Connect with us

Кітаптан үзінді...

Екінші болма: Кітап не жайлы? БҰЛ КІТАПТАН НЕ ҮЙРЕНЕСІЗ?

Published

on

Бүгінгі таныстырып отырған кітабымыз Шонбай Қ. : Екінші болма! Жеңіске жетудің қазақша жолы.

Табысты кәсіпкер, ресторатор Қуаныш Шонбай бұл кітапта тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі.
2,5 жылда «Rumi Group» мейрамханалар желісі ең дәмді, танымал және беделді брендке айналды. Алайда барлығы осы 2,5 жылды ғана көреді. Ал бұған дейінгі Қуаныш мырзаның 8 жыл бойы шыңдалған, дайындалған, қателескен, өкінген, банкротқа ұшырап, қайта көтерілгенін көбі білмейді де. Автор өзінің мысалында келтірген даму жолдары мен оның қазақша жеңіске жету теориясы өзіңізді және кәсібіңізді жаңа деңгейге көтеруге көмектеседі.
Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тапқан кәсіпкердің ақыл-кеңестері кез келген жанға пайдасын тигізері хақ. Кішігірім компаниядағы мендержерден бастап мектеп мұғалімі, алпауыт компанияның атқарушы директоры да бұл жазбадан өзіне қажет кеңес таба алады. Жүзеге асыр да, өзгерістерге қадам жаса.

ӨЗІҢДІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУ КЕРЕК?

Өзің қандай болсаң, бизнесің де, карьераң да сондай. Өміріңді өзгерту үшін ең алдымен өзіңді өзгертуің керексің.

2,5 ЖЫЛДА 10 МЕЙРАМХАНА ҚАЛАЙ АШУҒА БОЛАДЫ?

Румидің хикаясы: 2,5 жыл + 8 жыл. Он мейрамхана ашқанға дейін Қуаныш Шонбай өзін қалай дамытты, қандай қиындықтардан өткені жайлы біле аласыздар.

МЫҚТЫ ҚАБІЛЕТІҢДІ АНЫҚТА

Әр адамның өзіне берілген ерекше қабілеті бар, ең бастысы соны дұрыс анықтай білу керек. Әлсіз жағыңды емес, мықты жағыңды одан әрі дамытудан бастаңыз

НЕГЕ БАТЫС КІТАПТАРЫ БІЗГЕ КӨМЕКТЕСПЕЙДІ?

Қаншалықты батыстың кітаптары бізге көмектесе алады, оны бізге жақсы әсер ету үшін не істеу керек?

ЖАСАУ (ЗАТОК МОДЕЛІ)

“ЗАТОК” моделін дұрыс пайдалана білген адам, өмірде үлкен белестерді бағындыратынына біз 100% сенімдіміз. Ең бастысы соны дұрыс пайдалануды үйрену керек

ӨЗІҢДІ ЖЕҢУ

Кез келген жеңіс тек өзімізді дамытудан басталады. Ең басты қарсыласымыз ол – өзіміз: өзіміздің жалқаулығымыз, өзіміздің білімсіздігіміз, өзіміздің кемшіліктеріміз

ОКОП КЕЗЕҢІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Үлкен жеңіске жету үшін алдымен міндетті түрде жақсы дайындық керек. Ол қандай дайындық, неге мән беру керек дайындық кезеңінде?

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ КҮШІ

Қазір әлеуметтік желіні пайдаланбайтын адам кемде кем, өкінішке орай барлығымыз оны тек уақыт өлтіру үшін пайдаланамыз, ал оны ақша табу үшін, біліміңді дамыту үшін, жеке брендингті қалыптастыру үшін де пайдалануға болатынын көбіміз біле бермейміз.

ҚАНДАЙ ФИЛЬМ, КІТАПТАР ОҚУ КЕРЕК?

Бұл кітапта өзіңді дамыту үшін, кемшіліктеріңізді жеңіп, өз жолыңызды табуға қажетті көптеген пайдалы кітаптар мен фильмдердің тізімін таба аласыз.

