Connect with us

10 дерек

Foreign Policy: Коронавируcтен сақтанудың қарапайым 10 тәсілі

Published

on

ҚХР-нан шыққан адам өміріне қауіп төндіретін тәжвирусы /коронавирус/ әлем халқын әбігерге салып отыр. Бұл жөнінде АҚШ-тың Foreign Policy журналы атап өтіп, бірнеше ел мамандары бірлесіп, коронавирус жөнінде әзірге толық мәлімет жинай алмаса да, жұқпалы ауру таралған елдердің мамандары өткен уақыттарда болған «MERS», «SARS» сияқты жұқпалы аурулармен күресу кезінде қолданған нәтижелі сақтану амалдарын кеңес еткен. Ғалымдар өзіңізді және отбасыңызды Covid-19 вирусынан сақтаудың қарапайым 10 тәсілін ұсыныс етеді.

1. Үйден шыққан кезде міндетті түрде қолғап киіңіз. Қоғамдық мекемелер мен көліктерде жүрген кезде қолғабыңызды шешпеңіз. Сондай-ақ үйге келгеннен кейін сырт киіміңізді жуып, залалсыздандырыңыз.

2. Егер сіз қоғамдық орындарда қолғабыңызды шешіп тамақтанған кезде немесе кез-келген адаммен қол ұстасып амандасқан жағдайда қаншалықты қышынса да қолыңызды бет, көз және мұрныңызға жолатпаңыз. Қол жуған кезде жақсылап сабындап, жылы сумен жуып, кепкеннен кейін қолғабыңызды киіңіз. Мүмкіндігінше басқалармен қол ұстап амандасудан бас тартып, бас изесіп сәлем беріңіз.

3. Масканы тұрақты алмастырып, қолғап сияқты сырт киіміңізді үнемі жуып тұрыңыз. Қандай жағдайда да ылғалды киім киюге болмайды. Өйткені коронавирус ылғалды ортада төзімді болуы мүмкін.

4. Көптеген маскалар ең көп дегенде 1-2 сағат тағуға ғана арналған болады. Кейбір жағдайда масканы қолдану да көп нәтиже бермейді дейтін де мамандар бар. Не десе де, масканы ұзақ уақыт пайдаланудың пайдасынан гөрі зияны көп. Себебі сырт киім, куртка, мойынорауыштың ішінен таққан маска жиналған ылғалмен жылы жерге кірген кезде нашар иіс шығарады. Бұл сіздің ауыз қуысыңыздан шыққан жағымсыз иіс. Мұндай орта вирустың көбеюіне себеп болады. Сондықтан мүмкіндігінше көпшілік жиналған жерлерден алыс жүру қажет. Жалпы жұқпалы ауру өршіген кезде қарым қатынас жасау үшін адамдармен 1 метрдей қашықтықтан әңгімелескен дұрыс. Көптеген елдер мұны ең ыңғайлы стандарт деп көреді. Егер кімде кім түшкірініп, жөтеліп жүрсе, басқаларды қорғау үшін оларға маска тағуды кеңес етіңіз. Мұндай жағдайда 3 метрден алыс қашықтықта адаммен сөйлескен жөн және өте қажет болмаса ол адамнан қашыққа кетіңіз.

5. Үй жағдайында тазалық бөлмесі мен асханадағы барлық орамалдарды тұрақты залалсыздандырып немесе отбасы мүшесінің әрқайсысына жеке-жеке жаңа орамал берген дұрыс. Ал кеңсе жағдайында бір жолы пайдаланатын орамал, кептіргіштерді қолдану қажет. Қаншалықты тұрақты қолыңызды жуғаныңызбен таза, құрғақ орамалмен сүртпесеңіз, әртүрлі микробтар мен бактериялар таралу қаупін туғызады. Мұндай жағдайда қолды жуғаннан кейін кептірген көп жөн. Ылғалды орамал көптеген түрлі тұмау, тұмау тектес аурулар вирусының көбейетін ыңғайлы ортасы болып саналады.

