Connect with us

Мәдениет

Жас композитор екі тілде де ән жазады

Published

on

Дереккөз: Azattyq.org

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында тұратын Бердібек Дәулетбекұлы елдегі танымал “Mongolia’s got talent” (Моңғолия таланттары) телешоуына қатысып жатыр. Жас әнші, композитор Азаттыққа берген сұхбатында өнерге қалай келгені туралы, болашақ жоспары жайлы айтып берді.

Моңғолияның мемлекеттік телеарнасындағы “Mongolia’s got talent” (ұлыбританиялық продюсер Саймон Коуэлдің әлемдік “Got Talent” жобасының франшизасы – ред.) конкурсының бірінші турында Бердібек Дәулетбекұлы қазақ және моңғол тіліндегі әнді айтты. Төрт әділқазы да Бердібектің өнерін оң бағалап, келесі турға өткізді. Телеконкурстың екінші турында барлығы 32 қатысушы бақ сынайды.

АЛҒАШҚЫ ӘНІН 21 ЖАСЫНДА ЖАЗҒАН

26 жастағы Бердібек Дәулетбекұлы Моңғолияның Баян-өлгей аймағы Баяннуур ауданында дүниеге келген. Ол Улан-Батордағы өнер академиясын “хор дирижері” мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір қаладағы орта мектептердің бірінде музыка пәнінен сабақ береді. Одан бөлек, қазақ және моңғол тілінде ән жазады. Моңғолша әндерін сатып, пайда табады.

Бердібек Дәулетбекұлының “Mongolia’s got talent” телешоуындағы өнері

Бердібек оқушы кезінде мектептегі концерттерде ән айтып, мерекелік шараларға жиі қатысатын. Бірақ музыкант болу деген ой “үш ұйықтаса да түсіне кірмеген”. Мектеп бітірген соң әкесінің жолын қуып, экономист мамандығын оқымақшы болған.

– Орта мектепті бітіргеннен кейін жоғары оқу орнына құжат тапсырайын деп аймақ орталығына (Өлке қаласы – ред.) келдім. Мектепте де [экономика] бойынша дайындалдым. Бірақ жанымда еріп жүрген жездем құжаттарымды алды да, Өнер академиясына тапсырып жіберді. “Шоу менеджменті” саласы бойынша оқуға түстім. Бір жылдан кейін сабақ беретін ұстаздармен ақылдаса келе “хор дирижері” бөліміне ауыстым, – дейді ол.

Бердібек Дәулетбекұлының "Mongolia’s got talent" телешоуына қатысып жатқан сәт.

Бердібек Дәулетбекұлы ең алғашқы әнінін 21 жасында жазғанын айтады. Кейін бірге оқитын студенттердің ұсынысымен моңғол тілінде ән жаза бастаған.

– Бірге оқитын қатарластарым “сен ән жазады екенсің ғой. Моңғолша ән жазшы. Қазақ моңғолша ән қалай жазады екен” деп үгіттеді. Моңғол әндерінің құрылымы жеңіл. Бес нотаның көлемінде, музыка тілімен айтқанда – пентатоник. Алғашқы жазған әнім айналамдағы достарыма қатты ұнады. Бұл маған шабыт сыйлады. Екі тілде де ән жаза бастадым, – дейді ол.

“МОҢҒОЛИЯДА ӨНЕРМЕН ЖАҒДАЙЫН ЖАСАҒАН ҚАЗАҚ ӘНШІ АЗ”

Бердібек Дәулетбекұлы студент кезінде түрлі конкурсқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Жас композитордың моңғол тіліндегі әндері көп. Оның моңғол тіліндегі шығармаларын Моңғолияның танымал әншілері де орындайды.

– Моңғолиядағы қазақ әншілеріне ән жаздырып, оған клип түсіру өте қиын. Өйткені әнді сапалы өңдейтін қазақ маман аз. Бар болғанның өзінде өте қымбат. Моңғол тілді ән өңдеушілер қазақ әнінің табиғатын түсінбейді. Бұл – бір. Екіншіден, Моңғолияда тек өнердің айналасында жүріп көтерілген, жағдайын жасаған қазақ әншілері аз. Көп әншілеріміз басқа кәсіпте жүр. Әйтпесе, әнімді орындаймын деген қазақ әншісі болса, тегін берер едім. Үшіншіден, елде моңғол ұлтынан шыққан мықты әншілер көп және олардың әлеуметтік жағдайлары да жақсы, – дейді ол.

Бердібек Дәулетбекұлы (сол жақта) Моңғолияның танымал әншісі Самадын Жавхланмен бірге. (Сурет Бердібек Дәулетбекұлының жеке мұрағатынан алынды)
Бердібек Дәулетбекұлы (сол жақта) Моңғолияның танымал әншісі Самадын Жавхланмен бірге. (Сурет Бердібек Дәулетбекұлының жеке мұрағатынан алынды)

Ол Моңғолиядағы жас қазақ композиторларының әндері моңғол әуендеріне ұқсап бара жатқандығын да мойындайды.

– Мысалы, Қытай қазақтарының әндерін тыңдап отырсаңыз, қытай әуендерінің иірімдері сезіліп тұрады. Өйткені қоршаған орта міндетті түрде ықпал етеді ғой. Сол секілді менің де әндерімде моңғол музыкасының ықпалы бар екенін сеземін. Өйткені өскен ортам, алған білімім, тіпті ішіп жүрген суым мен жұтып жүрген ауам да осы жердікі ғой. Мен одан қашып құтыла алмаймын, – деді жас әнші.