Тапсырыс беру үшін: +976-99422157, 99675109

Кітаптан үзінді...

KFC қалай пайда болды?

Published

on

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан жері АҚШ-тың Кентукки штаты, Луисвил қаласы. Танымал «South Park» мультсериалында KFC өсіп келе жатқан жастар арасында есірткі сынды өнім ретінде ұсынылған. Әлемнің жүздеген елінде 10 мыңнан аса рестораны бар KFC-дің шығу тарихы туралы біле жүріңіз.

Гарланд Сандерстің миллионер болуға жасаған 5 қадамы

1890 жылы 9 қыркүйекте Америкада қарапайым отбасыда Гарланд Сандерс есімді нәресте дүниеге келеді. Жастайынан өмірдің қиындығын көрген Гарландтың жұмысшы әкесі 6-сынып оқып жүргенде қайтыс болады. Үй шаруасымен айналысатын анасы мен соңынан ерген екі бауырын асырау үшін Гарланд оқуды тастап, түрлі жұмыстар атқарады. Тіпті інісі мен қарындасына дәмді тағамдар жасауды үйренеді. Өмірі күрт өзгеріске түскен Гарланд Гринвуд қаласында фермаға жұмысқа кіреді. Алайда, анасы екінші рет тұрмыс құрып, екінші әкесінен өгейлік сезінген ол 15 жасынан басқа қалаға жұмыс істеуге көшіп кетеді. Ол 6 сыныптық білімімен тіршілік жасау мақсатында алдына келген қиындықтарға қарамастан миллионер болуға алғашқы қадамдарын қарапайым жұмысшы болудан бастайды.


Фото: whats-on.ru

KFC қалай пайда болды?

1. Ауыл шаруашылығы, қоғамдық көлікте кондуктор, АҚШ-тың теміржол компаниясында от жағушы, Кубада әскер жауынгері, ұстаның көмекшісі, сотта заңгерлік курстардың тәлімгері, сақтандыру агенті, жүк тасушы, кеме капитаны, автокөлік дөңгелегін сатушы, көлік жөндеуші қызметтерін атқарады. Ақша табу жолында 40 жасына дейін қара жұмыспен айналысқан Гарландтың Клавдия есімді әйелі, үш баласы болады.

2.1931 жылы жағармай бекетінде жұмыс істейтін Гарланд Сандерс жұмысқа жақын маңда тамақтану орындары жоқ екенін байқап, жұмысқа жақын жерден кішкентай тамақ сататын орын ашып, өзі қуырып дайындаған тауық етін сата бастайды. Кентукки штатының адам қарасы таусылмайтын Корбин бекетінде шағын кәсібі жылдам дами бастайды. Гарландты халықты дайын аспен қамтамасыз еткені үшін 1935 жылы штат губернаторы «Кентуккидің полковнигі» атағымен марапаттайды. 1949 жылы атағы аймаққа жайылған Гарландтың аты шыға бастайды. Сақал өсіріп, көпшілік алдында ақ костюммен шығады, ленталы галстук тағады. Бүгінде әлемнің барлық KFC мейрамханасының логотипінде бейнелеген Гарланд ақ костюммен таныс.

3.Гарландтың бизнесі үлкейіп, 142 орынды мейрамханасы бар қонақүйге көшеді. Қонақүйдің бастапқы аты ұмытылып, «Полковник Сандерстің кентуккилік қуырылған тауықтары» деген атпен танылады. Бүгінде бұл мейрамхана оның жеке мұражайы мен дәмханасына айналды. Гарланд осы жерде 10 жылдан астам дәмді тауық әзірлеудің қыр-сырын ашып, түрлі әдістерін ойлап табумен шұғылданады. 1950 жылы губернатор Лоренс Везербидің қолынан «Кентукки полковнигі» атағын екінші рет алады. Бұл «полковник» атағы әскери қызмет атқарғаны үшін емес, қоғамға тигізген еңбегі үшін берілді.