6. Есікті ашқанда мүмкіндігінше қолмен ұстамаңыз. Есікті тізеңіз, аяғыңыз, иығыңыз қатарлы екі қолыңыздан басқа мүшелермен ашуға тырысыңыз. Есік тұтқасына көптеген вирустар мен микробтар жабысып қалатындықтан жоғарыда айтқандай қолғап кию қажет. Сондай-ақ тұтқаларды тұрақты залалсыздандырып, тазалап жақсылап кептіріңіз. Сатының ұстайтын жері, ұялы телефон, теледидардың басқару пульті, компьютердің пернетақтасы және тінтуірін тұрақты тазалап отырған жөн. Қайталап айтқанда, қандай затты ұстасаңыз да, сол қолыңызбен бет, көз, мұрныңызды шұқылауға мүлдем болмайды.

7. Тамақтанған кезде тек ғана өзіңізге тиесілі кесе, табақ, шанышқы, қасықты пайдаланыңыз. Ең негізгісі, балаңызға басқалардың тамақтанған кесесімен тамақ ішпеуді, шырын ішкішті алмасып пайдаланбауды ескертіңіз. Мамандар Қытайда көптеген түрлі жұқпалы аурулардың үнемі шығатын бір себебі олардың тамақты бір табақтан бөлісіп жеу мәдениетіне байланысты деп көреді. Сондықтан вирустың таралуы күшейген осындай кезде мұндай дәстүрден бас тарту керек. Себебі сіз қанша өзіңіздің қасығыңыз бен шанышқыңызбен үлкен табақтан ас алдым дегеніңізбен ол табаққа келесі бір адамның сілекейі жұққан қасығы немесе шанышқысы қайта салынатынын естен шығармаңыз. Жұқпалы аурулар күшейген кезде көпшілік тамақтану орындарына барғаннан бас тартыңыз.

8. Вирустың қайдан таралғанын ғалымдар нақты анықтағанша жан-жануарлар, балық сияқты теңіз өнімдерін пайдалануға болмайды. Шикі етті ұстаған кезде бір рет киетін қолғапты пайдаланыңыз және оны дереу жойыңыз. Тіпті оны қоқыс жәшігінде де сақтауға мүлдем болмайды.

9. Үй және кеңсенің есік терезесін ашып, ауа алмастырып тұрыңыз. Себебі вирус ауа жақсы алмасқан жерде көбейе алмайды. Бірақ қысқы уақытта бөлменің температурасын қалыпты ұстау үшін терезені көп ашып қоюға болмайды.

10. Сіз міндетті түрде ыстығы көтеріліп, қандай бір аурудың белгісі білінген отбасы мүшесін қарап отырған жағдайда маска киіңіз. Сырқаттанған адамның маскасын ауыстырған кезде бір реткі резеңке қолғаппен оны шешіп, дереу залалсыздандырыңыз. Сондай-ақ науқастың беті-қолын жуған кезде үнемі резеңке қолғап киіп, бір реткі қолданатын заттарды пайдаланған жөн. Өзіңізді қорғау үшін ұзын мойын мен етекті киім киіңіз. Егер мүмкіндік болса, сырқатты жеке бөлмеде күтіп, үй қабырғаларын тұрақты залалсыздандырып отыру қажет. Ең негізгісі, үйде науқас адам болған жағдайда ауа алмастырған кезде сол жағдайды да ескерген жөн. Бөлменің температурасының суытуы науқастың жағдайын одан ары төмендетеді.

Қытай үкіметі тәжвирусының таралуына байланысты күн сайын арнайы шаралар алып жатыр. Бұл халықына да ауыр салмақ салары анық. Егер басқа елде де мұндай жағдай болса, олар да сондай шара қолдануға мәжбүр болады. Ғалымдар бұл ауруға қарсы вакцина мен емдеу жолдарын табу үшін атсалысуда және нәтиже де жоқ емес. Сондықтан ғылым жеңіске жеткенге дейін сіз өзіңіз бен өзіңізге жақын адамдарыңызды өлім қаупінен қорғап сақтандыра аласыз. Сондықтан елмен бірге құр дүрліккеннен гөрі алдын алу шараларын жауапты түрде жүзеге асыру ең дұрыс жол болып табылады.

Foreign Policy

10 дерек

Біз ескере бермейтін ең лас 10 зат

Published

on

Дәстүрлі түрде кез-келген үйдегі ең лас саналатын дүние – унитаз. Оның әр шаршы сантиметр аумағында 2 500 бактерия тіршілік етеді. Алайда қарапайым пернетақтаданың әр шаршы сантиметріндегі бактерия саны жоғарыдағы көрсеткіштен жүздеген есе жоғары екенін білесіз бе? Демек сіз күтпеген дүниелер мен бұйымдардың кез-келгенінен қауіп төнуі мүмкін.
1. Пернетақта.

