылар алқасына жолдаған. Ғылыми конференция ұйымдастырушыларының атап өтерлігі де осы тұс. Себебі Қазақстан Республикасына келіп, бірнеше ай ғана тіл меңгеріп, сол оқыған санаулы уақыттың ішінде өзге тілде сөйлеудің өзі былай тұрсын, қазақша ғылыми, өз ойын пайымдай, өзектілігін айқындап көрсетіп, мақсаты мен мүддесін нақтылай көрсеткен жұмыс жазу оңай нәрсе емес. Стилі, мазмұны, мағынасы келісті келген, ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға толығымен жауап бере алатын, өзінің өзектілігімен, тілінің жатықтығымен, ерекшелігімен ерекше атап өтерлік жұмыстар да жоқ емес.

Солардың бірі және бірегейі Оңтүстік Кореядан келіп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақша меңгеріп жатқан Ли Джун Гэннің «Корей елі мен қазақ елінің ұлттық ою-өрнектері» деген мақаласы. Шетелдік студент өз жұмысында салыстыру, салғастыру, тарихи әдістерді пайдалана отырып, жұмысын жазып шыққан. Ғылыми мақала жаңалыққа толы әрі өзекті болып саналады. Тілі түсінікті, стиль әрі ой олқылығы байқалмайды, міндеті айқын. Осы тұстарын ескере келе, ұйымдастырушылар комитеті Ли Джун Гэнді 2-жүлделі орынға лайық деп тапты. Сонымен қатар Хонг юранның «Корей тіліндегі жаргон сөздер» деген еңбегін де атап өтпеске болмас. Қазіргі таңда қай тілде болмасын жаргон сөздердің бар екендігі тайға таңба басқандай анық. Студент мақаласында қазіргі кездегі корей тілінде кездесетін жаргон сөздерді тізіп, олардың мағынасын түсіндіріп, лингвистикалық талдау жасай білген. Аталмыш ғылыми мақала жүлделі орынға ие болмаса да, ерекше аталып өтілген жұмыстардың бірі болды.

Жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық конференциясына қатысушы келесі студент, жапония мемлекеті Токио шет тілдер университетінен ауысу арқылы келіп, қазіргі кезде қара шаңырақ ҚазҰУ-нің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында қазақ тілін игеріп жүрген, парсы, өзбек, орыс тілдерін білетін жапон ХидеҺару Оно. Оның баяндамасы «Жас мықты мемлекет Қазақстан: тарих арқылы анализ» деп аталады. ХидеҺару Оно ғылыми мақаласында тарихи деректер келтіріп, сараптама жасап, ғылыми тұжырымдар ұсына білген. Стилі, тілі жатық, мазмұны өзекті, айтар ойы мен сүйенер негізі бар жұмыс болып саналады. Мұндай жұмысты небәрі 8 ай ішінде тілді жоғары деңгейде меңгеріп жазды дегенге адам сенгісіз. Себебі, ойы тиянақты, басы, аяғы, кіріспесі мен қорытындысы бар жұмыс жазу бірнеше айдың ішінде тіл үйреніп жатқан адамның қолынан келетін іс емес дерсіз. Дегенмен ХидеҺару өзіне жүктелген міндетті толығымен алып шықты, жетекші сенімін ақтады. Осы ерекшеліктерін ескере келе конференция ұйымдастырушылар алқасы және І секция модераторы Г.Ә. Мұсаева мен секция хатшысы Р.И. Дүйсенбаева секция бойынша 1-жүлделі орынға әбден лайық жұмыс деп танып, жұмысты жоғары бағалады.

Конференцияны ұйымдастырушылар алқасы студенттерге табыс, болашақтарына сәттілік тілеп, ғылым жолында еңбектерінің жана беруіне тілектестіктерін білдірді. Конференция соңында жүлделі орын алғандар мен студенттік халықаралық конференцияға қатысушыларға арнайы дипломдар табысталды.  

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Шетелдіктердің тілдік және жалпы

білім беру дайындығы кафедрасының доценті,

филол.ғ.к. М.П. Ешимов, аға оқытушы С.Р. Нұртілеуова

филология магистрі Б.Д. Даутова

Лайфстайл

2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады

Published

on

14 маусым, KAZNEWS. 2030 жылға қарай смартфондардың дәуірі аяқталады деп күтілуде. Дәл пейджер сияқты. Телефондар есту аппараттары, көзілдірік және т.б. түрінде пайда болады.

