Connect with us

Моңғолияда

Қазақстандық дипломаттар қан тапсыру акциясына қатысты

Published

on

02 сәуір, KAZNEWS. Улаанбаатар қаласында қазақ диаспорасының белгілі тұлғаларының бірі, «Turan World» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Ерболат Әшікұлының бастамасымен және Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің қолдауымен «Тіршілік көзі» атты донорлық қан тапсыру қайырымдылық акциясы өтті. Игілікті іс-шарада Моңғолия астанасын мекендейтін қандастарымыз және Елшілік қызметкерлері белсенділік танытты. Қан тапсырмас бұрын, ниет білдірушілер қалыпты медициналық тексерулерден өткізілді.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев моңғол бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында қазіргі әлемді жайлаған COVID-19 пандемиясы кезінде адам денсаулығы басты құндылық екенін баса айтты. Осы құндылықты сақтауда дәрігерлердің еңбектерін әлем жұрты мойындауда. Сондай-ақ, бұл іс-шараға қатысу Қазақстан Елшілігінің моңғол халқына деген ілтипаты екенін мәлімдеді. Осы себепті Елшілік қан тапсыру сияқты игі істерге алдағы уақытта да белсене қатысуға әзір екенін атап өтті.

«Дені сау адам үшін қан тапсыру қауіпсіз, тіпті бұл үрдістің ағза үшін де пайдасы зор», – деді Ұлан-Батыр қаласы №2 емханасының Қан сапасы және қауіпсіздік жөніндегі бөлім меңгерушісі Т.Алимаа. «Қан тапсырушы донордың ағзасы әрдайым жаңарып, тазарып отырады, ал бұл жүрек, көктамыр және басқа да аурулардың алдын алуға септігі бар», – деді.

Белгіленген уақытқа дейін шамамен 50 адам донор атанып, өзге жандардың өміріне үміт отын сыйлауға көмегін тигізеді.

Айта кетейік, акцияның негізгі мақсаты – донорлықты дәріптеу, қан мен оның компоненттерінің санын арттыру, қайырымдылыққа ат салысу.

Улаанбаатар хот дахь Казахстаны дипломат ажилтнууд цус хандивлах сайн дурын аянд оролцлоо

2021 оны 4-р сарын 2-нд Улаанбаатар хот дахь казах иргэдийн идэвхтэн, «Turan World» ХХК-нийн Тэргүүн Ашик овогтой Ерболатын санаачилгаар мөн Бүгд Найрамдах Казахстан Улсаас Монгол Улсад суугаа Элчин сайдын яамны дэмжлэгтэйгээр «Амьдралын эх булаг» сэдвийн дор цус хандивлах сайн дурын аян зохион байгуулагдав.

Уг буяны арга хэмжээнд Монгол Улсын Нийслэлд амьдардаг казах иргэдийн төлөөлөл болон ЭСЯ-ны ажилтнууд идэвхтэй оролцлоо. Цус хандивлах хүсэлт гаргасан иргэд эхлээд эрүүл мэндийн үзлэгт хамрагдлаа.

Цаашлаад Бүгд Найрамдах Казахстан Улсаас Монгол Улсад суугаа Онц бөгөөд Бүрэн эрхт Элчин сайд Жалгас Адилбаев Монголын хэвлэл мэдээллийн хэрэгслүүдэд өгсөн ярилцлагадаа дэлхий нийтийг хамарсан COVID-19 цар тахлын үед хүн эрүүл байх нь хамгийн үнэ цэнэтэй зүйл болохыг онцлон тэмдэглэв. «Энэхүү үнэ цэнийг хадгалахын төлөө зүтгэж буй эмч нарын хөдөлмөрийг дэлхий нийт хүлээн зөвшөөрч байна. Тэрээр энэхүү арга хэмжээнд оролцож байгаа явдал нь Казахстаны Элчин сайдын яамны монгол түмэнд үзүүлж буй хүндэтгэлийн илэрхийлэл», -гэдгийг дурдлаа. Мөн ЭСЯ-ны зүгээс цусаа хандивлах зэрэг сайн аяны үйлсэд үргэлжлүүлэн идэвхтэй оролцоход бэлэн байгаагаа илэрхийллээ.

«Цус өгөх нь хүний эрүүл мэндэд аюулгүй харин ч хүний биед маш их тустай байдаг»,- хэмээн Улаанбаатар хотын 2-р эмнэлгийн Цусны чанар, аюулгүй байдлын тасгийн эрхлэгч Т.Алимаа хэллээ. «Цусны донор хүний бие байнга шинэчлэгдэж, цэвэрлэгдэж байдаг нь зүрх, судас болон бусад өвчнөөс урьдчилан сэргийлэхэд тусалдаг»,- гэдгийг тэрээр онцолж байлаа.

Товлосон цагт 50 орчим хүн цусаа хандивлаж бусдын амьдралд итгэл, найдвар төрүүлэхэд ийнхүү тусаллаа.

Энэхүү аяны гол зорилго нь цусны донорыг сурталчлах, цус, түүний бүрэлдэхүүн хэсгүүдийн тоог нэмэгдүүлэх, буяны ажилд оролцох явдал юм.

Моңғолияда

Түркия Елшілігі: Бос орын туралы құлақтандыру

Published

on

1 мамыр, KAZNEWS. Түркия Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі жақын арада жұмысты бастай алатын  қызметкер іздеуде.

Негізгі орындалуға тиісті тапсырмалар, қажетті құжаттар мен талаптар туралы толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы білуге болады.

Өтініш берудің соңғы мерзімі – 2021 жылғы 14 мамыр, жұма. Өтініштерді Улаанбаатар қаласы, Энхтайван даңғылы – 17, Елшіліктің ғимаратына жеткізіп беруге немесе пошта арқылы жолдауға болады.

Сыналту – 2021 жылғы 20 мамыр, бейсенбіде ұйымдастырылады.

Байланыс телефоны: +976 11 329 545, Факс: +976 11 313 992

Түснұсқа: http://ulanbator.be.mfa.gov.tr/

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Үндістанға 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді

Published

on

30 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Үкіметі коронавирус инфекциясымен күрес аясында Үндістан Республикасына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Моңғолия Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гуманитарлық көмек көрсету туралы ақпаратты Моңғолия Премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ Үндістан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі М.П.Сингхты қабылдаған сәтте жеткізді.

Бұған дейін 2021 жылы ақпан айында Үндістан Үкіметі Моңғолияға 150 мың вакцина жіберген болатын.

Үндістан мен Моңғолия арасындағы қатынастар: Тараптар 1955 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Үнді-Моңғол ынтымақтастығы бұрын тек дипломатиялық сапарлармен, жеңілдетілген несиелермен және қаржылық көмекпен, IT саласындағы ынтымақтастықтармен шектеліп келген.

2015 жылы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидың Улаанбаатарға сапары аясында “Мұнай өңдеу өндірісін салу жобасына миллиард доллар несие” беруге уағдаласқаны екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа сатыға көтерілуіне түрткі болып, тараптар «стратегиялық серіктестік» жариялаған болатын.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда кейінгі тәулікте 742 адамнан коронавирус анықталды

Published

on

15 сәуір – Kaznews. Моңғолияда кейінгі тәулікте 742 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Айта кетейік, бұған дейін 14 сәуірде 1220 жағдай, ал 13 сәуірдегі жағдай бойынша 885  адамнан COVID-19 анықталған болатын.

Аймақтар бойынша, бүгін Улаанбаатар қаласында 654, Архангай 6, Дархан 14, Орхон аймағынан 28, Завхан 4, Дундговь 3, Дорноговь 1, Сүхбаатар 2, Сэлэнгэ 6, Төв 10, Увс 1, Ховд 5, Хөвсгөл 1 және Хэнтий аймағынан 4 жағдай тіркелді.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 18,565.
Елімізде кейінгі тәулікте – 385 адам коронавирустен жазылып шыққан.
Моңғолия бойынша аурудан айыққандар саны  – 10,638.

Сонымен қатар, Моңғолиядағы коронавирус ақуалының таралуына байланысты Оксфорд университетінің қатысуымен құрылған Our World In Data статистикалық ақпараттық порталы жаңа ақпарат берді. Сайттың хабарлауынша Моңғолияның миллион тұрғынға шаққандағы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 44-орында тұр.

14 сәуірдегі мәліметке жүгінсек Моңғолияда миллион тұрғынға шаққанда 276,23 жаңа жағдай тіркелді. Әлемдегі эпидемия деңгейі жоғары бес елмен салыстырғанда Моңғолия Үндістан, АҚШ және Ресейді басып озғанын көруге болады. 

Ал, Азия құрлығында бірінші орынға шыққанын көруге болады.

Халқы аз ел үшін бұл үлкен қауіп. Сондықтан аймақтық Төтенше комиссияның тақауырына құлақ асып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, маска тағып жүру аса маңызды болып отыр. 

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғол ғарышкерінің ғарыш кеңістігіне сапар шеккеніне 40 жыл

Published

on

09 сәуір, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінде ғарышкерлер күні мерекесі қарсаңында Моңғолияның алғашқы ғарышкері, Моңғол Халық Республикасының батыры, Кеңес Одағының батыры, Жезқазған бен Байқоңыр қалаларының Құрметті азаматы, генерал-майор Жүгдэрдэмидийн Гүррагчаамен достық кездесу өткізілді.

Биылғы жылы алғашқы Моңғолия ғарышкерінің ғарышқа ұшқанына 40 жыл және адамзаттың ғарыш кеңістігіне алғашқы рет сапар жасағанына 60 жыл толып отыр.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ж.Әділбаев тарихи дамуында көптеген ұқсастықтарға ие екі халық арасындағы достық қатынастар мен қазақстан-моңғол ынтымақтастығының қазіргі даму деңгейі туралы айтып өтті. Сонымен қатар Моңғолия ғарышкерінің ұшуы 1981 жылы 22 наурыз мейрамы кезінде қазақтың Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылғандығын және барлық ғарыш кемелерінің қазақ жеріне қайта оралатынын айтып өтті.

Өз кезегінде, Ж.Гүррагчаа бортта халықаралық экипажы бар «Союз-39» ғарыш кемесінің Байқоңырдан ұшуы барысындағы өзінің әсерлері мен экспедиция кезінде Моңғолия ғылымының дамуына зор үлесін қосқан 50-ден астам ғылыми-тәжірибелер жүргізілгендігі туралы естеліктерімен бөлісті.

Ж.Гүррагчаа жақын достарының ішінде қазақстандық әріптестер де бар екенін және олардың жоғары кәсіби біліктіліктерін атап өтті. Ол бүгінгі күнге дейін қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіровпен және Талғат Мұсабаевпен достық қарым-қатынаста екендігін айтты.

Кездесу соңында тараптар бұдан әрі біріге кездесулер мен түрлі шаралар өткізуге және ғарыш саласындағы байланыстарды жандандырып, өзара тәжірибе алмасып отыруға дайын екендіктерін білдірілді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде1 week ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Әлемде1 week ago

СӘЛЕМ, ҚАНДАСТАР! ҰБТ-ҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Барлық сұрақтар бойынша «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың қызметкерлері төменде көрсетілген кесте бойынша жеке жауап беретін болады: Дүйсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00...

Әлемде1 week ago

Қазақ тілі шет тілі ретінде: ғылыми-практикалық бағыт

ЖОО дейінгі білім беру факультетінде Қазақстанның жетекші университеттерінен білім алған, шетелдік студенттермен жұмыс істеуде үлкен тәжірибелері бар, жоғары маманданған қазақ...

Әлемде2 weeks ago

Қазақ тілін оқытудың бірегей әдістемесі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында 1991-1992 оқу...

Әлемде2 weeks ago

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті 1985 жылғы 15 тамызда Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс,...

Дерек3 weeks ago

Баян-Өлгийлік балалар Сорабан сампин бойынша онлайн сайыста жүлделі болды

Елімізде 10 сәуірде балалар арасында сорабан сампин бойынша онлайн сайыс өтті, – деп хабарлайды KAZNEWS ақпарат агенттігі Тояа балалар академиясының...

Дерек4 weeks ago

Марста жүрген робот селфи жіберді

11 сәуір, KAZNEWS. Марста жүрген Perseverance робот станциясы селфи жасады, – деп хабарлайды НАСА агенттігі. Сурет WATSON деп аталатын құралдың...

Әлемде4 weeks ago

Фоторепортаж: Аты аңызға айналған Аттила туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясында Мажарстанның Сыртқы сауда және сыртқы істер министрі Петер Сийярто мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы...

Басты назарда