Пернетақтаның бір шаршы сантимер аумағында 500 000 бактерия тіршілік етеді. Әдетте адамдар компьютер не ноутбук алдына отырғанда, қол жуу керектігі жөнінде ойлай бермейді. Далада, үйде қолыңызға жұққан кір пернетақта бетінде қалады. Оған және шаң-тозаң мен қоқымды қосыңыз. Нәтижесінде компьютер пернетақтасы ауру тудыратын бактериялардың тіршілік ортасына айналады.

Не істеу керек?

Біріншіден, үйге кірген бойда қолыңызды жуыңыз. Екіншіден, кемінде аптасына бір рет компьютер пернетақтасын тазалауды әдетке айналдырыңыз. Аптасына бірнеше мәрте тазаласаңыз да артық етпейді.

Пернетақтаны компьютерден ажыратып, аударыңыз. Артқы жағынан ақырын ұрғылап, батырмалар арасындағы шаң-қоқымды түсіріңіз. Шаң-тозаңнан тазарту үшін, кәдімгі фенді қолдануыңызға болады. Көмекші құрал ретінде іскекті пайдаланыңыз.

Мұнан соң сабын ерітіндісін жасаңыз (бір стақан суға бірнеше тамшы жуғға арналған құрал тамызыңыз). Батырмалар мен олардың арасын түксіз мата немесе тіс щеткасымен тазалай аласыз. Тазалық жұмысы аяқталғаннан кейін пернетақтаны құрғақ матамен сүртіңіз.

2. Ұялы телефон

Күн бойына ұялы телефонымызды қайда қалдырмаймыз? Қалтамызға саламыз, жұмыс үстеліне қоямыз, кір қолымызбен де ұстаймыз. Бір сөзбен айтқанда, бір күн ішінде телефоныңызға түрлі микробтар түседі.

Не істеу керек?

Телефонды міндетті түрде аптасына бір рет тазалау керек. Сөмке немесе иыққап ішінен телефон салатын белгілі орын арнаңыз. Оған қоса телефоныңызды арнайы тазартқыш майлықпен барынша жиі тазалап сүртіңіз.

Микрофибрадан жасалған матаға қолға арналған бактерияға қарсы сұйықтықты тамызып, ұялы телефоныңызды сүртіңіз. Телефоныңыз ұзақ уақыт таза күйінде сақталу үшін, көшеде және қоғамдық орындарда құлаққап көмегімен сөйлесіңіз.


3. Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылшаның (раковина) су ағатын тесігі

Шұңғылшаның имекқұбыры – бактериялардың көбеюіне қолайлы орта. Әдетте оған тек бітеліп қалғанда немесе жағымсыз иіс пайда болғанда ғана назар аударамыз.

Не істеу керек?

Арнайы ерітінді дайындап, шұңғылшаның су ағатын тесігіне құйыңыз. Матаны полиэтиленге орап, тесігін бітеңіз де, 20-30 минутқа қалдырыңыз. Ал ерітіндіні төмендегі әдістер бойынша жасауға болады:

– Жарты стақан ыстық суға бір шай қасық ас саодасын қосыңыз.

– Жарты стақан 3-9 пайыздық ақ сірке суына бір шай қасық лимон шырынын қосамыз.

– Жарты Жарты стақан 3-9 пайыздық ақ сірке суына бір шай қасық ас содасын қосамыз.

Шұңғылшаның су ағатын тесішінде қатып қалған майлы дақтар тұз ертіндісімен (1 стақан ыстық суға 3 ас қасық тұз) тазаланады. Тазалағаннан кейін ыстық сумен шайыңыз.

Асүйді барынша таза ұстауға тырысыңыз. Жиі сүлгі мен ысқыштарды алмастырып, тоңазытқыш есігін сүртіңіз. Ет, балық, нан, жемістер мен көкөністердің әрқайсысына жеке тақта арнаңыз.