Жас сазгер болашақта Қазақстанға келіп оқып, білімін одан әрі жетілдіруді армандайды.

Бердібек Дәулетбекұлының “Ғазиз ана”, “Біз біргеміз”, “Сезім гүлі”, “Наурыз” сынды шығармалары жергілікті қазақтар жиі айтады.

Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

Мәдениет

Домбырамен үйлескен ағылшын әні

Published

on

Әйгілі Rod Stewartтің – “Sailing” әнін Бай-Өлкелік дарынды Көгершіндер отбасы туристерге орындап берді. Бүркіттің дыбысы да әсер беріп тұр деп жазады блогер Нұрбол Ханағатұлы.

I am sailing, I am sailing,
home again ‘cross the sea.
I am sailing, stormy waters,
to be near you, to be free.

I am flying, I am flying,
like a bird ‘cross the sky.
I am flying, passing high clouds,
to be with you, to be free.

Can you hear me, can you hear me
thro’ the dark night, far away,
I am dying, forever crying,
to be with you, who can say.

We are sailing, we are sailing,
home again ‘cross the sea.
We are sailing stormy waters,
to be near you, to be free.

Continue Reading

Мәдениет

Түркиялық әнші Айбен Ерсой: Көзімнің қарасы

Published

on

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын Қазақстанмен бірге бауырлас елдер де атап өтуде. Мерейтой аясында түркиялық әнші Айбен Ерсой Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін шырқап, клип түсірді.

 

Continue Reading

Мәдениет

Аука – Не могу (әйеліме арнаймын)

Published

on

KAZNEWS – Қазақстан сахнасында Аука лақап атымен танымал болған Ауғантай Исаның жаңа әні Не могу (әйеліме арнаймын) деп аталады. Моңғолияда туып өскен жас әншінің өнерін тамашалап көріңіздер!

Не могу (әйеліме арнаймын)
Жатсамда қасымдасың
Ұйқымнан мен тұрсамда
Қасымда боласың сен
Мен мұңайып жабыққында
Мен сені сүйемін деген сөзім
Сені ерітеді
Менде деген жауабың мені елітеді
Сен үйде қаласың күнде
Мен жұмысқа кейде кетемін
Кейде сен түсінбейсің
Жұмыстың қйын екенін
Сеніде түсінемін
Үй шаруасы оңай емес
Бір есе бала бір есе тамақ
Жасап жүргенде болады кеш
Қ/сы
Әйеліме арнаймын осы әнді
Қисыны келмеседе сөздері мәнді
Мен сені жақсы көрем
жәнеде i love you
Өмірім сенсіз мәнсіз
Без тебя я
Не могу не могу

Көшеде кетіп барамын қасыңда
Әйелім бар ешкімнен жасырмайм
Көшеде кетіп бара жатқанымда
Кездестім бір қызбен бір қызбен
Ей қарындас атың кім ?
Менің атым Аука
Номеріңді жазып алам если ұнасаң
Бері кел танысайық
Киноға барысайық деп айта алмайм
Қ/сы

Continue Reading

Мәдениет

Байыт Қабанұлының бес туындысы француз тілінде жарық көрді

Published

on

KAZNEWS – Ақын, жазушы Байыт Қабанұлының монғол тілінде жазылған «Анашым менің», «Кішкентай әлем», «Тор ішіндегі еркіндік», «Сыю туралы өлең», «Көктемнің қызғалдағы» қатарлы бес өлеңі француз тіліне аударылып «Éditions Jentayu» журналына жарияланды.

Бұл журналға Байыт Қабанұлынан басқа Монғолияның осы заман әдебиетіндегі үш буын өкілдері: Ч.Галсан, С.Оюун, Б.Догмид, Г.Мэнд-Ооёо, Ц.Түмэнбаяр, Д.Батжаргал, Байыт Хабанұлы, Г.Бямбажав, Ц.Бавуудорж, М.Уянсүх, Г.Аюурзана, Б.Эрдэнэсолонго, П.Батхуяг, Б.Ичинхорлоо, Ц.Доржсэмбэ, Б.Цоожчулуунцэцэг, Б.Золбаяр, О.Мөнхнаран, Д.Эрдэнэзулай, Ц.Ариунтуяа қатарлы ақын, жазушылардың таңдамалы туындылары да қамтылған.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде2 weeks ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде1 month ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Әлемде1 month ago

Президент сайлауын пошта арқылы өткізуге дайындалып жатыр

Польша үкіметі пандемия аяқталмаса да, 10 мамырда президенттік сайлау өткізуге тәуелкел етіп отыр. Сайлау белгіленген күнді өзгертпейтін болды. Пошта арқылы...

Әлемде1 month ago

Әлемдегі ең таза қала аталды

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, – деп хабарлайды Tengrinews .kz. Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік...

Әлемде1 month ago

Атажұрттағы аталылар шаңырағы

“Атажұртым шалғайда, Асыға жетер күн қайда?” -деп аталар әңгімесін бастағанда буырыл сақалдары сағыныштың мөлдір кермегіне малшынып шыға келуші еді. Құтты...

Әлемде2 months ago

Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр

Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін. Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал...

Кітаптан үзінді...2 months ago

KFC қалай пайда болды?

Жылдам дайындалатын Кентуккилік қуырылған тауық етін әлемде білмейтін адам жоқ. Kentucky Fried Chicken (KFC) атауы айтып тұрғандай бұл тағамның шыққан...

Статистика

  • 185
  • 13,708
  • 145,448

Басты назарда