Connect with us

Моңғолияда

Нағыз еңбектің қызған ортасы – Файн ноос

Published

on

Аймағымызда ірі өндірістер мен кен орындары жоқ болғандықтан жұмыссыздық ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Тек біздің аймағымызда ғана емес еліміз көлеміндегі жұмыссыздық мәселесі шешімін таппай отыр. Есесіне азаматтар жыл өткен сайын шетелдерге шығып жұмыстауда. Еліміз көлемінде көптеген компаниялар бар. Сонда да 3 млн халықты жұмыспен қамтамасыз ете алмауда. Айналасы 3 млн халықтың 2 млнға жуығы күнін әзер көріп отыр десек қателесе қоймаспыз. Қалғандары ығай мен сығайдар. Аймағымызда шикізат өңдейтін бірден-бір компания «Файн ноос» компаниясы. Қазіргі жағдайда 80 адаммен, ал күн жылына 300-ге жуық адаммен жұмысын жүргізуде. Кей жағдайларда экономикалық қиындықтарға да ұшырап отыратын компания жүн жуу, тарау яғни өңдеу жұмыстарын атқарып, шетелге экспорттайды.

Біз өндірістің жұмысымен танысу мақсатында  директоры Қыдырпатша  Сақабаұлына жолықтық.

Қандай бір жұмысты бастау үшін менежменті жақсы жасалу қажет. Ал, шетелдерге экспорттау үшін ең басты ұстаным – сапа.

Қандай бір жұмысты бастау үшін менежменті жақсы жасалу қажет. Ал, шетелдерге экспорттау үшін ең басты ұстаным – сапа. Бұған өндіру барысындағы барлық процесс қамтылумен қатар шикізаттың да сапасы, оны тасымалдау кезіндегі сапа да басты рөл атқарады дегенді тілге тиек етті. Осы өндірістің жанында шағын кигіз өндіретін, сырмақ өндіретін цех жұмыс атқарады. Біз барған сәтте компания жұмысшылары жуылған жүнді арнайы құрылғымен тарап, түтіп жатыр екен. әдеттегі қой жүні жұп-жұмсақ матаға айналыпты. Ақ ұлпа түбітін ғана алып экспортқа шығарып, қылшығын бөлек ылғап алады екен. Қарап тұрып аймағымыздағы осыншама өнімдердің ешқандай іске жарамай жатқанына қынжылады екенсіз. Тіпті осы өнімдерді иіріп, жіп қылып, қымбатқа алып киетін кашемирлерді неге өзіміз өндірмеске?! Алайда барлығына мүмкіндігіміз шектеулі. Қайтадан компаниямызға оралайық. Мұнда жұмыстайтын азаматтардың ішінен Мақшарқызы Болатқа жолығып әңгімелестік: «Мен жұмыстағалы 13 жыл болыпты. Көп жыл бойы осы компанияда жұмыстап келемін. Жұмыс ауыр. Алайда жұмыссыз жатқаннан жақсы. Аймағымызда бұдан басқа көп жұмысшы қамти алатын компания жоқ. Негізі компаниялар көп болса, бізде таңдау көп болады. Айлық-жалақымызға, күн көрісімізге септігі тиер еді. Қаншама адам жұмыссыз» дегенді тілге тиек етті.

Қауырт жұмыстап жатқан жұмысшылар. Үлкен зал толған техника, іші толған қой жүні. Несін айтасыз, нағыз еңбектің қызған ортасы деуге болады. Қыдырпатша мырзаның айтуынша қандай бір өндірісті жұмыстатқанда нарықтағы жағдайын нақтылап зерттеу қажет. «Мысалы бір киім өндірдік дегенде алушыларды, сондай-ақ бәсекелестерді, нарықтағы бағасы мен шикізатын, жұмысшылардың жалақысын барлығын нақтылап зерттеп алып іске кіріскен жөн. Бізде мүмкіндік көп. Мысалы пайдаланбай тұрған яғни бос тұрған құрылыстар да бар. Осыны пайдаланып қандай бір шикізат неге өндірмеске?» дегенді айтады.