4. Тіс щеткасы

Тіс щеткасы адам ағзасы үшін қауіпті миллиондаған бактерияның тіршілік ортасына айнала алады. Таңданатын дәнеме жоқ, себебі біз күн сайын тісімізді өңез бен тамақ қалдықтарынан тазалаймыз. Уақыт өте келе щеткада миллиондаған бактерия көбейе бастайды.

Не істеу керек?

Тіс щеткасын үш айда бір ауыстырып, оларды тік қалыпта сақтау керек.

Ал щетканы залалсыздандыру үшін, құрамында спирт бар ауыз қуысын шаюға арналған сұйықтыққа малып, 30 секундқа қалдыру керек. Сонымен қатар бірнеше минут ыстық суда ұстауға немесе ыдыс жуғыш машинада жууыңызға болады. Ол үшін тіс щеткасын ыдыс жуғыш машинаның жоғарғы сөресіне орналастырыңыз. Тісіңізді жуып болғаннан кейін, тіс щеткасын міндетті түрде ыстық сумен шаюды әдетке айналдырғаныңыз жөн.


5. Кілт

Қолымызда жиі ұстайтын кілт те түрлі бактерияға толы. Біз кілтті еш уақытта тазалап, сүртпейміз. Оның үстіне қашан да кір қолымызбен ұстаймыз. Көшеде жерге түсіріп аламыз, кірлеген қалтамызда да жүреді. Нәтижесінде үйіңізге түрлі қауіпті бактерияларды тасымалдайды. Кей адамдар кілтті ойыншық ретінде балаға ұсынады. Оның бала денсаулығы үшін өте қауіпті екенін білгейсіз.

Не істеу керек?

Үйіңізге келген бойда қолыңызды жуып, артынша кілтті антисептикалық майлықпен сүртіңіз. Бактериялар үйіңізде тарамауы үшін, кілтті арнайы кілтсалғышта сақтаңыз.

6. Әмиян мен ақша

Орташа есеппен қағаз ақшаның әр шаршы сантимтерінде шамамен 30 000 бактерия тіршілік етеді. Ақша қаншалықты ескі болса, ондағы бактериялар да соншалық көп. Оның бетінде Кох таяқшалары, гельминт, туберкулез және миқұрт дертін қоздырушылар болуы ықтимал. Яғни ақшамен төлем жасаған кезде бактерия алмасамыз.

Не істеу керек?

Ақша ұстағаннан кейін қолыңызды жуыңыз не арнайы зарарсыздандыратын құралмен сүртіңіз. Ақшаны қалтаңызда емес, әминда сақтағаныңыз абзал. Сонымен қатар оларды тамақтанатын үстелде, төсекке не диванға қоймаңыз. Әминды үнемі белгілі бір жерге қоюға дағдыланыңыз. Және антисептикалық майлықпен сүртіп тұрыңыз.

7. Кілем

Кәдімгі кілемнің шаршы сантиметр аумағындағы бактерия унитаздың дәл осындай аумағындағы бактериядан 4 000 есе көп. Кілемнің түкті беті түрлі бактериялар, шаң-тозаң кенесі мен терінің өлі жасушаларының жиналуына жағдай туғызады.

Не істеу керек?

Шаңсорғыштың көмегімен тұрақты түрде кілемді тазалаңыз. Дақтар мен шаңнан тазалау үшін, 1 литр суға 2 шай қасық мүсәтір спиртін қосыңыз. Ерітіндімен щетканы сулап, кілемді тазалаңыз.мұнан соң бөлмені желдетіп, кілемді кептіріңіз.

Сонымен қатар кәдімгі ас содасы да кілем мен төсенішті терең тазарта алады. Оны құрғақ және ерітінді (бір стақан суға бір ас қасық ас содасы) күйінде қолдана аласыз. Ерітіндіні кілемге жағып, 40 минутқа қалдырыңыз. Мұнан соң шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұл әдіс арқылы кілемді кірден тазартып қана қоймай, түсін жаңартасыз.


8. Ауыз үй

Даладан сізбен бірге келген миллиондаған бактерия алдымен ауыз үйге жайылады. Оған қоса, әдетте үй жануарлары ауыз үйде болғанды ұнатады. Салдарынан бактерияларды жиһаз, үстел, кілемге таратады.

Не істеу керек?

Алдымен ауыз үйге арналған арнайы кілемше сатып алыңыз. Аяқ киіміңізді тек кілемшенің үстінде шешіңіз.