Фото: whats-on.ru

4. 62 жасында Гарландтың бизнесі тоқырауға ұшырайды. Себебі мейрамханаға келетін жолдың өзгертілуіне байланысты тұтынушылар азаяды. Ол тағы да қартайған шағында жұмыссыз, ақшасыз қалады. Енді ол тек мемлекет тарапынан ай сайын берілетін 105 долларға қарап қалады. Гарланд 1008 мейрамхананы аралап, ұсыныс жасаумен болады. Бастапқыда оның ұсынысынан бәрі бас тартады. Дегенмен, 1009-мейрамхана ұсынысын қабылдап, қапқа толы дәмдеуіштерін сатып ала бастайды. 1952 жылы қуырылған тауық аяқтарының авторлық белгісін Пит Харманның Солт-Лейк-Сити мейрамханасына сатады. Пит Харман өз мейрамханасын «Қуырылған Кентукки тауықтары» атайды.

5. Гарланд мұнымен тоқтап қалмайды, Американың мейрамханаларын аралап, дәмді KFC тауығын әзірлеудің құпия әдістерін үйретеді. Уақыт өте келе құпия әдісті үйретуші автор ретінде қомақты авторлық табысқа ие болды. 1960 жылдары кәсіпкер Гарландтың табысы қайта артып, жүздеген мейрамханаға иелік етті. 1964 жылы Сандерс корпорациясын Джон Браун есімді кентуккилік кәсіпкерге 2 миллион долларға сатады. Әлемнің барлық алпауыт еліне Гарланд KFC келбетімен бренд ретінде танылды.

Өмірінің соңғы жылдарына дейін аянбай еңбек етіп, әлемнің әр жерінде KFC ресми ашылуларына қатысады. Тіпті журналистер «Сіз зейнеткерлікке шықпайсыз ба?» деген сауалына «Өмірде баю үшін емес, кәсіпті жан-жақты жандандыру үшін жүрмін» деп жауап берген. Гарланд Сандерс 1980 жылы 16 желтоқсанда 90 жасында өкпе қабынуынан көз жұмды.

Құпия KFC тауығының құрамын білесіз бе?

Қытырлақ қуырылған тауық етінің дайындалу құрамы баршаға белгілі майға ұнға аударылған тауық етін қуырады. Алайда қандай тұздықтар арқылы әзірленетіні әлі күнге дейін құпия сақталған. Тіпті жер дүниенің түкпір-түкпірінде орналасқан KFC әзірлеуші орындарға тұздық дайын түрінде әкелінеді. Сондықтан құпияға қол жеткізе алмайтынын түсінген зерттеуші мамандар қанша тырысса да біле алмай келеді. Гарланд Сандерстің бұрын берген мәліметінде дәмдеуіш қоспасы 11 түрлі құрамнан дайындалған. Енді бір аспазшылар Гарландтың құпия дәмдеуіші қара бұрыш, иісті бұрыш, зімбір, гамамелис, қалампыр, майоран, тимьян, тасшөп және шалфей өнімдерінен жасалған деп жобалайды. Тіпті Kentucky Fried Chicken дәмдеуішінің құпиясын ашу үшін түрлі аспаздар арасында сайыстар ұйымдастырылғанымен нәтиже шықпады. Алайда, 1970 жылы үй шаруасындағы Глория Питцер есімді адам Гарланд дәмдеуішінің құпиясын ашу үшін газет беттеріне өзі дайындаған нұсқаларын ұсынды. Ол «сарымсақ, тұз, пияз, паприка, қара бұрыш, иісті бұрыш, насыбайгүл, орегано, шалфей, өткір, зімбір, және гүлшетеннен жасалған дәмдеуішке ұн мен сыра, сода, тұз араласқан түріне тауықты салып, арнайы майға қуырады» деп береді. Құпия сақталудың негізгі мақсаты сауда айналымында тұтынушылар тарапынан қызығушылық артып, үй жағдайында дайындай алмай, арнайы KFC орталықтарынан сатылымға түсудің жолы. 1980 жылы арнайы зертханадан өткен KFC тауықтары тек тұз бен бұрыштың қосындысынан тұрады деген қорытындыға келді. Ал бүгінгі таңда қолданып жүрген дәмдеуіш түрі алғашқы ойлап тапқан Гарланд дәмдеуішінен бөлек.

Қалай әзірленеді?

KFC дәмдеуіштерге 4-5 минут малынып тұрғаннан соң, 185°C температурадағы пеште 7 минут пісіреді. Піскен тауықты суытып, қуырады. Егер дайындалған KFC тауық 1,5 сағаттан астам тұрып қалса, сатпай, лақтырып тастау керек. Әр елде қуыруға арналған күнбағыс, соя, рапс немесе пальма майы қолданылады. Мамандардың айтуынша, KFC тауық етінің дәмділігі қолданылатын майдың сапасы мен тауық етіне байланысты. KFC кішкентай ащы тауық аяқтарынан жасалынған «Popcorn Chicken» және Австралияда «Kentucky Nuggets» атауымен танымал. Сондай-ақ, KFC тауық еті түрлі елдің сұранысына сәйкес жасалынады. Мәселен, АҚШ елінде гриль, бауыр етінен дайындалса, тауық еті мұсылман мемлекеттерінде халал түрінде жасалады. Азияда тауық етінің өте ащы болып жасалуына сұраныс көп. Ал Жапония, Сингапур, Эквадор және Кариб жағалауы елдерінде KFC теңіз өнімдерінен жасалынады.

KFC Моңғолияда

KFC Моңғолияға 2013 жылы ашылды. Елімізде тұтынушылары күн санап артып, KFC аз уақытта танымал брендке айналды. YUM! Asia Franchise Pte. Ltd компаниясынан KFC желісін Моңғолияға ресми ашу құқығын  Таван Богд Фүүдс компаниясы иемденеді. 2013 жылы мамыр айында Улаанбаатар қаласының Бизнес плаза  орталығында ашылған рестораны қазіргі уақытта елімізде KFC сататын 12 орын бар.

Алғашқы KFC тарихы?

1960 жылы KFC-дің мейрамхана саны 200 болды. 1963 жылы көрсеткіш саны 600-ге жетіп, АҚШ-тың ең үздік көшбасшы сатылым өнімі атағын иеленді. Дәл осы жылы Гарланд Сандерс өз қорғаушысының (адвокат) ұлы Джон Браунмен келісімге келіп, компанияны 2 млн долларға сатуға келісті. Гарланд Сандерс туыстары сатылымға қарсы болғанына қарамастан Джон Браунға брендты сатып жіберді. Джон Браунның айтуынша, Гарланд Сандерстің сол уақытта кәсіпке деген қызығушылығы мүлде төмендеп кеткенін айтады. Оның ойынша Гарланд өзін табысты кәсіпкер бола алмадым деп есептейді. Джон Браунмен бірге сатып алуға төленген қаржының 60% Джек Мэсси көтерген. 1974 жылы Мэсси мен Браун барлық сатылымдағы мейрамхана мәзірінен өзге тағамдарды алдыртып тастап, тек KFC тағамын қалдырады. Бренд өркендеуі үшін жаңа басшылар енгізген ережелермен қоса, мейрамхана дизайнын ақ пен қызыл түс араласқан жолаққа ауыстырады. Мэсси өндіріс орнының ыңғайы үшін Кентуккиде орналасқан KFC орнын Теннесси штабына ауыстырды. Бұл өзгерістерге Гарланд Сандерс түбегейлі қарсылық танытты. Келісім бойынша Гарланд Канадада орналасқан KFC өніміне жауапты еді. 1968 жылы бренд өндіріс орындары 863-ке жетті. 1969 жылы KFC Нью-Йорк қор биржасының тізіміне енді. Сол сәтте KFC басшылығы өзге компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашты. Мәселен, Браун Kentucky Roast Beef кафесін, Colonel Sanders Inns атындағы қонақ үй ашты. 1970 жылы Мэсси орнын босатып, компания толығымен Браунға тиесілі болды. Әлемің 48 елінде 6 000 орталығы бар KFC танымалдығы арта түсті. 1971 жылы Браун KFC-ді «Heublein» орама дайын өнім өндіруші корпорацияға 285 миллион долларға сатады. Сауда айналымы мен кәсіпте табысқа жетудің қыр-сырын жақсы білетін «Heublein» басшылығы KFC сұранысын арттырудың жаңа жолдарын қарастырды.