Сондай-ақ аймағымыздағы шикізат қоры жеткілікті. Егер тері өңдейтін, тағы басқадай өндіріс жұмыстатамын десе мүмкіндіктер бар. Алайда өндірген өнімді саудалайтын жолды қарастырып алу қажет. Мысалы теріден жасалған тондар десек, «Дархан Нэхий» тағы басқа өндірістерде өндірілген тондар, елімізде өндірілген түбіт, түйе жүн киімдер еліміздің сұранысын толық өтеп тұр деп айта аламыз. Сондықтан ең дұрыс жол  – өнімді экспорттау» деді Қыдырпатша мырза.

Айтып айтпай не керек 3 млн халықтың қажетін толық өтеп тұрмыз деп айта алмаймыз. Тек  кашемирлер көбейгенімен бағасы қымбат. Бүкіл киім-кешекті, ең бер жағы ине-түймеден бастап қытай қанымдап тұр. Миллиардтан астам халқы бар, әлемді экономикасымен жаулаған қытаймен елімізді салыстыруға келмес, алайда экономикасы бізбен қарайлас Қырғызстан, Өзбекстандарда киім өндірістері, текстиль жақсы дамыған.  Қырғыз көйлектері Қазақстанның барлық қалаларында жақсы сатылымда. Тіпті біздің аймағымызға да келгелі де біршама жылдың жүзі болды. Бәрін айт та бірін айт жұмыссыздықты жоюдың тура жолы – жергілікті жерлерге өндірістер салу. «Файн ноос» компаниясының экономикалық ақуалы тым керемет деп айта алмаймыз. Жұмысшылардың әлеуметтік мәселесі де толыққанды қарастырылмаған. Әйтеуір жоқтан жақсы.  Кейбір қалталы азаматтар пәтер үйлерді сала бергенше, нарықтағы сұранысын зерттеп, шетелдермен шарт жасасып осы шикізаттарды өңдеп, жұмыссыз кедей халықты жұмысты болдырса игі еді. Амал қанша,

«Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі,

Халықтың қамын ойлап,

Шың басында тұрса игі» демекші ондай күндердің ауылы әлі алыста сияқты. Сондай бір қажетсіз саясаттың құрсауында, бірнеше депутаттардың тендері мен солардың жоғын жоқтаумен күндеріміз өтіп жатыр. Ал, мемлекеттен «өндіріс салып ал» деп бере қоятын қаржысы белгілі. Тіпті мемлекеттік қазынадан аймағымызға бөлінетін қаржы басқа аймақтармен салыстырғанда екіден бірі, немесе үштен бірі ғана деуге болады. Айтамыз айтамыз,  ешқандай өзгеріс жоқ. Дегенмен айтып қойған соңғылыққа жақсы. Мүмкін, арманымыз орындалар. Ол да мүмкін!!!

Айбота Әлейханқызы

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының негізгі әлеуметтік көрсеткіштер серпіні қандай?

Published

on

Kaznews Agency – Баян-Өлгий аймағының 2020 жылғы сәуір айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпіні қандай?

Халық саны

2020 жылғы сәуір айындағы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халық саны 104631 адамға жеткен. Халықтың таза өсімі 0.1 пунктті құраған.

Жұмыссыздық деңгейі

Сұмын әкімшілігі мен аймақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тіркеулі жұмыссыз азаматтардың саны 2020 жылғы қаңтарда 719 болса, сәуір айында 1177 ге жеткен. Бұл өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 99 адаммен яғни 9.2 пайызбен өскен. Жұмыссыз азаматтардың 47.2 пайызын әйелдер, 49.8 пайызын 15-34 жас аралығындағы азаматтар иеленсе, олардың 23.2 пайызында жоғарғы білімі бар. Жаңадан 70 жұмыс орны пайда болғанының 17 өңдеу өндіріс саласына, 16 толайым және бөлшектеп сату саласына тиесілі.

Өнеркәсіп

2020 жылғы сәуір айында өнеркәсіп саласының кірісі 6767.4 млн төгрөг болғаны, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 25.8 пайызға, сату көлемі 27.1 пайызға азайған. Өсімнің азаюына төтенше жағдай орын алғанына байланысты кейбір өндірістердің тоқтап қалуы әсер еткен.

Банк, жинақ, кредит

Аймақтық Моңғол банк филиалының мәліметі бойынша сәуір айында несие көлемі 154.7 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айынмен салыстырғанда 12.2 пайызбен азайған. Мерзімі өткен несие 4.8 миллиардқа жетуі 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 71.6 пайызға, нашар несие 2.2 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 24 пайызға өскен.
Азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 107.1 миллиард төгрөгті құрап, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 7.3%-бен артылған.