Кілемшені аптасына бір рет жуғыш құрал қосылған ыстық сумен жуу керек. Үйіңізге кірген бойда аяқ киімдерді реттеп қойыңыз. Ауыз үй еденін күнделікті зарарсыздандырылған құрал қосылған сумен жуыңыз.

9. Жуынатын бөлмедегі перде

Бактериялар ылғал ортада жылдам көбейеді. Жуынатын бөлмеге арналған перде жиі көгереді. Себебі жуынған кезде пердеге шашыраған сабынды суды жеткілікті санағандықтан, пердені мүлдем жумаймыз.

Не істеу керек?

Жуынатын бөлмеге арналған пердені айына бір рет тазартып отырған жөн. Полиэтиленнен жасалған пердені винильді түріне алмастырыңыз. Себебі ол жиі көгермейді. Сонымен қатар мұндай пердені кір жуғыш машинада 40 градуста жууға болады. Ал полиэстерден жасалған пердені ысқышпен сүртіп алсаңыз жеткілікті.

Пердені бекіткіштерімен бірге тұзды суға салып қойыңыз. Ол зеңнен құтылуға көмектеседі. Егер перде су өткізбейтін матадан жасалса, құрамында хлор бар ағартқыш құралдың әлсіз ерітіндісіне салып қоюға болады. жуынғаннан кейін пердені де құрғатып сүртіңіз. Және жуынатын бөлмені жиі желдеткеніңіз абзал.

10. Ыдыс жуғыш және кір жуғыш машина

Аталған екі техникалық құрал тазалық сақтауға арналғанымен, олар да түрлі бактериялар шоғырланатын қолайлы орта тудырады.

Не істеу керек?

Жарты жылда бір ыдыс жуғыш машина есігін нығыздауышты өндіруші ұсынған арнайы құралмен тазалаңыз. Зең пайда болмауы үшін, күнделікті машинаның камерасын, есігін, нығыздағышы мен бастапқы тазарту сүзгісін сүртіп отырғаныңыз абзал.

Есігінің төменгі бөлігі мен төсеніштер арасын үнемі жуыңыз. Қолданғаннан кейін ыдыс жуғыш машинаның есігін ашық қалдырып, әбден құрғағанын күтіңіз.

Ал кір жуғыш машинаның ағызатын сүзгісін ағын су астында жууға арналған құралмен жуыңыз. Және кір жуғыш ұнтақ салатын тартпасын да таза ұстаңыз.

Кір жуғыш машинаны зең мен бактериядан тазарту үшін, кейде оттекті ағартқыш құралдарды пайдаланыңыз. Немесе ұнтақ салатын тартпаға 100 мл зарарсыздандыратын құрал құйып, мақта матадан тігілген асүй сүлгілерін жуыңыз.

Техниканы толық залалсыздандыру үшін, ең болмаса айына бір рет барлық алмалы-салмалы бөлшектері (сүзгіш, кір жуғыш ұнтақ салатын тартпа, ағызатын құбыршек) мен есік нығыздағышын жақсылап жуғаныңыз дұрыс.

Continue Reading

10 дерек

Зайд халықаралық мектебі туралы 20 дерек

Published

on

KAZNEWS – Шейх Зайд деген кім? Зайд мектебі қалай құрылды? Қазіргі деңгейі қандай? Мектеп ашылғанға дейін ғимараты 5 жыл бос тұрғаны туралы білесіз бе? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін сізге төменгі 20 дерек көмектеседі.

Picture

ДЕРЕК 1

Баян-Өлгий аймағының Өлгий қаласындағы Заид ибн Сұлтаналь- Наһъян атындағы мектеп 2014- 2015 жылғы оқу жылында ашылған.

Picture

ДЕРЕК 2

“Заид қоры” 1991 жылы құрылған. Негізгі капиталы 3 млрд 671 миллион дирхамды құрайды.