KFC-дің танымал ұраны қандай?

1956 жылы алғашқы KFC ұраны «North America’s Hospitality Dish» (Солтүстік Америка қонақжайлығы) атауымен жарық көрді. 1957-1967 жылдар аралығында «We fix Sunday dinner seven nights a week» (Біз жексенбілік түскі асты 7 күн бойы дайындаймыз) ұранымен танылды. 1998 жылы Австралияда «Nobody does chicken like KFC» (KFC сияқты тауықты ешкім дайындай алмайды) ұраны қолданысқа шықты. Сол сәттен бастап бұл ұран өзге де мемлекеттерде қолданылып кетті.

ХХ ғасырда танымал ұранға айналған «finger lickin’ good» 2006 жылға дейін қолданылды. Ал 2006 жылы «Follow your taste» (Өзің қалаған дәмге бар) сөзін 2010 жылға дейін қолданды. 2011 жылы «So good» (Қандай керемет) ұранымен әлемге танылды.

KFC брендінің белгісі

Алғашқы компания белгісі 1952 жылы жарияланды. Онда Kentucky Fried Chicken жазуымен әйгілі полковниктің бейнесі бар. Логотип дизайнын жасаған — Lippincott & Margulies. 1978 жылы KFC қайта жаңа логотип бейнесін жасайды. Нью-Йоркте «Schechter & Luth» өндірісі Kentucky Fried Chicken жазуын қысқартып жасаған. Ол алғаш рет 1991 жылы көрсетілімге жарияланып, полковник Гарлонд Сандерс бейнесі қоңыр түспен емес, көкшіл түспен бейнеленген. «Landor» компаниясы 1997 жылы бренд белгісін қайта жаңартып, шынайы бейнелі полковник суретін салдырады. 2006 жылы «Tesser» өндірісі өздері ұсынған жаңа логотип белгісінде Гарлонд Сандерс ақ костюм сыртынан асхана алжапқышын таққан бейнені ұсынды. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, барлық әлемде қолданатын тұрақты бренд белгісіне айналды. АҚШ-тың KFC президенті Грег Дедриктің ойынша, бұл қабылданған белгі полковник Гарлонд Сандерстің KFC-ді ойлап тапқан адам ретінде және оның аспазшы болғандығын дәлелдейтін факт.

Дайындаған: С.Жанерке

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Подкаст: Мүпти Қабылұлының аймақтық қазақ радиосына берген сұхбаты

Published

on

Көшелік компаниясының директоры Мүпти Қабылұлының аймақтық қазақ радиосына берген сұхбатын ұсынамыз.

Журналист Төлеубай Қапышұлы 

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Клаус Шваб: Төртінші индустриялық революция

Published

on

Авторы: Клаус Шваб
Аудармашылар: Ақыш Н.Б., Бимендиева Л.Ә., Матыжанов К. І.

Ілкі бағдарламаны төрткүл әлемнің небір ақылгөйлері мен даналарының таңдайын қақтырған заманауи әдебиеттің көшін бастап тұрған еңбек – «Төртінші өнеркәсіптік революцияға» арнамақпыз. Біз бүгінде орасан өзгерістердің кілті – төңкерістер тұсында өмір сүріп жатырмыз. Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі тұрақты президенті Клаус Шваб табаны күректей 40 жыл ішінде жазған бұл еңбегі ғаламдағы шым-шытырық өнеркәсіптік өзгерістер әлеміне салынған соқпақ сынды енді. Бұл кітап айрықша үздік технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып әлемді өзгертемін деушілерге таптырмас құрал. Сонымен, кітап не туралы?


