Connect with us

Әлемде

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Published

on

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege ақпараттық агенттігі.

2019 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында тіркелген қауіпті вирус соңғы 17 жылда жүздеген адамның өмірін жалмаған. Бұрын SARS-CoV және MERS-CoV деп аталған вирусқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2019-nCoV деген жаңа ат берді.

SARS және MERS вирусымен ауырғандар мұны жануардан жұқтырған. Жануардың ағзасындағы вирус генетикалық мутацияға ұшырап, адамға жұққан. Ғалымдардың айтуынша, SARS және MERS вирусының алғашқы тасушысы жарқанат болса, одан кейін түйеден және цивет деп аталатын мысықтұқымдас жыртқыштан жұққан.

Енді ғалымдар осының бәрін тексере келе жарқанаттан табылған 2019-nCoV коронавирусын адам баласына жыланнан жұққанын айтады. Зерттеу нәтижесі вирустың эпицентрі ретінде танылған Ухан қаласының көтерме базарындағы сатылған өнімдердің арасынан таралғанын растайды. Айта кету керек, Хубэй провинциясындағы шамамен 7,5 млн адам тұратын Хуанған қаласы мен миллион тұрғыны бар Эчжоу қаласы да оқшауланды.

Адам өліміне әкелген вирус улы шұбар ала жылан (крайт) және кобрадан тараған дейді ғалымдар. Жыланның осы түрі Ухан базарында сатылған екен. Бұл вирус ауамен тарайды. Әуелі жоғары тыныс алу мүшелеріне жабысқан дерт асқазанға түседі. Бұл SARS және MERS вирусына қарағанда суық тиюдің асқынған түрі ретінде өкпені қабындырады. Жөтел күшейеді.

Қазір вирус Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ және Таиландта тіркеліп үлгерді. Қытай Денсаулық сақтау ұлттық комиссиясы вирусты асқындырмаудың жолын іздеуге көшті. Ресми Пекин жаңа жылды тойлаудан бас тартты.

Әлемде

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

Published

on

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын талқылады. Сонымен қатар, кездесуде Моңғолияда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесі және алдағы уақыттарда бірлесіп атқарылатын жобалар бойынша пікір алмасты.

Елші мырза Академия жұмысына ризашылығын білдіріп, жоспарланған істерге сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Моңғолия елшісіне Академия басып шығарған іргелі ғылыми еңбектерді тарту етті.

Айта кету керек, бүгінге дейін Халықаралық Түркі академиясы алтаистика және моңғолтану бағытында отыздан астам еңбек дайындап, «Алтаистика, түркология, монголистика» журналын тұрақты шығарып келеді.

Continue Reading

Әлемде

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Published

on

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі мен тербелісінің айғағы. Аумалы-төкпелі заманның бүркемеленген шын бейнесін біз осы ғасыр жасаған халық үнімен зерделі санамен сүзгілеп алмақпыз. Мұнда ашкөздің жымысқы саясатынан аш өзегіне түсім бұралған миллиондаған қазақтың зары бар, жазықсыз жапа шеккен зиялылардың “Оян, қазақтаған” ұраны бар. Ақтандақтардың ақадал төгілген қаны мен көктей орылған жасы бар. Бәрі- бәрі… бар!!! Кей шындық тікелей айтылмаған да болар (жоғарының заһарынан қаймығып) бірақ, бойды бұғып қалғаны жоқ. Астарлы түрде алаштың жүрегіне жол тартқан ақиқаттар қаншама!? Қазақтың ұлттық театр өнерінің негізін салушы Жұмат Шаниннің Мәскеуді дүркіретіп, кәрі құрлықтың құлағын түргізген театр оркестрінің дабылы, асқақ үні, көмейіне бұлбұл ұялаған әнші Әміренің Парижді балқытқан әсем әуезді дауысы және де көптеген өнер майталмандары мен әдебиет-мәдениет дарабоздарының естелікке толы ең қымбат мұралары осы қасиетті де қастерлі қазақ радиосының “алтын қорында” сақтаулы. Қасіреті қан құстырған қырқыншы жылдардағы қанқұйлы соғыстың біткенін жариялап, халықтан “сүйінші сұраған да осы “ақжолтай” радио!

Бүгінде еліміздің ең ірі ақпарат жүйесіне айналып отырған аталмыш радионың тарихына қысқаша тоқталсақ. 1921 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімімен құрылған радио бір ғасыр бойында Қазақстан, ТМД, сондай-ақ шет елдердегі тыңдармандарының сенімді ақпарат көзіне, көңілінің кілтін табар көзайымына, жігер берер ұраншысына айналды. Ғасырлық тарихын «бойтұмарындағы» 1921 деген санның өзі айқындап тұрады. Радионың басым бағыты еліміздегі демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді ашық көрсету, міндеті – мемлекеттік саясатты елді- мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу. Әлеуметтік («Жан жылуы», «Алаң», «Бармысың, бауырым?», «Әлеумет»), қоғамдық- саяси («Өз сөзім», «Алаң», «Алашнама», «Бәйтерек»), рухани-мәдени («Інжу- маржан», «Дәуір үні», «Терме», «Қауырсын қалам», «Бұл – менің жүрегім»), сауықтық-көңілашар («Қайырлы таң, Қазақ елі!», «Армандастар», «Ән салайық», «Ән шеру – жұлдыздар лигасы», «Көркемдік кеңес») бағдаламаларымен қоса 30 шақты Алматы студиясының хабар орталықтары халыққа қызмет көрсетіп келеді (Қазақ мәдениеті, энциклопедиялық анықтамалық, Алматы «Аруна Ltd», 2005).