Picture

ДЕРЕК 3

Шеих Заид деген кім?
Шеих Заид ибн Сұлтанәл- Наһъян 1918 жылы дүниеге келген. Ол-Шеих Сұлтан ибн Заид ибн Халифа аль Наһъянның кіші ұлы. 1946 жылы Шеих Заид ибн Сұлтан аль- Наһъян Абу Дабидің Шығыс өлкесінің губернаторы болып тағайындалады. Сол кезде ‘Petroleum Development’ атты компания Абу Дабидің шығысына жағрафиялық барлау жасап, мұнайдың кенін табады. 1962 жылдан бастап мұнайды ел игілігіне пайдалана бастайды. Шеих Заид осынау қара алтын қорының халық игілігіне жұмсалуына қатаң бақылауқойып жұмыстайды. Ол- билік басына келгеннен кейін туған өлкесі қарқынды түрде дам ибастайды. Су құбырларын тартып, кәсіптік егін шаруашылығы қарқынды түрде гүлдене бастайды. 1971 жылы Біріккен Араб Әмірлігі орнап, Заид жаңа орнаған мемлекеттің Президентіне тағайындалады. Шеих Заид өз тұсының ең даңқты қоғам қайраткерлерінің бірегейі бола білді. Оның игілікті ісін үлкен ұлы Халифа ибн Заид аль- Наһъян (Khalifa bin Zayed Al Nahyan) жалғастыруда.

Picture

ДЕРЕК 4

Мектептің негізін қалаушысы кім?

Баян-Өлгий аймағындағы Зайд халықаралық мектебінің ресми ашылуы 2014 жылы қазан айының 13 күні болған. Мектептің іргетасын “Қазақ қоры” және “Моңғолия мұсылмандар қоғамының” төрағасы, дипломат Сайран Қадырұлы қалаған. Мектеп ашылғанға дейін ғимараты 5 жыл бос тұрған.

Picture

ДЕРЕК 5

Мектеп ашылған күні оқушы саны 222 болған. Қазір 465 бала білім алады.

Picture

ДЕРЕК 6

Директоры кім?

Зайд халықаралық мектебінің директоры болып Жолаушыбай Зұлхарнайұлы жұмыстайды.

Picture

ДЕРЕК 7

Заид мектебі орналасқан Өлгий қаласының 6, 9, 10-бақтарында барлығы 12000 тұрғын өмір сүреді. Бұл аумақта осыған дейін балаларға білім беретін бір ғана мектеп болған. 

Picture

ДЕРЕК 8

Денешынықтыру пәнінің ұстазы Х.Әбдіғажының дайындаған спортшылары 5 жылда спорттың барлық түрінен 34 кубок жеңіп алған. Шәкірті Жандосұлы Ғасыр-әлі волейбол спортының мастері атанды.

Picture

ДЕРЕК 9

Бастауыш сыныптарға арналған “Түскі ас” бағдарламасы заманауи талапқа сай мектеп асханасында тиімді жүзеге асуда.

Picture

ДЕРЕК 10

5 жылдық тарихы бар Зайд мектебі ілестіру емтиханнан аймақтық 43 мектептен 2 –орын, мемлекеттік түрлендірілген олимпиададан 2- орын иеленген.

Picture

ДЕРЕК 11

2018- 2019 оқу жылында 9-сынып оқушысы Нұрсұлтанұлы Талант мемлекеттік түрлендірілген олимпиадаға орыс тілі пәні бойынша қатысып аймақ көлемінде 1- орын, ал мемлекетте 3- орын иеленген.

Picture

ДЕРЕК 12

Қазір мектепте 1 директор, 1 орынбасар директор, 2 менежер, 1 әлеуметтік қызметкер, 33 мұғалім, 23 жұмысшы қызметкер жұмыстайды.

Picture

ДЕРЕК 13

12- сынып оқушысы Арғынбекұлы Нұрқасым 2019 жылы қазан айында Батыс зоналық орыс тілі олимпиадасына табысты қатысып 1- орын еншіледі.

Ал 2015 жылы өткен Мемлекеттік деңгейдегі Физика пәнінің топтық олимпиадасына қатысқан Н. Толқын, В. Бақытберді, С. Дархан, Б. Еламандар 3- орын иеленген.

Picture

ДЕРЕК 14

2015 жылы қаңтарда жүрілген Моңғол мемлекетіне Еңбек сіңірген ұстаз , математика ғылымының докторы, профессор Әбішұлы Мекей атындағы батыс зоналық математикалық олимпиадаға қатысқан 3- сынып оқушысы Жолаушыбай қызы Бәтима қола медаль иеленіп, 6-сынып оқушысы Х. Адил 4- орын , 7-сынып оқушысы К. Күнтуган 5- орынды еншіледі.

