Connect with us

Моңғолияда

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 4,7% -бен өскен

Published

on

Фото: Нұрболат Мұсабайұлы

KAZNEWS – БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚАНДАЙ?

Халық саны

Баян-Өлгий аймағының халық саны 2019 жылғы 30 қыркүйектегі статистикалық мәлімет бойынша 105590 адамға жеткен. Ал, 2020 жылғы қаңтар бойынша халықтың таза өсімі 1.8 пунктті құраған.

Жұмыссыздық деңгейі

Сұмын әкімшілігі мен аймақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тіркеулі жұмыссыз азаматтардың саны 2020 жылғы қаңтарда 719 болғаны өткен жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 445 адаммен яғни 38.2 пайызға азайған. Жұмыссыз азаматтардың 45.3 пайызын әйелдер, 51.6 пайызын 15-34 жас аралығындағы азаматтар иеленсе, олардың 20.9 пайызында жоғарғы білімі бар. Жаңадан 35 жұмыс орны пайда болғанының 18-і таукен саласына, 17 өңдеу өнеркәсібіне тиесілі.

Тіркеулі жұмыссыз азаматтардың білім деңгейі

Өнеркәсіп 

2020 жылғы қаңтар айында өнеркәсіп саласының кірісі 1576.1 млн төгрөг болғаны, 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 34.7 пайызға, сату көлемі 21.3 пайызға өскен. Өсімнің артуына электр қуатының кірісі әсер еткен.

Ауыл шаруашылығы

Ешкі терісі 32000, қой терісі 500, сиырдың терісі 6500, жылқы терісі 8000, ешкі түбіті 65000 төгрөгті құрап тұр. 2019 жылы қаңтарда ешкі терісі 25000, қой терісі 2000, сиырдың терісі 8000, жылқы терісі 10000, түбіт бағасы 80000 төгрөг болған.

Банк, жинақ, кредит

Аймақтық Моңғол банк филиалының мәліметі бойынша қаңтар айында несие көлемі 173.5 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы қаңтар айынмен салыстырғанда 0.2 пайызға өскен. Мерзімі өткен несие 3.8 миллиардқа жетуі 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 37.3 пайызға, нашар несие 2.1 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 28.8 пайызға өскен.

Азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 106.9 миллиард төгрөгті құрап, 2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 0.9%-бен кеміген.

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлар

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 2020 жылғы қаңтарды 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 4,7% -бен, 2019 жылғы желтоқсанға салыстырғанда 0,1% -бен өскен. Азық түлік өнімдері мен алкоголь емес сусындар 3,1%-дан, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне 4.1%-дан, киім және аяқкиімге 4.2%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға 2.8%-дан, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау қызметтеріне 2.2%-дан, қонақ үй, қоғамдық тамақтардыру қызметтеріне 26.8%-дан, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер саласына тарифтерге 6.7%-дан, білім беру қызметіне 18.6%-дан, транспорт 0.3%-дан қосылған. Баға өзгерістері апта сайынғы жинақталған мәліметтерге сүйеніп зерттеледі. Қой еті 9.5%-бен, сиырдың сүйекті етінің бағасы 10.6%-бен, ешкі еті 15.4%-бен, құмтәтті 1,6%-бен, дизель отыны 2.4%-бен өсіп, ұн 1-сорт 5.1%-бен, сұйық сүт 20.0%, АИ80 бензин 4.4%-бен, АИ92 бензин 2.5%-бен, түбіттің бағасы 12.3%-бен, престелген шөптің бағасы 49.5%-бен арзандаған.

Фото: Нұрболат Мусабайұлы

Моңғолияда

Моңғолия Президенті қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Published

on

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолиядағы Қазақстан Республикасының азаматтары назарына

Published

on

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясының таралуын пандемия деп тануына байланысты Моңғолия аумағында тұрақты тұратын, болу еліне еңбек шарты негізінде жұмыс істеуге (халықаралық ұйымдар мен компаниялардың қызметкерлері, инвесторлар, жеке кәсіпкерлер), ұзақ мерзімді қызметтік іссапармен және жеке шаруаларыменкелген (туған-туысқандарына, достарына және қонаққа келген азаматтар)Қазақстан Республикасының азаматтарынмүмкіндігінше қысқа мерзімдеЕлшілікке хабарласуды және консулдық есепке тұруды сұраймыз. Бұл іс-шара Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы азаматтарының санын анықтау үшін маңызды екенін атап өтеміз.
Консулдық есепке тұру үшін төмендегі мәліметтерді s.zhumatayeva@mfa.kz, ulaanbaatar@mfa.kz және zhasmin14@gmail.com электрондық пошталарға жіберуді сұраймыз:
– аты-жөні;
– туған жылы;
– ЖСН (ИИН);
– жұмыс орны;
– жұмыс визасының мерзімі;
– Моңғолия аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы;
– телефон нөмірі.
Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу мақсатында консулдық есепке тұру, миграциялық тіркеуді созу, моңғол-ресей шекарасының 2020 жылғы 1 мамырға дейін жабылуына байланысты Қазақстанға қайту және басқа да консулдық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды Елшіліктің Консулы Шынар Жұматаеваға
+ 976 9595 0750 және +976-11 345408 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы шешуді ұсынамыз. Көрсетілген байланыс телефондары 24 сағат жұмыс істейді.
Моңғолияда жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қазақстандық дипломатиялық миссиямен байланыста болуды және коронавирус инфекциясын жұқтыру күдігі туындаған кезде Елшіліктің Консулына дереу хабарласу керек екенін назар аударамыз.
Құрметті азамттар, өз денсаулықтарыңызға мұқият болуды және COVID-19инфекциясын жұқтырмау үшін қажетті профилактикалық шараларды (жиі қолды жуу, маска кию, көпшілік жиналған жерлерге бармау және т.б.) ұстануды өтінеміз.

ҚР Моңғолиядағы Елшілігі

Continue Reading

Моңғолияда

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Published

on

Continue Reading

Моңғолияда

ҚР-ның Елшісі қандастарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Published

on

Құрметті қандастар!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – күн мен түннің, қыс пен жаздың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мейрамы.
Ұлыстың ұлы күні – «Қызыр түнін» күтіп, жақсылық құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын сенім мерекесі.
Нұр көктеммен қатар келген ұлық мерекеде әр шаңыраққа жақсылық, өскелең ұрпаққа амандық тілей отырақандастарымыздың бірлігі мәңгі, ынтымақтастығымыз жемісті болсын дегіміз келеді.
Баршаңызды көктемнің шуақты да шырайлы мерекесімен құттықтай отырып, Наурыз мейрамы жақсы істер мен игі бастамалардың бастауы болуына тілектеспін!
Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын құрметті қандастар!

Ізгі ниетпен,

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ
ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
ЖАЛҒАС ӘДІЛБАЕВ ЖҰМАҰЛЫ

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...2 months ago

Клаус Шваб: Төртінші индустриялық революция

Авторы: Клаус Шваб Аудармашылар: Ақыш Н.Б., Бимендиева Л.Ә., Матыжанов К. І. Ілкі бағдарламаны төрткүл әлемнің небір ақылгөйлері мен даналарының таңдайын...

Әлемде2 months ago

Фото: Маскалы әлем

KAZNEWS – Коронавирустық инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 9000-нан асып, Қытайда 213-і көз жұмған. Дүниежүзінде аталмыш вирус Қытайдан бөлек 18 елде...

Әлемде2 months ago

Қазақстан Қытаймен 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты

Қытай азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз режим туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес, Қытай...

Әлемде2 months ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде2 months ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде3 months ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде3 months ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде4 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Басты назарда