Автор туралы:
Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» атты туындысы қазіргі технологиялардың адамзат өміріне алып келетін түбегейлі өзгерістері туралы баяндайтын осы күнгі әлемдік бестселердің бірі.

Аннотация:
Біз бүгін баршамыздың өмірімізді де, жұмысымызды да, күнделікті қарым-қатынасымызды да түбегейлі өзгертетін алапат индустриялық революцияның бастауында тұрмыз. Бұл төртінші революция ауқымы, қарымы мен күрделілігі революция жағынан да осы уақытқа дейінгі адамзат тарихындағы құбылыстардың барлығынан асып түседі. Жасанды интеллектінің, роботтандырудың, робот-автомобильдердің, 3D басып шығарудың, нанотехнологияның, биотехнологияның дамуымен және тағы да толып жатқан ғажайыптардың пайда болуымен барлық салада қарыштап көкке өрлейтін, таңғаларлық технологиялық дүмпуге куә болмақпыз. Бүкіләлемдік экономикалық Давос форумының негізін қалаушы және тұрақты президенті Клаус Шваб осындай алапат өзгерістердің әлеуетін алдын ала болжап, терең байыптап, оны адамзат игілігіне жарату жолдарын қарастыратын еңбек жазған. Демек, бұл кітап адамзаттың ортақ болашағы үшін алаңдайтын және революциялық технологияларды қоғам тіршілігіне икемдеуге ниетті жасампаз ортаға арналған.

КІТАПТЫ ТОЛЫҚ ОҚУ

ТЫҢДАУ

Continue Reading

Кітаптан үзінді...

Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар?

Published

on

Photo: Inc.com

Кітап оқу өмірді 2 жылға ұзартады. Бұл – Йель университетінің ғалымдары дәлелдеген факт. Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы байланыс күшейеді. Бұл өз кезегінде нейродегенеративті аурулардың пайда болуын тежейді. Кітап оқу есте сақтау қабілетін жақсартып, депрессиямен күресудің жақсы әдісі болып табылады.

Оқу күйзелісті төмендетеді

Ғалымдар мен дәрігерлер күйзелістің – адам бойындағы аурулардың 60% себепші болатынын айтады. Ұзақ уақытқа созылған күйзеліс инсульттің қаупін 50%-ға, жүрек-қан тамырлары ауруларыны пайда болуын 40%-ға арттырады. Ал кітап оқу күйзеліс деңгейін 68% төмендете алады екен. Не бары  6 минут кітап оқу жүрек соғысын бәсеңдетіп, бұлшық ет қызуын төмендетеді. Бірақ бұл дегеніміз монитордан оқу емес.

Оқу ұйқысыздықтан емдейді

Көптеген адамдар жатар алдында планшет пен телефонды қолданады. Олардан шығатын көк түсті жарық ағзадағы мелатонин (ұйқы гормоны) гормонының шығу қабілеттін әлсіретеді. Ал кітап оқу жатар алдында ұйқы шақырады екен.

Кітап оқу қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі

Кейбір адамдар кітапты шынайылықтан қашу дейді. Бірақ, ғылыми зерттеулер кітап оқудың қоғамдық қабілеттерді жоғарылататынын көрсеткен. Кітапты көп оқыған адамдарға басқалармен тіл табысу,  қиын жағдайлардан шығу, тіпті сүйген адамын түсіну де жеңілірек.

Гүлмира, Bugin

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 months ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде2 months ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде5 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде5 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде5 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде5 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде6 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде6 months ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Статистика

  • 251
  • 9,935
  • 193,584

Басты назарда