Қым-қуыт тіршілік. Сонымен алысып атар таң, жарысып батар күн. Сол аралықта бір сәт радио тыңдап жүрсіз бе? Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухани-мәдени бағыттағы «Шалқарды», жастар мен елорданың тыныс тіршілігіне арналған «Астананы», классикалық музыка мәдениетіне құмартсаңыз «Классикті», ал жалпы ұлт пен әлеуметтің, қоғамның түгел дерлік саласынан қапы қалғыңыз келмесе, серіктестіктің құрамындағы негізгі «Қазақ радиосын» қосыңыз. Мүмкін сіз іздеп жүрген сұрақтарға жауап сонда?! Бәлкім өнбей жүрген ісіңіздің кілтін табарсыз?! Әлде сіз жасар ұлы жаңалықтың шоғын үрлеп жіберер?!

Қорыта айтқанда, әр ақпарат бүтін бір қазақтың, қалаберді адамзаттың игілігіне арналған. Тарихтың сырлы үнін, жарқын да көлеңкелі тұстарын шындықты ту ете жырлаған, елдің рухани дамуына ықпал етіп отырған қазақ радиосының 100 жылдығы құтты болсын!

Жазған: Жалгасова Алия Базарбайқызы, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ филология
факультетінің Тіл білімі кафедрасының 1-курс студенті
Жетекшісі: Козыбакова Фатима Акынбаевна, Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Continue Reading

Әлемде

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

Published

on

Reuters

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймағы бюросының басшысы Ханс Клуге мәлімдеді.

Халықаралық ұйым өкілінің айтуынша, 2021 жыл да коронавирус жылы болады, бірақ жағдай былтырғыға қарағанда едеуір жақсарады.

“Нашар сценарий артта қалды. 2020 жылмен салыстырғанда вирус туралы көбірек білеміз”, – деді Клуге.

Сонымен бірге ол өзінің болжамын ғана айтқанын және пандемиямен байланысты жағдайдың қалай дамитынын ешкім болжай алмайтынын ескертті.

“Вирус қалады, бірақ шектеулер қажет болмайды деп ойлаймын. Бұл оптимистік хабарлама”, – деді ДДҰ өкілі.

22 ақпандағы ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде COVID-19-ды 110 974 862 адам жұқтырған, оның ішінде 2 460 792 адам өлім құшты. Ең көп науқастар АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелді.

Continue Reading

Әлемде

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

Published

on

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан әуежай жолаушыларға толды.

Өткен жұмадан бастап үздіксіз жауған қар шаһар тұрғындарын әбігерге салуда. Синоптиктер бұған дейін Мәскеуге 1973 жылы қалың қар жауғанын айтады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде2 days ago

Халықаралық Түркі академиясының басшысы Моңғолия елшісімен кездесті

05 наурыз, KAZNEWS. Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Лувсангийн Баттулгамен кездесті. Кездесу...

Дерек5 days ago

«Отандастар қоры» КеАҚ Вице-Президенті Алғыс айту күніне құттықтау жолдады

Армысыздар, ардақты ағайын! Құрметті отандастар! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 5 жылдан бері айрықша құрметпен...

Әлемде1 week ago

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі...

Reuters Reuters
Әлемде2 weeks ago

ДДСҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін айтты

23 ақпан, KAZNEWS. Коронавирус инфекциясының жаңа түрінің пандемиясы 2022 жылдың басында аяқталады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық...

Дерек2 weeks ago

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған?

18 ақпан, KAZNEWS. Казньюс ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.  Балаларға тарихи тұлғалардың есімдерін...

Дерек3 weeks ago

2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз

16 ақпан, KAZNEWS. 2021 жылғы қаңтар айында жарияланған ақпараттарға шолу ұсынамыз.

Әлемде3 weeks ago

Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсті

14 ақпан, KAZNEWS. Ресей астанасы Мәскеуге жарты ғасырдан бері жаумаған қалың қар түсіп жолдар жабылып, рейстер бөгеліп қалды. Cоның салдарынан...

Дерек4 weeks ago

2021 жыл атаулы күндерге толы

8 – ақпан, KAZNEWS. 2021 жылы атаулы күндерге толы болмақ. Бұл даталарды атап өту ең алдымен халық мұрасын, құндылықтарын, танымал...

Басты назарда