Сондай-ақ денеге чип ретінде орнатылады мыс…

Номер деген жоғалады. Сөзді тану – жасанды интеллекті қарапайым қолданысқа енеді. Бұл көрініп тұрған тренд деуге болады.

Әрине, 2030 жылға қарай мұндай телефонды барлық адам бірден қолдана бермейді. Бірақ алғашқы адамдар пайдалана бастайды.

Бұл смартфондардың қазіргі формасын ұстанатын барлық бағдарламалар мен бизнестердің болашағы жоқ дегенді білдіреді. Смартфон заманы бітті… #KazNews
Via ЭНХБАТ

Continue Reading

Дерек

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Published

on

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет.

Әуежайлардағы ұзын-сонар кезек сізді жалықтырса, бұл мәліметті есте сақтайсыз деп үміттенеміз.

Қызыл паспорт

Қызыл мұқабасы бар ең көп таралған түсті КСРО-мен байланысы бар немесе қазіргі социалистік мемлекеттер таңдайды. Моңғолия, Словения, Қытай, Сербия, Ресей, Латвия, Румыния, Польша, Грузия азаматтарының қызыл төлқұжаты бар.

Хорватиядан басқа ЕО мүшелері де қою қызыл және қызыл төлқұжаттарды пайдаланады. Түркия, Македония және Албания сияқты Еуро Одаққа кіруге мүдделі елдер де бірнеше жыл бұрын төлқұжаттарын қызылға ауыстырған. Анд таулары елдері – Боливия, Колумбия, Эквадор және Перуда да қызыл төлқұжат бар.

Көк паспорт

Көк мұқаба “жаңа әлемді” білдіреді. Кариб теңізінің он бес елінде осы түсті паспорт бар. Оңтүстік Америка елдері – Бразилия, Аргентина және Парагвай паспорттарының көк түсі осы елдер арасында экономикалық және саяси келісімі бар Mercosur жалпы кәсіподақ ұйымымен байланысын білдіреді. Венесуэла да осы одаққа мүше, бірақ оның азаматтарының төлқұжаттары қызыл түсте. АҚШ төлқұжаты тек 1976 жылы қою көк түске ауысты. Орталық Азияда Қазақстан, Қырғыс Республикасы қатарлы елдердің төлқұжаттары көк түсте.

Жасыл паспорт

Өзбекстан, Түркіменстан, Марокко, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты көптеген мұсылман елдерінің төлқұжаттары жасыл түсті. Бұл түс Мұхаммед пайғамбардың сүйікті түсі болып саналады, ол табиғат пен өмірдің символы. Бірақ, кейбір ислам дінін ұстанбайтын мемлекеттер де жасыл түсті паспорт қолданады. Мысалы, Оңтүстік Корея паспортының түсі – жасыл.  Буркина-Фасо, Нигерия, Кот-д’Ивуар және Сенегал сияқты Батыс Африка азаматтарының да жасыл түстің әртүрлі реңктері бар құжаты бар, бұл олардың ECOWAS (Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы) мүшелері екенін білдіреді.

Қара паспорт

Ең аз таралған төлқұжаттар – қара түсті паспорттар. Бұл құжатты Ботсвана, Замбия, Бурунди, Габон, Ангола, Чад, Конго, Малави сияқты кейбір Африка елдерінің азаматтары пайдаланады. Бұл түс Жаңа Зеландияның ұлттық түсі болғандықтан, олардың да паспортының түсі қара.

Continue Reading

Лайфстайл

Тапсырысты үйге жеткізіп беру қызметі іске қосылды

Published

on

13 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында жастары карантин кезінде жаңаша жұмысқа кірісті. Төтенше жағдайға байланысты үйде отырған азаматтарға қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп береді.


Нұрбек Тұрсынханұлы (Nurbyek Tursynkhan) іске қосқан «Нұр» жеткізіп беру сервисіне байланыс жасау үшін 95949600 телефонына хабарласуыңызға болады. 

Сонымен қатар, Өлгий қаласы орталығында азық түлік, тағам, карго, гүл және сыйлық және косметикалық бұйымдар қатарлы барлық тапсырыстарды үйіңізге жеткізіп береді.

Өлгий қаласынан ауыл, аудан, қалаларға жүк салдыру үшін де «Нұр» жеткізіп беру сервисіне пайдалануға болады.

Continue Reading

Лайфстайл

Сырымбек Тау: Бай болудың құпиясы | Talim TV

Published

on

Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі Сырымбек Тауұлы Talim TV -ге бай болудың құпиясы айтып берді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек8 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда