Connect with us

Моңғолияда

COVID-19: Дүйсенбіде шектеулерді ұзарту немесе алып тастау туралы шешім шығады

Published

on

Моңғолия Үкіметінің 20 мамырдағы отырысында Мемлекеттік Төтенше жағдайлар комиссиясы күнделікті ақпараттарын таныстырды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің басшысы Ц.Ганзориг: «Отырыста коронавирус індетіне байланысты халықаралық және елімізде атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Дүйсенбі күні сағат 11:00 –де ТЖК-ның кеңейтілген отырысы өтеді. Моңғолия Премьер-министрі У.Хүрэлсүх бұл отырыста арнайы тапсырма береді. Әлеуметтік экономикалық бағытта азаматтар мен компаниялар үшін жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесіне есеп береді. Осы сияқты 20 ға жуық мәселені Үкімет отырысында сөйлесетін болады» –деді.

Advertisement


Моңғолияда

ХВҚ Моңғолияға COVID-19 вирусы салдарымен күресу үшін 99 млн доллар береді

Published

on

KAZNEWS – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Моңғолияға коронавирус салдарымен күресуге және сыртқы валюта қорын нығайту үшін 99 млн доллар бөлу келісімін бекітті.

Халықаралық валюта қорының атқарушы кеңесі бұл мәселені талқылағаннан кейін ХВҚ-ның төрағасының орынбасары Мицухиро Фурусава: “Моңғолия COVID-19 пандемиясының таралуын ойдағыдай тоқтатты, бірақ экспорттан түсетін табысының төмендеуі және аталмыш індетке қарсы атқарып жатқан шаралар ел экономикасына ауыр салмақ салып тұр. Сондықтан бұл қаржы коронавируспен және сыртқы валюта қорын нығайтуға жұмсалады.” – деп мәлімдеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Бүгін Моңғолияда коронавирустен 21 адам жазылып шықты

Published

on

KAZNEWS – Моңғолияда коронавирустен жазылғандар саны 21-ге жетті, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү.

Оның айтуынша өткен тәулікте 469 адамнан сараптама алып 468 адамынан коронавирус індеті табылған жоқ. 1 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Коронавирус індетімен ауырғандар саны бүгінгі мәлімет бойынша 186 ға жетті.

Бір жақсы хабарым бар. Бүгін коронавирустен 21 адам жазылып үйіне қайтты. Моңғолияда жазылғандардың салпы саны 65 адамды құрап отыр. Оның арасында тоғызы студенттер.

Continue Reading

Моңғолияда

Баян-Өлгий аймағының негізгі әлеуметтік көрсеткіштер серпіні қандай?

Published

on

Kaznews Agency – Баян-Өлгий аймағының 2020 жылғы сәуір айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер серпіні қандай?

Халық саны

2020 жылғы сәуір айындағы статистикалық мәлімет бойынша Баян-Өлгий аймағының халық саны 104631 адамға жеткен. Халықтың таза өсімі 0.1 пунктті құраған.

Жұмыссыздық деңгейі

Сұмын әкімшілігі мен аймақтық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына тіркеулі жұмыссыз азаматтардың саны 2020 жылғы қаңтарда 719 болса, сәуір айында 1177 ге жеткен. Бұл өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 99 адаммен яғни 9.2 пайызбен өскен. Жұмыссыз азаматтардың 47.2 пайызын әйелдер, 49.8 пайызын 15-34 жас аралығындағы азаматтар иеленсе, олардың 23.2 пайызында жоғарғы білімі бар. Жаңадан 70 жұмыс орны пайда болғанының 17 өңдеу өндіріс саласына, 16 толайым және бөлшектеп сату саласына тиесілі.

Өнеркәсіп

2020 жылғы сәуір айында өнеркәсіп саласының кірісі 6767.4 млн төгрөг болғаны, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 25.8 пайызға, сату көлемі 27.1 пайызға азайған. Өсімнің азаюына төтенше жағдай орын алғанына байланысты кейбір өндірістердің тоқтап қалуы әсер еткен.

Банк, жинақ, кредит

Аймақтық Моңғол банк филиалының мәліметі бойынша сәуір айында несие көлемі 154.7 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айынмен салыстырғанда 12.2 пайызбен азайған. Мерзімі өткен несие 4.8 миллиардқа жетуі 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 71.6 пайызға, нашар несие 2.2 миллиард төгрөгті көрсетуі өткен жылғы сәуір айымен салыстырғанда 24 пайызға өскен.
Азаматтардың банктердегі жинақ ақшасының мөлшері 107.1 миллиард төгрөгті құрап, 2019 жылғы сәуір айымен салыстырғанда 7.3%-бен артылған.

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлар

Халықтың тұрақты қолданысындағы тауарлардың негізгі бағасы 2020 жылғы сәуірді 2019 жылғы сәуірмен салыстырғанда 0.3% -бен, өткен наурыз айымен салыстырғанда 1.1% -бен түскен. Азық түлік өнімдері мен алкоголь емес сусындар 3,5%-дан, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне 3.9%-дан, киім және аяқкиімге 3.0%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға 2.4%-дан, дәрі-дәрмек, денсаулық сақтау қызметтеріне 2.6%-дан, қонақ үй, қоғамдық тамақтардыру қызметтеріне 26.5%-дан, тұрғын үй, коммуналдық қызметтер саласына тарифтерге 6.2%-дан, білім беру қызметіне 18.6%-дан қосылған.
Баға өзгерістері апта сайынғы жинақталған мәліметтерге сүйеніп зерттеледі. Қой еті 2.3%-бен, 1-сорт 1.8%-бен, түбіттің бағасы 68.4%-бен, АИ80 бензин 12.9%-бен, АИ92 бензин 12.6%-бен, дизель отыны 2.4%-бен, престелген шөптің бағасы 37.5%-бен арзандап, сиырдың сүйекті етінің бағасы 11.3%-бен, ешкі еті 2.6%-бен, құмтәтті 11.2%-бен, күріш 6.7%-бен, сұйық сүттің бағасы 6.9 пайызбен өскен.

Continue Reading

Моңғолияда

Д.Нямхүү: Ресейден келген 13 адамнан коронавирус анықталды

Published

on

Денсаулық сақтау министрлігінің кезекті баспасөз маслихатында Жұқпалы ауруларды зерттеу жөніндегі ұлттық орталығының директоры Д.Нямхүү мәлімет берді.

Оның айтуынша: «Өткен тәулікте Моңғолия бойынша барлығы 517 адамнан сынама алынған. Оның 504 адамынан коронавирус жағдайы анықталған жоқ. Ал, 26, 27 мамырда Ресейден келген 13 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды.

26 күні Мәскеуден Улаанбаатарға ұшақпен келген 170 адамнан екінші реткі тестілеуден кейін бір студенттен коронавирус табылған.

Кеше Алтанбулаг бекетімен келген 340 адамның 12-сі коронавирус жұқтырған. Олардың көбі 17-20 жас аралығындағы бірінші курс студенттері.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 161 ге жетіп, ауруынан айыққандар саны 43 болды.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде1 month ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде1 month ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде1 month ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде1 month ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Әлемде2 months ago

Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр

Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін. Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал...

Кітаптан үзінді...2 months ago

KFC қалай пайда болды?

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан...

Статистика

  • 213
  • 13,736
  • 145,476

Басты назарда