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлар

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 2020 жылғы сәуірді 2019 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0.3% -бен, өткен наурыз айымен салыстырғанда 1.1% -бен түскен. Азық түлік өнімдері мен алкоголь емес сусындар 3,5%-дан, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне 3.9%-дан, киім және аяқкиімге 3.0%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға 2.4%-дан, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау қызметтеріне 2.6%-дан, қонақ үй, қоғамдық тамақтардыру қызметтеріне 26.5%-дан, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер саласына тарифтерге 6.2%-дан, білім беру қызметіне 18.6%-дан қосылған.
Баға өзгерістері апта сайынғы жинақталған мәліметтерге сүйеніп зерттеледі. Қой еті 2.3%-бен, 1-сорт 1.8%-бен, түбіттің бағасы 68.4%-бен, АИ80 бензин 12.9%-бен, АИ92 бензин 12.6%-бен, дизель отыны 2.4%-бен, престелген шөптің бағасы 37.5%-бен арзандап, сиырдың сүйекті етінің бағасы 11.3%-бен, ешкі еті 2.6%-бен, құмтәтті 11.2%-бен, күріш 6.7%-бен, сұйық сүттің бағасы 6.9 пайызбен өскен.

Continue Reading

Моңғолияда

Д.Нямхүү: Ресейден келген 13 адамнан коронавирус анықталды

Published

on

Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү мәлімет берді.

Оның айтуынша: «Өткен тәулікте Моңғолия бойынша барлығы 517 адамнан сынама алынған. Оның 504 адамынан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Ал, 26, 27 мамырда Ресейден келген 13 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

26 күні Мәскеуден Улаанбаатарға ұшақпен келген 170 адамнан екінші реткі тестілеуден кейін бір студенттен коронавирус табылған.

Кеше Алтанбулаг бекетімен келген 340 адамның 12-сі коронавирус жұқтырған. Олардың көбі 17-20 жас аралығындағы бірінші курс студенттері.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 161 ге жетіп, ауруынан айыққандар саны 43 болды.

Continue Reading

Моңғолияда

Қазақстан Моңғолияға арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлауда

Published

on

KAZNEWS- 2020 жылғы 27 мамырда арнайы рейспен Қазақстанның азаматтарын Моңғолиядан алдырту мақсатында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ж.Әділбаев Моңғолия Премьер-Министрінің орынбасары – Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы У.Энхтувшинмен кездесті.

Кездесудің басында Елші Моңғолия Үкіметінің елде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған алдын-алу шараларының тиімділігін, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Моңғолияның COVID-19 күресудегі күш-жігерін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, дипломатиялық миссияның басшысы қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 108 азаматы Моңғолияда қалуға мәжбүр екенін хабарлады. Олардың барлығы карантиндік шаралар енгізгенге дейін және моңғол-ресей шекаралары жабылғанға дейін келген адамдар. Олардың көпшілігі қазіргі уақытта Баян-Өлгий аймағында мекендеуде.

(more…)

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия 2029 жылы 6.6 миллион баррель мұнай өндіруді жоспарлап отыр

Published

on

KAZNEWS – Бүгінгі мәлімет бойынша Моңғол еліндегі 25 мұнай барлау алаңында 21 компания өнімдерді бөлісу туралы келісім аясында мұнай барлау жұмыстарын жүргізуде.

Тау-кен ауыр өнеркәсіп министрлігінің хабарлауынша Моңғолия көлемінде 2029 жылы 6.6 миллион баррель мұнай өндіріп, экспортқа шығарылып, мұнайдан ел бюджетіне 266 миллиард төгрөгтің кірісі түседі деп жоспарлануда.

Өткен жылы еліміздің тұтынған бензин көлемі 2 миллион тоннаға жеткен. Моңғолия Үндістанның жеңілдетілген несиесі арқылы мұнай өңдеу заводын салуды көздеген. Завод 2024 жылы пайдаға беріледі.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде1 week ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде4 weeks ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде4 weeks ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде1 month ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде1 month ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Әлемде2 months ago

Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр

Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін. Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал...

Кітаптан үзінді...2 months ago

KFC қалай пайда болды?

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан...

Статистика

  • 140,748

Басты назарда