Picture

ДЕРЕК 15

2018 жылы маусымда Зайд мектебінің директоры З. Жолаушыбай және менежер Т. Нұрымгүлдер Швейцарияға іс-сапармен барып, білім саласын зерттеп қайтты. Сонымен қатар 2019 жылы маусым айында Түркияға 15 ұстаз тәжірибе алмасу бойынша барып келді.

Picture

ДЕРЕК 16

Мектептің 20-ға жуық ұстаздары Ресей Федерациясының Горно- Алтайск қаласының бірнеше мектептерінде болып көптеген тәжірибе жинақтаған.

Picture

ДЕРЕК 17

Мектеп маңайын көгалдандыру мақсатында 366 ағаш отырғызылған. 

Picture

ДЕРЕК 18

Мектептің жеке автобусы мектепке алыс орналасқан аумақтардан келіп оқитын оқушыларды күнінде 6 кезекпен белгіленген сағат бөлісі бойынша тасымалдайды.

Picture

ДЕРЕК 19

Зайд мектебінде 2015-2016 оқу жылынан бастап “Герман тілінің дипломдық мектеп” жобасын жүзеге асыру жұмыстары жасалуда.

Picture

ДЕРЕК 20

2019 жылы қазан айында неміс тілінің ұстазы С. Айгерім,12- сынып оқушылары М. Күннұр, М. Назира, 11- сынып оқушысы Х. Тілекберділер Швейцарияның Люцерн(Lüzern), Вергхоф(Berghof) қалаларында оқушы алмасу жобасына қатысты.

Continue Reading

10 дерек

Дмитрий Медведев туралы 10 дерек

Published

on

Ресей Федерациясының Президенті, Премьер минситрі қызметін атқарған Д.Медведев туралы 10 деректі Казньюс ақпараттық агенттігі ұсынады.

Picture

Дерек 1

Дмитрий Медведев 1965 жылы 14 қыркүйекте Ленинградта дүниеге келген.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 2

Ресейдің үшінші президенті. 2008 жылдың 2 наурызында өткен президент сайлауында Д.Медведев халықтың 70,28 пайыз даусына ие болып, жеңіс тұғырына көтерілді. 42 жасқа аяқ басқан Дмитрий Медведев Ресейдің соңғы 100 жылғы тарихындағы ең жас басшы болып отыр.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 3

2012 жылдың 8 мамырынан бастап 2020 жылдың 15 қаңтарына дейін Ресей Федерациясының Премьер министрі қызметін 8 жыл бойы атқарды.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 4

Ресей Федерациясы Үкіметінің 10-шы төрағасы ретінде тарихта қалды.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 5

Дмитрий Медведев Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл лауазым бұған дейін болмаған. Ол Президент В.Путиннің жарлығымен құрылды.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 6

Ол 2012 жылдан бері “Единая Россия” яғни Біртұтас Ресей партиясын басқарып келді

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 7

Біртұтас Ресей партиясының 3-ші төрағасы.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 8

Блогерлер оны «Димон» деп атайды. Д.Медведеев өзін «Димон» деп атайтындарға ренжімейді. Өйткені кішкентай кезінде солай еркелеткен.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 9

Алғаш Санкт-Петербург мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2020-02-29 06:06

Picture

Дерек 10

Жұбайының есімі Светлана Владимировна Медведева (Линник)

2020-02-29 06:06

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...4 weeks ago

Клаус Шваб: Төртінші индустриялық революция

Авторы: Клаус Шваб Аудармашылар: Ақыш Н.Б., Бимендиева Л.Ә., Матыжанов К. І. Ілкі бағдарламаны төрткүл әлемнің небір ақылгөйлері мен даналарының таңдайын...

Әлемде4 weeks ago

Фото: Маскалы әлем

KAZNEWS – Коронавирустық инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 9000-нан асып, Қытайда 213-і көз жұмған. Дүниежүзінде аталмыш вирус Қытайдан бөлек 18 елде...

Әлемде4 weeks ago

Қазақстан Қытаймен 72 сағаттық визасыз режимін уақытша тоқтатты

Қытай азаматтарына қатысты 72 сағаттық визасыз режим туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес, Қытай...

Әлемде1 month ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде1 month ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде2 months ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде2 months ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде3 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Басты назарда